Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



бет14/14
Дата05.06.2017
өлшемі3,06 Mb.
#18043
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 58. Ұлттық теңге-мақтанышымыз.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеті туралы мағлұмат беру, теңгенің ел экономикасында алатын орнын анықтау.

  • Дамытушылық: оқушылардың теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.

  • Тәрбиелік: өз елінің мәдени-экономикалық құндылықтарын құрметтеуге үйрету, тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, патриоттық, азаматтық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Пән аралық байланыс: құқық

Көрнекілік: Банкноттар (теңге).

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Алдымен жоспар бойынша ұйымдастыру кезеңін өткіземін. Бұдан кейін өткен сабақты қайталау мақсатында үй тапсырмасын тексеруге кірісемін.

Ең алдымен үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар қоямын.

1. Рәміз, белгілер не үшін керек?

2. Тулар тарихы қай кезден басталады?

3. Еліміздің туы шетелде қандай жағдайда көтеріледі?

4. Бұрынғы қазақ тайпаларының таңбалары туралы не білесіңдер?

5. Бұрынғы кезде қазақтар қандай жағдайда ұран шақырған?

6. Халқымызда ерлікке шақыратын қандай әндерді білесіңдер?

Бұдан кейін үш оқушыға еліміздің елтаңбасы мен туы, әнұраны жайында қысқаша сипаттама жасатамыз.

Соңында оқушылардың жауабын одан әрі толықтыра отырып өткен сабаққа, үйге берілген тапсырмаға қорытынды жасаймын.

III. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазып қоямын. Алдымен оқушыларды сабақтың негізгі мақсатымен таныстырып, өткен сабақтың тақырыбы өздеріне мәлім екенін ескертіп өтемін.

Тақырыпты түсіндіру жоспары:

1. Нумизматика ғылымы.

2. Теңгенің шығу тарихы.

3. Теңгенің рөлі.

«Теңге» деген жазуы бар плакатты тақтаға іліп қоямын. Оқушыларға түрлі түсті қағазға теңгеге қатысты бір-бір сөз жазуды тапсырамын. Оқушылар сөз жазған қағаздарын плакатка жапсырады.

Осыдан кейін жалпылама сұрақ қоямын.

Ақшаның адам өмірінде алатын орны қандай?

Оқушылардың пікірін тыңдап ары қарай жаңа сабақты түсіндіремін.

Ақша адам баласы үшін аса қажетті зат. Ол айырбас ретінде, қандай да бір қажетті заттың орнына беретін ақы ретінде қолданылады. Ақшаның тарихы тым тереңде, сонау тас дәуірінде жатыр. Ол кезде ақшаның орнына түрлі заттарды қолданған.



Нумизматика - ақша, теңгені, оның тарихын зерттейтін ғылым.

Осы жерде оқушыларға әлемнің біраз мемлекетінің қазіргі кезде қолданыста жүрген валюталарын жаздырамын.

Мысалы: АҚШ-доллар, Ресей-рубль, Қытай-юань, Түркия-лира т.б.

Қазақстан Республикасының ұлттьщ валютасы - теңге туралы түсіндіремін. Онда көрнекі құралдарды пайдаланамын.

Мына бағытта баяндаймын:


  • Ұлттық теңгенің қажеттілігі.

  • Ұлттық теңгенің шығу тарихы.

  • Теңге құрылымы.

Оқушыларға еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы ауыр экономикалық жағдай, Ресейдегі бағаның босатылуы, ең соңында еліміздің тәуелсіздік алуы - осының барлығы өзіміздің ұлттық ақша бірлігі - теңгенің қабылдануына басты фактор екенін айтамын.

Қазақстан теңгесін Ұлыбританияның «Харрисон» фирмасы жасап шығарған. Қазіргі кезде теңгені өз елімізде жасайтыны туралы да айтамын.

Теңгенің еліміз аумағында айналымға енген уақыты -1993 жыл 15 қараша.

Теңге құрылымына қыскаша тоқталамыз. Теңге металл және қағаз түрінде болады. Алғашқы шыққан теңгелерде белгілі тұлғалардың суреті салынған. 3 теңгелікте Сүйінбай, 5 теңгелікте Құрманғазы, 10 теңгелікте Шоқан, 20 теңгелікте Абай, 50 теңгелікте Әбілқайыр, 100 теңгелікте Абылай суреттері, ал 1, 200, 500, 1000, 2000, 5000 теңгеліктерде әл-Фарабидің суреттері бейнеленді.

Бұдан кейін оқушылармен теңге жайында шағын әңгіме өткіземін. Онда теңгенің адам өміріндегі орны жайында пікірлесеміз.

Қорытынды кезең

Сабақты бекіту үшін карточкалық сұрақтарды пайдаланамын.

1. Нумизматика ғылымы.

2. Валюта деген сөзді қалай түсінесің?

3. Ақшаның қажеттілігі туралы айт.

4. Неліктен ақшаның бетіне белгілі адамдардың суреті салынады?

Қосымша бір-екі оқушыға тақырыптың мазмұнын айтқызамын. Ақшаның маңызына, теңгенің шығу тарихына, қазіргі кезде теңгеге енгізілген өзгерістерге тоқталып өтемін.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1. 58-параграфты оқу.

2. Теңге жайлы шағын әңгіме жазу.


5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 59. Астана-Қазақстанның бас қаласы.

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: қазіргі елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.

  • Дамытушылық: өз беттерінше білім алу, ізденіс әрекеттерін дамытуға жағдай жасау, тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу.

  • Тәрбиелік: Астана арқылы мақтана білуге үйрету, елордаға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық, азаматтық тәрбие алуға көмектесу, рухани-материалдық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақ әдісі: әңгіме, пікір алысу.

Пән аралық байланыс: құқық

Көрнекілік: Астана қаласының суреттері, Қазақстан Республикасының саяси картасы, Астана қаласы туралы деректі фильм кассетасы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы тексеру және бағалау мақсатында төмендегідей сұрақтар мен тапсырманы беремін.

1. Ақшаны пайдалану қай кезде пайда болған?

2. Нумизматика ғылымының негізін салушы кім?

3. Қандай металдан ақша жасайды?

4. Теңге кашан айналымға енгізілді?

5. Теңгені айналымға енгізудің себептері мен алғышарттарын көрсет.

6. Теңге бетіндегі түлғаларды ата.

Оқушылардың дәптерлерін үйде теңге жайлы жазған әңгімелерін тексеруге жинап аламын. Өткен сабақты көрнекі құралдарды пайдаланып, оқушылармен әңгімелесе отырып қорытындылаймын.

III. Жаңа сабақ.

Өтілетін сабақтың тақырыбы мен жоспарын алдын ала тақтаға жазып қоямын. Сонымен қатар оқушылардың назарын сабақтың тақырыбына, жоспарына, мақсатына аударамын.

Тақырыптың жоспары.

1. Бұзоқ - ортағасырлық қала.

2. Алматыдан Ақмолаға.

3. Астана - ел мақтанышы.

Сабақты көрнекі құралдарды пайдалана отырып бастаймын. Бір оқушыға Қазақстан картасынан Астана қаласын көрсетуді сұраймын. Осыдан кейін тақтаның ортасына «Астана» сөзін жазамын.

Теледидар мен бейнемагнитофонды іске қосып оқушыларға Астана қаласы жайында деректі фильмді көрсетемін (7-10минут).

Тапсырма

Оқушыларға бейнефильмде көргендерін, яғни әсерін қағаз бетіне түсіртемін. Тапсырманы орындаған кезде көрнекілік ретінде Астана қаласының суреттерін де таратып беремін. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін төрт-бес оқушыға жазғандарын окытып, пікірлерін білемін.

Мұғалім оқушыларға Есіл өзенінің жағасында орналасқан орта ғасырдағы Бозоқ қаласы жайында айтып беруі керек. Бозоқ қаласының орнын мұғалім картадан көрсетіп береді. Бозоқ қаласын археолог К.Ақышев бастаған ғалымдар зерттеді.

Оқушылар назарын XX ғасырдағы Қазақстан астанасы болған қалаларына аударамын.

1. Орынбор (1920-1924 жылдары).

2. Қызылорда (1924-1929 жылдары).

3. Алматы (1929-1997 )жылдары.

4. Астана(1997жылдан).

Қазақстан астанасының Алматыдан Акмолаға көшу тарихын баяндаймын.

Ақмола Қазақстаннын орталығында (Еуразияның кіндігінде) орналасқан. Тоғыз жолдың торабы. Төрт жағынан электрлендірілген темір жол келіп кіреді. Жері өте қолайлы, жазықта далада, Есіл өзенінің жағасында орналасқан.

Астананы Ақмолаға көшіру туралы жарлық 1996 жылы 6 шілдеде шықты. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстан астанасы болып жарияланды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды. Осы жылы Ақмола қаласына Астана атауы берілді.

Жоспарда көрсетілген үшінші бөлім бойынша түсіндіргенде бейнефильмді пайдаланамын. Бейнефильм бойынша әңгімелеп беремін. Астана көркі болған әр ғимарат жайында кеңірек тоқтала отырып түсінік беремін.



Қорытынды кезең

Сабақты бекіту мақсатында екі-үш оқушыны шығарып тақырыптын мазмұнын айтқызамын. Арасында сұрақ қойылады. Бір оқушыдан тақырыпқа байланыста картадан білімін тексеремін. Астана ғимараттарының суретін үш-төрт оқушыға таратып беріп, пікірлерін білемін.

Соңында сабақты қорытындылаймын. Онда елорда тарихына қысқаша тоқталып, Алматыдан Ақмолаға бағытталған Ұлы көш жайында, Астананың бүгінгі жағдайына шолу жасаймын. Астананың дамуы Қазақстанның дамуы екенін атап көрсетемін. Астана XXI ғасырдың қаласы, еліміздің жүрегі іспеттес.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1. 59-параграфты оқу.

2. Астана қаласы жайында сұрақ, сөзжұмбак құрастыру.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 60. Бүгінгі Қазақстан

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: қазіргі кездегі Қазақстан жайлы оқушыларға жан-жақты мағлұмат алуға жағдай жасау, бүгінгі Қазақстанның даму барысы туралы білім беру, өз елін танып-білуге көмектесу.

  • Дамытушылық: оқушылардың өз елі, Отаны туралы түсініктерін тереңдетіп, алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру, өз беттерінше ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік: тақырыпты оқыта отырып қызығушылықтарын арттыру, Отанына, өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: дәстүрлі сабақ

Пән аралық байланыс: құқық, география.

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының саяси картасы, еліміздің әсем табиғаты бейнеленген суреттер (Бурабай, Алтай, Алматы, Каспий теңізі), ірі өнеркәсіп орындарының суреттері, буклеттер т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын тексеруге кірісемін.

Оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұраймын. Ең алдымен үйде оқушылардың құрастырған сұрақ, сөзжұмбақтарын тексеремін. Осыдан кейін өткен тақырыпты қайталау, үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар қойылады.

1. Қазіргі Астана қаласына таяу жерде қандай ортаға-сырлық қала болған?

2. Қазақстан астанасы неліктен Ақмолаға көшті?

3. XX ғасырда Қазақстан астанасы болған қалаларды ата.

4. Қазақстан астанасы ресми түрде Ақмолаға қай жылы көшті?

5. Астана қаласының қазіргі кездегі гүлденуі туралы айт.

6. Астана қаласының орналасқан аумағының маңыздылығын көрсет.

Оқушылардың жауабын тыңдаған соң, оны толықтыра отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын. Өткен сабақты қорытындылай келе өткен тақырыппен байланыстыра отырып жаңа сабақты бастаймын.

III. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспары тақтаға жазылады. Оқушыларға тақырыпты жаздырып, сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін.

Тақырыпты түсіндіру үшін мынадай жоспар құрамын:

1. Аумағы.

2. Халқы.

3. Даму жолында.

Алдымен жаңа сабаққа аздап кіріспе жасаймын. Онда Қазақстанның бүгінгі жағдайы баяндалады. Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан Қазақстан әлемдегі ірі мемлекеттердің біріне айналып отыр.

Аздап кіріспе жасағаннан кейін негізгі бөлім бойынша сабақты түсіндіруге кірісемін. Картаны пайдалана отырып, Қазақстанның жер көлемі жайында толық түсінік беремін.

- Аумағының келемі 2,7 млн км.кв. Әлемде жер көлемінің үлкендігі жөнінен тоғызыншы орында. Еліміз Азия аумағының 6,5%-ын алып жатыр.

Қазақстанның көрікті жерлері туралы суреттерді пайдалана отырып, шағын әңгіме өткіземін.

Жоспардың екінші бөліміндегі сандық көрсеткіштерді оқушыларға сұрақ ретінде беріп өздеріне тапқызамын.

Еліміздің демографиялық жағдайы.



    • Халық саны - 15 миллионға жуық.

    • Қала халқы 56%, ауыл халқы 44%.

    • Қазақтар 56%, орыстар 30% т.б.

  • Әлемде халық саны бойынша 70-орында.

  • Қазақстанда 130-ға жуық этнос өкілдері тұрады.

  • Әлемдегі қазақтардың саны 12 миллион.

Бұдан әрі халқымыздың этниқалық көрсеткіштеріне тоқталамын. Қазақ халқы еліміздегі автохтонды ұлт. Қазақтар алтай тіл семьясының түрік тобының қыпшақ тармағына жатады. Нәсіл жағынан турандық топқа кіреді.

Жоспардың үшінші бөлімін әңгіме түрінде еткіземін. Оқушыларды Қазақстанның бүгінгі жағдайы туралы әңгімеге сұрақ қою арқылы тартамын.

Қазақстанның бүгінгі дамуына сипаттама бер.

Қазақстанның жерастында қандай қазба байлықтар бар деп ойлайсыңдар?

Оқушыларға Қазақстандағы жерасты байлықтарын, яғни пайдалы қазбаларды жазып шығу тапсырылады. Кесте.


Пайдалы қазбалар

Әлемде алатын орны

1. Вольфрам

1

2. Хромит

2

3. Фосфор

2

4. Минералдык қор

6

5. Мұнай

12

Кестені толтыру арқылы бүгінгі Қазақстан жайында оқушылардың пікірін білемін. Онда мыналарды негізге аламын.

- Экономиқалық дамуы.

- Мәдени жағдайы.

- Сыртқы саясаты.



Қорытынды кезең

Сабақты бекітуді негізінен әңгіме түрінде өткізгемін. Оқушыларды әңгімеге тарту үшін проблемалық, қызықты сұрақтар қоямын.



Соңында тақырыпты қысқаша қорытындылап, Қазақстанның бүгінгі дамуы мен келешегіне тоқталамын. Оқушыларға өздерін еліміздің болашағы ретінде еркін сезінулерін айтып, сабақты аяқтаймын.

Бағалау:

Үйге тапсырма:60

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Өлкетануға арналған сағаттарды ұйымдастыру үшін төмендегі тақырыптардың жоспарын ұсына аламыз.

Тақырыптар:

1. Туған өлкеміздің тарихы бойынша археологиялық деректер.

а) Өлкеміздегі археологиялық ескерткіштер және оның тарихы.

ә) Археологиялық зерттеулер мен қазба жұмыстарын

2. Этнографиялық материалдар

а) Этнографиялық материалдарды жинау әдістері а) Өлкеміздегі ертеден сақталып келген салт-дәстүрлер мен бүгінгі күнде жаңадан пайда болған салт-дәстүрлер.

3. Тарихи дәулет және өнер ескерткіштері.

а) Сәулет және өнер ескерткіштерінің туындылары. ә) Тарихи ескерткіштер тарихы

3. Жазбаша және ауызша тарихи деректер. а) Кітаптар, мерзімді баспасөз, мұрағат деректері. ә) Ауызша тарихтағы жергілікті жер-су, өзен-көл т.б. атаулар тарихы

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: ІҮ тоқсанда өтілген материалдарды қайталата отырып, оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, тарихты сыни тұрғыда талдай алатын білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, география, орыс тілі, қазақ әдебиеті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Қайталанатын материалдар:

1. Біз Республика күні мен Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз?

2. Республика күні деп неліктен аталады?

3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы қандай бөлімдерден тұрады? Оларды атап шғгыңдар.

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын бейнелеп, олардың қандай мағына білдіретінін айтып беріңдер.

5. Ұлттық теңгенің айналымға енуінің тарихи маңызы неде?

6. Қазақстан тарихында астана рөлін атқарған қалалар туралы айтып беріңдер.

7. Қазақстанның болашағы мен мүмкіншіліктері туралы не айта аласыңдар?


Бекіту:

  • «Иә-жоқ»

  • Бетпе-бет

  • Эрудит

  • Мұны әркім білуі тиіс

  • Эссе

Бағалау:Қорытынды жылдық бағаларын қою

Үйге тапсырма: ІҮ тоқсан материалдарын қайталау.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет