Араласжемнің орташа сынамасын алу Аралас жемнің орташа сынамасын алу шашылмалы құрама жемнен бір жолғы сынаманы іріктеп алу оның сақталатын жеріне немесе тасымалданатын көлік түріне байланысты. Қоймада сақталатын кұрамы жемнен бір жолғы сынаманы вагондық не қамбалық сүңгімен алады, ол үшін жемнің бетін шамамен 45м2 ауданға бөледі. Сынаманы әр квадраттың ортасынан алады. Үйілген жемнің биіктігі 0,75м кезінде сынаманы үстіңгі және төменгі, aл үйінді 0,75 метрден биік болса, онда сынаманы үстіңгі, ортаңғы және төменгі қабаттарынан алады. Жүк автомашинасында, арабада және қоймаларда кішігірім үйілген құрама жемнен бір жолғы сынаманы қысқа сапты сүңгімен әр тұсындағы үйінді жиегінен 0,5м аралықта тұтас тереңдігінен алады (конверт схемасымен). Егер құрама жем қапта сақталса онда сынама қаптық сүңгімен үстіңгі және төменгі бөлігінен алынады. Сүңгінің шөміш басын қап ішіне бойлатып ендіріп, содан кейін 180°-қа бұрайды да, қайта суырып алады (қап матасын сүңгімен теседі).
Түйіршіктелген және брикеттелген аралас жемнің бір жолға сынамасын алу Түйіршік құрама жем әзірлегенде және оны тиегенде (түсіргенде) бір жол-ғы сынаманы оның құйылатын жолына 0,5кг-дық темір шөмішті тосып алады. Брикеттелген құрама жем әзірленгенде бір жолғы сынамаға пресс көмейінен шығатын жеке брикеттерді әр 2 сағат сайын алып отырады. Түйіршікті не брикеттелген аралас жем қаптарға не қапшықтарға салынса, онда бір жолғы сынаманы оның үстіңгі бөлігінен алады.
Шашылмалы, түйіршік және брикеттелген құрама жемнің бастапқы үлгісінің бір жолғы сынамасының таза ыдысқа салынған жалпы массасы 4кг-нан кем болмауы тиіс.
Шашылмалы және түйіршік құрама жемнің бастапқы үлгісінен орташа сынаманы айқыш бөлу жолымен алады. Ол үшін бастапқы үлгіні тегіс орынға (үстелге, ағаш қалқанға) төгіп, қиылған қабырғалы екі ағаш пленкамен квадрат етіп тегістейді.
Жол жасай отырып үш рет араластырады да (бидайдың орташа сынамасын алуды қараңыз, қайта тегістеп, пленкамен диагоналы бойынша төрт бұрышқа бөледі. Қарама-қарсы екі үшбұрыштағы аралас жемді алмай, қалған екі үшбұрыштысын бір-біріне қосады. Сонда екі үшбұрыштағы жемнен 2кг-дай қалғанша осылай етеді, ал ол шашылмалы және түйіршік құрама жемнің орташа сынамасы болып табылады.