Сабақтың мақсаты: Азықтан орташа сынама алу әдістерімен танысу


Күнжараның, шроттың және азық ашытқысының орташа сынамасын алу



бет5/16
Дата29.09.2022
өлшемі140,74 Kb.
#151144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ВС лаб и практика

Күнжараның, шроттың және азық ашытқысының орташа сынамасын алу
Күнжара. Күнжараны вагоннан түсіру және тиеу кезінде автомапы сынама алғышпен 1т өнімге шаққанда 250г, бірақ бір бөлігінен кемінде 2,5кг бір жолғы сынама алынады. Бірдей уақыт аралығында бір жолғы сынамаға іріктеу үшін шөмішпен күнжара келіп құйылатын тұстан кемінде 10 рет алады. Егер күнжара қапқа салынып қойылса, сынама aлy үшін конустық сүңгіні пайдаланып, әр бесінші қаптан 0,5кг өнім (бірінші қаптың үстінен, екіншісінің ортасынан, үшіншісінің астынан) алады.
Шрот. Шроттардың орташа сынамасын да күнжарадан алынатын секілді етіп, бірақ өнімнің әр оныншы қабынан ғана ала­ды. Шротты үйінді түрінде сақтағанда бір жолғы сынамалар конустық сүңгімен бетінің әр 2м сайынғы үстіңгі, ортаңғы және төменгі қабаттарынан алынды. Сынамалардың жалпы массасы кемінде 2,5кг болуы керек.
Азық ашытқысы. Ұнтақ тәрізді азық ашытқысының қатталған орны 100-ге дейінгі бөлігіндагі сапасын тексеру үшін, бір жолғы сынаманы әр тұста орналасқан 3% қаттамадан, егер бір бөлігінде 10-нан астам қатталған орын болса, онда сынаманы кемінде 3 болатын жалпы қаттама санының 1 пайызынан ала­ды.
Жануартектес, қосымша және сұйық азықтартың орташа сынамасын алу
Ыдыссыз сақталған жануар тектес азық ұнының жалпы сынамасын транспортерден (нория, шнек) бірдей уақыт аралығында 1т өнімге шаққанда әр бөлігінен 250 грам кемінде 1,5кг етіп алады. Ыдыста сақталатын ұнның жалпы сынамасын үш жерде орналасқан жалпы санының 10 пайызынан қима бойымен сүңгімен алады. Азық сынамасын іріктер алдында қарап, ыдыс жағдайын, бір бөлігінен барлық орынның 5 пайызын таңдайды да, осылар одан бір жолғы сынама алады. Егер азық сапасы жағынан бірдей болмаса, онда ашу үшін оның бір бөлігінен орынды көбірек етіп aлy ұсынылады. Жалпы сынаманың масса­сы кемінде 1,5кг болуы керек.
Балық майы мен теңіз жануардың майы. Балық майы мен теңіз жануарлары майының бір жолғы сынамасын сифронмен не шыны түтікпен араластырғаннан кейін алады. Бір жолғы сынаманың массасы 1кг болуы керек.
Осының көмегімен майдың ағатын бір бөлігін цистернаны босататын уақыт бойы құрғақ қабылдағыш ыдысқа құйып алады. Содан кейін жалпы сынаманы араластырып, одан аузы тығыз жабылатын таза ыдысқа 250 грамға дейін май құяды.
Сүт. Сүттің сынамасын аларда оны жақсылап араластыра­ды. Сынаманы сүт құйылған ыдыстың түбіне тік батырылған диаметрі 9мм метал түтікпен іріктейді. Түтіктің үстіңгі аузын саусақпен басып тұрып, ыдыстан суырып алады да, ішіндегі сүтті аузы тығыз жабылатын таза құрғақ ыдысқа ағызады.
Талдау үшін массасы 250-500мл сүттің орташа сынамасы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет