Сабақтың мақсаты: Азықтан орташа сынама алу әдістерімен танысу


Қосымша азықтың орташа сынамасын алу



бет6/16
Дата29.09.2022
өлшемі140,74 Kb.
#151144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ВС лаб и практика

Қосымша азықтың орташа сынамасын алу. Азықтың монокальций-фосфаттық сапасын тексеру үшін транспортер лентасынан бірдей уақыт аралығында әр бөлігінен (бөлік өнімнің кемінде 65 тоннасы болғанда) 25 бір жолғы сынама алады. Егер қосымша минералдық азық қапқа салынған болса, онда бір жолғы сынаманы әр бөлігінің 25 қабынан сынама алғышпен алады. Қаптардан бір жолғы сынаманы сүңгіні 3/4 тереңдікке сұға отырып алады. Транспортер лентасынан және қаптан алынатын бір жолғы сынама массасы 200г болуы керек. Бір жолғы сынамаларды қосып, араластырады, ал орташа сынаманы aлy үшін қабылданған әдіспен массасын кемінде 0,5 килограмға жеткізу керек. Фтордан айырылған азықтық фосфаттың бір жолғы сынамасын әр 20-шы, aл басқа азықтық фосфаттың бір жолғы сынамасын әр 50-ші қаптан алады. Синтетикалық мочевинаның бір жолғы сынамасын барлық бөліктегі қаптың кемінде 1 пайызынан бірақ кемінде 10 қаптан алады.
Орташа сынаманы полиэтилен қапшыққа не таза құрғақ ыдысқа салады. Ыдысқа өнім аты, сорты мен маркасы, бөлік нөмірі, стандарт не техникалық шартының белгілері, кәсіпорынның аты, дайындаушы, сынама іріктелген дата, сынама алған кісінің аты-жөні көрсетілген құлақша жапсырылады. Барлық азықтың аналитикалық өңдеуге жіберілетін азық үлгісіне зертханаға жіберер алдында төмендегідей төлқұжат толтырады:

  1. Пайдаланылған азық туралы қысқаша мәлімет

  2. Азықтың аты

  3. Үлгінің сипатгамасы мен шаруашылықтық құндылығы

  4. Үлгі алынған жер және мерзімі (шаруашылық, облыс, аудан, егістік, учаске т.т. аты).

Студенттің өзіндік жұмыстары:

  1. Азық түрлерінен орташа сынама алу;

  2. Орташа сынама алудың ерекшеліктері;

  3. Әр түрлі азықтан орташа сынама алудың айырмашылықтары .

Бақылау сұрақтары:

  1. Орташа сынама дегеніміз не?

  2. Орташа сынаманы не үшін аламыз?

  3. Орташа сынаманың төлқұжаты дегеніміз не?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет