·· →, төмен бір торкөз · ↓ жүріп өтті», жол бағдаршамен көрсетіледі.
Егер алдыңғы сабақта мұндай жұмыс ауызша жүргізілген болса, балалар тапсырманы оңай меңгереді.
№3 тапсырма көзбен шамалау қабілеттерін арттырады. Есепті бермес бұрын үлестірмелі материалдармен жұмыс жүргізіледі. Үстелге 2-3 фигура қойылады. Содан кейін олар бірінің үстіне бірі қойылады. Балалар төмен, орта, жоғары сөздерін дұрыс түсінгенін тексеріңіз. «Бір фигура төменда, екінші фигура ортада, үшіншісі жоғарыда жатса, үстінен қарағанда нені көреміз? Егер бұл фигураларды бірінің үстіе бірін қойғанда не шығатынын елестетіңдер. Қандай сурет шығады?»
Жауап: жоғары қаарда шаршы, төменгі қатарда шеңберішіндегі шаршы шығады.
№4 тапсырма. Саусақ қимылын дамытамыз. Берілген бағытпен сызықтар бойынша жоғарыдан төмен көлденең, қиғаш сызықтар саламыз.
Осы және өзге сабақтарда саусақ қимылын дамытуға арналған дәптер пайдаланылады. Тапсырмаларды әр балаға қабілетіне жеке таңдап беруге болады.
5- сабақ. Фигуралар
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала шеңбер, доғал, тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш, шар, текше, цилиндр секілді геометриляқ фигураларды ажыратып, дұрыс атай алуы, заттардан өздеріне таныс фигураларды таба білуі тиіс. Бұл жұмысқа, әдетте, сабақтың жартысы арналады.
Оқу жылының басында тәрбиеші балаалрдың пішін (форма) туралы білім деңгейін тексереді. Егер олар сопақша пішінді дөңгелекпен, шаршыны тіктөртбұрышпен және т.б. шатастыратын болса, онда осы фигуралар үлгілерін қарастырып, салыстыру арқылы жұмыс жүргізу қажет. Фигураларды жұптап салыстырады, оларды қолмен ұстап, көзбен көру жолдарымен мұқият қарастырады. Балалар үлгілердің бетіне контур жүргізіп, саусақтарымен сызықтар жүргізу арқылы фигураны қабылдауы жүзеге асады.
Фигуралардың қасиеттерін, элементтерін жікеп қарастыру, олардың санын анықтау түрлі амалдарды қолдана отырып санауға, жекелеген элементтерді (қабырғаларды) шартты таңбалармен өлшеуге мүмкіндік береді. Балалар фигуралар арасындағы айырма мен ұқсастық белгілерін өздігінен анықтай алғаны маңызды, ал тәрбиешінің рөлі қорытындыны нақтылау болуы тиіс. Білімді бекіту және нақтылау үшін фигураларды салуға арналған түрлі тапсырмалар беріледі. Балалар қағаздан алуан түрлі фигуралар қияды, ермексазбен фигуралар жасайды, фигураларды басқа фигураға өзгертеді. Фигураларды бояу жаттығулары кеңінен қолданылады.
Фигураларды бояу жаттығулары әдетте торкөз дәптерге орындалады.. Бірінші сабақта балаларды дәптермен, ондағы сызықтармен таныстырады, екінші сабақта оларға үлкен және кішкене шаршылар салуға, үшінші сабақта шаршылар мен тіктөртбұрыштар, төртінші сабақта өлшемі әртүрлі тіктөртбұрыштар, бесінші сабақта шаршылар мен шеңберлер, алтыншы сабақта кеңістікте түрліше орналасқан тіктөртбұрыштар мен сопақша фигуралар, жеінші сабақта шаршылар, тіктөртбұрштар, үшбұрыштар, сегізінші сабақта ұшбұрыштың алуан түрлерін, тоғызыншы және оныншы сабақтарда қарапайым пішінді заттар: жалау, алма, қияр, өрік және т.б. салуға тапсырма беріледі. Бұл бояу жаттығулардың оқыту тәселдерінің ішінде орны ерекше , өйткені үлкен оқу жүктемесін атқарады.
Санау қызметі торкөздер бойыша өлшеумен үйлесімді байланыстырылады (торкөз бірінші шартты өлшем болып табылады). Балалардың қарапайым геометрилық фингуралар, олардың белгілері мен элементтері туралы білімдері нақтыланады. Суреттерді қағаздың бергілі бір бөлігіне (жоғары, төмен, сол жағы, оң жағы, ортасы) орналастырып, жоғарыдан төмен, солдан оңға, оң жақтан сол жаққа сызық жүогізе отырып, балалар қағаз бетінің жазықтығында бағдар табуға үйренеді, қарындаш ұстау дағдыларын жетілдіреді, өйткені торкөздер бойынша сурет салу дәл, әрі ұсақ қозғалысты талап етеді.
Геометрилық фигураларды бояу тәсілі реттік санауға арналған тапсырмалар орындау үшін, бірліктерден құралған санның құрамы, аралас сандар арасындағы байланыстар мен қатынастар, бүтінді бөлшектерге бөлу туралы білімдерін бекіту үшін, ал кейіннен өзінен кіші 2 саннан құралған санның құрамын меңгерту және арифметикалық есесптер шығару кезінде кеңінен қоданылады.
Бірінші сабақта балаларға парақтарды, қағаз бетін, оң жақ бет, сол жақ беті көрсетеді, содан кейін тақтада жүргізілген сызықтарға көз жүгірте отырып, жоғарыдан төмен, солдан оңғ қарай сызықтар жүргізу арқылы торкөздер пайда болатынына балалардың назарын аудартады. Тәрбиеші балаларды тақтаға шығарып, бірнеше торкөзді тауып, сызық жүргізуді тапсырады (тақтаның әр бөлігінде).
Кейіннен балалар дәптер беттерінің сызықтарын қарастырады. Тәрбиеші: «Дәптер бетінің әр бөлігінен торкөздер тауып, жоғары, төмен, солға, оңға, ортасынан сызықтар жүргізіп шығыңдар» деп тапсырма береді. Тәрбиеші тақтаға бір қатарға бірнеше торкөз салады да: «Мен ненің суретін салдым? Неше шаршы? Шаршылар арасынан неше торкөзден қалдырдым?» - деп сұрақ қояды.
Балаларға осыған ұқсас тапсырмалар беріледі. «Арасына 3 торкөзден қалдыра отырып, көлемі 1 торкөз болтын 7 шаршы сал». КЕйіннен балалар фигураларды салыстыра отырып, оларды бояу тәсілдерін көрсетеді, фигуралар салып, түрлі тапсырмалар орындайды. Бояр алдында қағаздан фигуралар қиып алу, 2 және 4 тең бөлікке бөлу секілді тәсілдер орындалады. Олар бөлудің түрлі тәсілдерін тауып, пішіндері әртүрлі бөліктер алады.
Шеңбер және сопақшаны боямас бұрын балаға шаршы үстіне шеңбер (шеңбердің диаметрі шаршының қабырғаларына тең болуы тиіс), сопақша пішінді тіктөртбұрыштың үстіне қою, содан кейін шаршыдан шеңбер қиып алу, ал тіктөртбұрыштан сопақша қиып алу тапсырылады. Бұл балаларға осы фигураларды бояу қағидасын түсінуге көмектеседі.
Тәрбиеші бірдей фигураларды бояудың әртүрлі тәсілдерін көрсетеді, мысалы сағат тіліне қарсы немесе сағат тілінің бағытымен қисық сызықтар түсіру т.б.
Фигураларды бояу тәсілдері біртіндеп күрделіндіріле түседі. Алдымен алдын ала салынған шаршылар мен тіктөртбұрыштардың ішіне фигуралар салып, сырқа шықпайтындай етіп сызықтар жүргізіп шығады.
Әдете екінші сабақта балалар жоғарғы жағына нүктелер түсіре отырып, « шаршы ішінде тұрғандай» шеңберлер салады, ал кейіннен еш нүкте түсірмеуге болады. Тәрбиеші балаларға алуан түрлі үшбрыштарды бояу тәсілдерін көрсетеді.
Алғашқы екі сабақта қағаз бетінде салаын суреттің орны ерікті түрде белгіленеді: «Жоғарғы және сол жақ жиекті аздап қалдырыңдар». Кейіннен тәрбиеші балаларға бастапқы нүктені табуға үйретеді . Ол былай дейді: « Жоғарыдан 3 торкөз және сол жақтан 3 торкөз қалдыра отырып, сурет сала бастау керек. Қағаздың жоғарғы сол жақ бұрышынан төмен қарай 3 торкөз санаймын, нүкте қоямын, ол жерден 3 торкөз санаймын, нүкте қоямын, сол нүктеден бастап сурет сала бастаймын».
Балалар берілген сан бойынша нүкте іздеуге арнайы машықтандырылады. Алдымен олар сол жақ және оң жақтан торкөздердің бірдей санын қалдырады, кейіннен түрлі сандар алынады. Баланың қолын дәл ұсақ қимыл жасауға дағдыландырған маңызды, сондықтан көлемі шағын фигуралар салады. Кесіндінің ұзындығы әдетте 5 торкөзден аспайды. Әр кезде балалар фигураның қандай көлемін салатыны, қалай орналасатыны, алардың арасынан қанша торкөз қалдыратыны нақты көрсетіліп отырады.
Бір сабақта балалар суретті 2-3 қатарға толтырады. Фигураларды әртүрлі пропорцияда, әр жерге орналастыра орындайды. Фигуралардың ішіне сызықтарды түрлі бағытта түсіреді, көбінесе оңға қисайта жүргізіледі, бұл жазу бағытына сәйкес келеді.
Балалар қандай да бір фигураны алғаш салу кезінде үлгіні басшылыққа алады, кейіннен тәрбиешінің ауызша айтқандары бойынша әрекет етеді. Тапсырманы орындағаннан кейін балалар неше және қандай фигуралар салғанын, оларды қалай орналастырғандарын айтады. Фигураларды 2-3 қатарға (асты-астына) сала отырып, осы қатардағы фигуралар санының тең және тең еместігін анықтайды. Олар фигураларды 2 және 4 бөлікке бөліп, кесінділерді немесе қарама-қарсы ұштарын біріктіре отырып, нәтижесінде не шыққанын айтып береді. Ұстаздың нұсқауымен балалар түрлі бағыттағы торкөздерді санайды, нүктелер қояды, өзара біріктіріңдер: бірінші нүктені еінші нүктемен, екінші нүкені үшінші нүктемен, үшіншіні бесінші нүктемен. Қандай фигура шықты? Неше бұрышы бар? Бұл фигураның қанша қабырғасы бар?» - деп сұрақтар қояды (нүктелер бір тура сызық үстінде жатпауы керек).
Фигура туралы білімдерін қорытындылау үшін балаларға үшбұрыш , төртбұрыш,бесбұрыш және т.б.туралы қарапайым түсініктер беру қажет. Осы мақсатпен түстері, өлшемі, пропорциясы әртүрлі үшбұрыштар тобын қарасыруға болады. Фигуралардың өзара қандай айырмашылығы бар, несімен ұқсас екенін анықтап, ортақ белгілерін табады: барлық үшбұрыштарды 3 бұрыш, 3 төбе және 3 қабырға бар. Фигураның атауы мен құрылымы арасындағы байланысты табады. «Неге оны үшбұрыш деп атаймыз?»деген сұрақ қойылады.
Осы жолмен төртбұрыш, бесбұрыш және басқа фигуралар қарастырылады. Содан кейін түрлі фигуралар тобы салыстырылады, мысалы, үшбұрыш төртбұрышпен, т.б. Балалар таяқшалардан фигуралар құрастырып, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, бесбұрыш алу үшін неше таяқша керек екенін және 3,4,5,6, т.с.с. таяқшадан қандай фигура жасауға болатынын анықтайды. «Егер төртбұрышты 4 бұрыш болса, неше қабырғасы болады? Егер фигураның 5 қабырғасы болса, оның неше бұрышы бар? Бұл фигура қалай аталады?» деген сұрақтарға балалар жауап айтады.
Фигураларды түсі, пішіні, өлшемі, бұрыштар саны секілді түрлі белгілер бойынша топтауға арналған жаттығуларға бұрынғыдай ерекше көңіл бөлінеді. «Топтардан көк түсті барлық фигураны іріктеңдер. Олардың арасында тіктөртбұрыш бар ма? Қалған фигураның пішінін атаңдар. Барлық шаршыларды бөлек алыңдар. Олардың түсі, өлшемі қандай? Олардың ең кішісінен бастап ретімен орналастырыңдар. Кішкентай фигураларды іріктеп алыңдар. Бұл топқа пішіні қандай фигуралар кірді? Олардың арасында тіктөртбұрыштар бар ма? Олардың түсін атаңдар? Олардың саны нешеу?»
Бастапқыда тәрбиеші балларға фигуралардың белгілерін ажыратуға көмектеседі, кейіннен балалар оларды қандай белгілер бойынша топтайтынын, неше топ шығатынын, қай фигура қай опқа жаатынын өздері орындайды.
Фигураларды топтай отырып, балалар белгілердің біріне назар аударады. Оларды жалпылау дағдысы қалыптасады. Топпен жұмыс жүргізу барысында балалардың фигуралар туралы білімін жүйелендірген дұрыс. Мәселен, алдымен фигураларды үлкен екі топқа бөлу керек, яғни дөңгелек және көпбұрыш пішінді фигуралар. Содан кейін дөңгелек пішінді фигуралар арасынан шеңберлер мен сопақша пішіндерді, ал көпбұрыштар арасынан төртбұрыш, үшбұрыш, ал төртбұрыштар арасынан тіктөртбұрыш пен шаршыларды бөлектеу керек. Балаларға мынадай тапсырма берген жөн: «Қатардағы қай фигура артық, фигураларды іріктегенде қандай қате жіберілген?» (Қатарға орналастырылған 6 үшбұрыш арасында 1 төртбұрыш бар және т.б.). «Қай фигура жеіспейді?» (Үшбұрыштар, сопақ пішінді фигуралар, 3-4 өлшемді тіктөртбұрыштар қатармен орналастырылған, әр қатарда бір түрге жататын фигуралар көлемі жағынан кішісінен бастап үлкеніне немесе керісінше орналасқан, соңғы қатарда 1 фигура жетіспейді ). Балалар әр қаатрды мұқият қарап, қандай фигуралар берілгенін, түсін, өлшемін атайды және үшінші қатарда қандай фигура жетіспейтінін айтады.
Фигуралардың бір тобфнфң екінші топтан айырмашылық белгілерін табуға арналған тапсырмалар үшбұрыш, төртбұрыш және басқа фигуралар туралы түсінік бекітуге мүмкіндік береді. Шеңберлер мен сопақ пішінді, үшбұрыш және төртбұрыш фигуралар бейнеленген жұп кестелер пайдаланылады (фигуралардың 2-3 өлшемі мен түсі берілген). Балалар айырмашылық белгілеріне қарап дұрыс жауабын табады. Ол үшін балалар алдымен сол жақтағы барлық 5-6 фигураға, содан кейін оң жақтағы фигураларға мұқият назар аударады да, сол жақтағы фигуралардың оң жақтағы фигуралардан қандай айырмашылығы барын анықтайды.
Балалар геометриялық фигуралар туралы білімдерін өздерін қоршаған ортадағы заттар пішініне талдау жүргізген кезде үнемі пайдаланғаны жөн. Балаларға мынадай тапсырма беріледі: терезе, қорап қақпағы, шкаф қабырғасы, орамалдың пішіні қандай екенін анықтайды; үшбұрыш, төртбұрыш, т.б. заттарды немесе заттың сондай бөліктерін атайды. Балалар белгілі бір реттілікті сақтай отырып, заттардың пішініне талдау жасауға, алдымен жалпы контурды анықтап, ең ірі бөліктерді, одан кейін қалған бөліктерін, олардың пішіндерін, кеңістікте орналасуын, өлшемін анықтауға үйренеді. Балаларды ұқсасық белгілеріне ғана қарап емес, айырмашылығы бойынша ажыратуға үйреу керек. Бұл олардың көркем бейнелеу және басқа әрекет түрлерін жетілдіруге ықпал етеді.
Мақсаты: Геометриялық фигуралардың атауымен ( шеңбер, үшбұрыш, шаршы, сопақ, тіктөртбұрыш және т.б.) танысыру және бекіту; осы фигураларды басқа пішіндердің арасынан табуға үйрету.
№1тапсырма. Сурет бойынша жұмыс.
Суретте берілген заттарды ата.
Суреттегі геометриялық фигураларды ата.
Кемеге қарап, онда неше үшбұрыш, неше шаршы, неше шеңбер, неше тіктөртбұрыш барын ата.
Осындай жұмысты пойыз, ұшақ, жүк көлігімен жүргізуге болады.
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Әр баланың алдында үстел үстінде геометриялық фигуралар қойылған. Тапсырма: геометриялық фигуралардан зат құрастыру керек. Негіздеу: Затты құрастыру кезінде қандай геометриялық фигуралар қолданылады?
Сурет қандай фигуралардан құрастырылған? Бұл заттардың (транспорт) барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
Мысалы:
№2 тапсырма бойынша фигуралар салады. Тапсырманың мақсаты – сызба бойынша жұмыс істеу дағдыларын бекіту: қызыл, кішкене шеңбер; көк, үлкен квадрат; жасыл, кішкене үшбұрыш; сары, үлкен шеңбер.
Тапсырманы орындауға кіріспес бұрын ойын түрінде ауызша жұмыс орындалады. Қай зат қандай геометриялық фигураға ұқсас келеді. Үлкен шеңбер – үлкентүймеге, кіші шеңбер – кішкентай түймеге ұқсайды және т.б. Мұғалім фигураны көрсетеді, ал балалар айналасынан соған ұқсас затты, мұғалім ұсынған карочканы таңдайды немесе ойша мысал келтіреді. «Сиқырлы суреттер» ойынын пайдалануға болады. Тақтада немесе қағаз бетінде шеңбер, квадрат, тіктөртбұрыш, үшбұрыш берілген. Осы фигураларды толықтырып бір заттың суреті салынады.
- түйме, таба
- Үй шатыры, ағаштар
- үй қабырғасы
№3 тапсырма алдыңғы сабақта меңгерген кеңістік туралы ұғымды бекітуге көмекеседі.
Араның жолын сал. Бас жағы қызыл гүлмен белгіленген. Тапсырманы бағдарша бойынша орындау қажет.
№4 тапсырма. Балалардың зейінін дамытамыз, фигураларды дауысатп айтқызамыз.
Суретте қандай геометриялық фигуралар берілген? Үлгі бойынша боя. Бөлшекерден ауып, бояу керек.
Бұл сабақта ауызша жұмысқа ұзындығы, биіктігі, ені бойынша жолақтар (лента т.б.)салыстыру енгізіледі. Өлшемдер алдын ала дайындалады (картоннан немесе басқа материалдан қиып алынған жолақтар, текше жинағының бөлшегі т.б.) Бұл жаттығуды басқа сабақтарда да орындауға болады.
Оқу жаланың басында балалар заттың ұзындығын, биіктігін, енін табу, олардың арасындағы мөлшерлік қатынасты орнату дығдысын бекітеді. Олар 1,2,3 өлшеммен ерекшеленетін заттарды салыстыруға арналған жаттығулар орындайды.
Балалар үнемі шатастыратын ұзындығы мен ені, жіңішкелігі мен жуандығы, биіктігі мен тереңдігі бойынша заттарды салыстыру жатығуларын енгізген дұрыс. Мысалы: «Қай тақтай ұзынырақ? Қайсысы жіңішке? Қайсысы жалпақ? Қайсысы жұқа?» Балалар заттардың өлшемін үш өлшем бойынша бағалауға үйренуі тиіс: бір қорап ұзынырақ, бірақ жіңішке және аласа, екіншісі қысқарақ, алайда жуан және биік. Бір қарындаш жуан, бірақ қысқа, екіншісі жіңішке, бірақ ұзын және т.б.
Бұған затарды белгілері бойынша оптастыруға арналған жатығулар көмектеседі. Топтау үшін әдетте 6-10 зат пайданылады (ұзындығы, ені, биіктігі әртүрлі қораптар). Балалар басқа өлшемдерге көңіл бөлместен, бір топқа биіктігі бірдей қораптарды орналастырады.
Мектепке дайындық тобында шамалардың «ұзынырақ», «қысқарақ», «жалпағырақ», «жіңішкерек» деген нақты сипаттамаларды «артық», «кем» деген абсрактілі анықтамалармен ұштастырған дұрыс. Сабақтардың бірінде екі заттың қайсысы ұзынырақ (қысқарақ) екенін анықағаннан соң, мұғалім: «Ұзынырақ дегеніміз не?» деп сұрайды. Шешімі: «Бұл, яғни ұзындығы бойынша артық». «Қысқарақ дегеніміз не?» - «Бұл ұзындығы бойынша кем». Ені (биіктігі, жуандығы) жағынан айырмашылығы бар заттарды салыстырады және тиістіқорытынды шығарады. Одан кейін өлшемі жағынан ерекшеленетін заттарды салыстырады. Ұзындығы бойынша да, ені бойынша да, біктігі бойынша да зат үлкен болса, оны басқасынан үлкен деп атайды, ал ұзындығы, ені, биіктігі жығынан кіші болса, оны басқасынан кіші деп атайды. 6 жастағы балалар шамаларды тікелей бағалаудан нақты сандық сипатауға көшеді.
Өлшеу кезінде өлшем бірлігі өлшенетін шаманы (ұзындықты, өлшемді) әрқайсысы тең болатын бөліктерге бөледі. Өлшеу нәтижесінде алынған сан бүтіннің бөлшекке қатынасын көрсетеді.
Өлшеу балаларға санның салыстырмалылығын, оның алынған өлшемге байланыстылығын түсінуге мүмкіндік береді. Балалар өлшеу не үшін керек екенін түсінуі тиіс. Осы мақсатта балаалрмен өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, тәрбиеші үстелдің ұзындығымен бірдей тақтайдың көмегімен бір заттың екіншісінен қаншалықты ұзын (биік т.б.) екенін анықтауды тапсырады.
Өлшеу – күрделі әрекет, сондықтан бұған оқушыларды үйрету барысында белгілі бір реттілік қажет.
Бастапқыда заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу үйретіледі. Тәрбиеші өлшеуге жүгінуге мәжбүрлейтін жағдай туғызады. Мысалы мұғалім сұрақ қояды: «Сөре екі терезе арсындағы жерге сыя ма?» (сөренің ұзындығы мн терезелер арасындағы қашықтық өлшенеді, содан кейін нәтиже салыстырылады). «Біз нені өлшейміз? Сөренің ұзындығын немен өлшейміз?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, балалар өлшей объектісі мен өлшемді таңдап алады. Мұғалім үстелінің үстінде жақан жіп, таспа, қатырмақағаз жолағы, таяқша секілді заттарды өлшеу үшін қолдануына болады.
Мұғалім балалармен бірге қатырмақағаз жолағын таңдап алады, өйткені онымен өлшеу ыңғайлы болмайды. Ол жолақпен сөренің ұзындығы өлшенеді. Өлшеу кезінде жолақ шетінен бастап тура қойылады. Жолақ бікен жерге белгі қойылып, жолақ сол нүктеден бастап тағы қойылады. Осылайша сөренің екінші ұшына жеткенше ұзындығы өлшенеді (балалар мұғаліммен бірге кесінділер нешеу бол,анын санайды). «Мен жолақты неше рет қойдым?» - деп сұрайды. «Сөренің ұзындығы неге тең?»
Өлшеудің кез келген ереженің бұзылуы (өлшеуді шеттен бастамау, өлшемді тура сызықпен қоймау, т.б.) қате нәтижеге ұрындырады.
Өлшеудің дұрыс дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мұғалім балалардың ұзындықты (енін, биіктігін) өлшеуде өлшемді тура сызық бойымен қойып, өлшегіштің ұшы тұрған жерді дәл белгілеп, осы белгіден бастап өлшемді дұрыс орналастырып, толық өлшегенін («бір ұшынан екінші ұшына дейін») үнемі бақылап отырады. Дәл өлшеудің маңызын түсіндіреді. Жарма және басқа да ұсақ нәрселерді өлшегенде өлшегішті (қасық, кружка) лық толтырмай, бетпе-бет етіп салуды, суды да белгілі бір деңгейге дейін құю керектігін айтады, өйткені су ыдыстан төгіліп кетеді. Түрлі сұрақтар қоя отырып, өлшеу кезінде алынған сан аталатынын сұрайды: «Лентаның ұзындығы 4 өлшемге тең деген нені білдіреді?» Үстелдің ұзыныдығын өлшегенде алынған 4 саны нені білдіреді? «Ұзындығы осындай тақтай алғанда өлшемді неше рет қою керек?» Балалар өлшем саны заттың көлемін анықтайды деген қорытындыға келуі тиіс.
Егер бастапқыда өлшем өлшенетін затқа толықтай (қалдықсыз) орналасатындай етіп алынса, кейіннен балалр топтағы кез келген затты өлшей алады. Мұғалім егер өлшем өлшенетін зат бойын толық жаппаса, қалдық қалатынын айтады. Нәтижесінде аралас сан шығатындай заттарды таңдаған жөн. Өйткені балалар аралас сандарды салыстыруға және олардың арасындағы түрлі қатынастар орнатуға жаттығады. Мәселен, күлгін лентаның ұзындығы – 8 өлшем, сары лентанікі – 7 өлшем. Бала «Күлгін лента сары лентадан 1 өлшемге ұзын» екенін айтады. «Неге бұлай ойлайсың?», «Сары лента күлгін лентадан 1 өлшем қысқа, өйткені 7саны 8 санынан 1-ге км, ал 8 саны 7 санынан 1-ге артық».
Балалар біртіндеп өлшемдер санын өлшеп, санап үйренеді. «Бұрын өлшей отырып, біз қандай да бір затты ойда сақтайтынбыз, енді біз оларды бірден санайтын боламыз», - деп мұғалім түсіндіреді.
Өлшеуге арналған жаттығулар практикалық тапсырмалдар шешуге негізделуі тиіс. Мәселен, балалар белгілі бір өлшемдегі затты жасау, заттың көлемін салыстыру, теңестіру, суретін салу, қабырғалары 4 торкөзге сыятын шаршы қиып алу ұсынылады. Мұнда торкөз өсімдіктерді немесе аквариумға құятын судың немесе құстарды қоректендіретінастықтың белгілі мөлшерін өлшейтін шартты өлшем қызиетін атқарады. Балалар бір өлшеммен көлемі бірдей заттарды өлшегенде бірдей сан шығаынын, ал бірдей өлшеммен көлемі әртүрлі затты өлшегенде шығатын сан әртүрлі болатынын түсінуі тиіс. Заттың өлшемі кіші болған сайын сан да кіші болады.
Балалардың біріне ұзын жолақтың көмегімен үстелдің ұзындығын, ал екінші бір бала қысқа жолақпен үстелдің енін өлшеу тапсырылады. Балалардың қайсысы өлшемді көбірек қойып шықты, неге, соны анықтайды. «Өлшем нәтижелерін салыстыруға бола ма? Неге салыстыруга болмайды?»
Келешекте бірдей өлшемдердің көмегімен өлшемі түрлі заттарды және керісінше, өлшемі бірдей заттарды түрлі өлшемдердің көмегімен өлшеу нәтижелерін салыстыруға арналған тапсырмалар кезек қолданылады. Неге әртүрлі сан шыққанына бірден тоқталып отырады. Балалар екі шама да бірдей өлшеммен өлшенгенде ғана нәтижелерді салыстыруға болатынына көз жеткізеді.
Балалардың түсініктерін жалпылауға мынадай сұрақтар көмектеседі: «Қызыл лентаның ұзындығы – 5 өлшем, көк лентаның ұзындығы осындай 6 өлшем болғанды, лентаның қайсысы ұзынырақ? Ленталардың ұзындағын қалай бірдей еуге болады? Егер бұдан үлкендеу (кішілеу) өлшем алсақ, сан өзгере ме? Егер лентаны мына кішкене өлшеммн өлшесек, содан кейін үлкен өлшеммен өлшесек, қай кезде үлкен сан шығады?»
6-сабақ. Геометриялық фигуралар
Сабақтың мақсаты: геометриялық фигуралар туралы білімді бекіту; нүкте, сызық, түзу және сызық, кесінді туралы түсініктер қалыптастыру.
№1 тапсырма. Иілгіш сым темір туралы ертегіден бастауға болады. Бұл сым темірдің көмегімен геометриялық фигуралар келтіруге болады. Тақтадағы сурет: түрлі сызықтар, нүктелер, қисық, тура сызықтар. Тақтааға, қағазға, ауаға, құмға және т.б. сурет саламыз.
Нүкте, түзу, қисық сызықтарды бейнелейтін адамдардың (балалар) иллюстрациясы балаалрды олардың атауымен таныстыруға мүмкіндік береді. Балалар тақтаға бор немесе маркермен, қағазға қарындашпен осы фигураларды салып жаттығады.
Кесінді қалай пайда болғанын көрсету үшін ертегі айтып беруге болады немесе екі жағынан керілген сым темірді немесе жіпті пайдалана отырып, тура кесінді қалай пайда болатыны көрсетіледі.
№2 тапсырма. Ені әртүрлі отырғышқа аңдарды орналастыру. Жапсырма қағаздарды (наклейка) таңдап алып, төменде көрсетілгендей етіп жапсыру керек. Ені бойынша салыстыру туралы түсініктер нақтыланады. Балалардың бұл түсініктерді шатастырмауын қадағалау керек.
№3тапсврма. Балалар тиісті түс арқылы кестедегі ұяшықтарда берілген геометриялық фигураларды бейнелейді. Суретті сала отырып, Фигураны атау керек: мен қызыл кесінді сызып жатырмын, мен көк түзу сызық сызып жатырмын, т.б.
№4 тапсырма саусақ қимылдарын дамытады және жаңа тақырыпты бекітуге мүмкіндік береді. Мұғалім сыртына шығармай сызық жүргізіп, ішін бояу қажеттігін еске салады. Сызықтарды атын атай отырып жүргізіп шығады.
Ауызша жұмыс үшін «Ұлудың жолы» немесе «Көліктің жолы» үлестірмелі материалын ұсыныңыз. Алдымен бағдарша бойынша қимыл бағытын қайталаңыз. Нүктелерді санаңыз.
Заттардың қасиетін бекіту үшін үлестірме материал пайдаланыңыз. Суреттегі заттарды қарастырамыз. Әрбір карточкадағы заттарды топтарға бөлуге бола ма? Әр топты бір сөзбен ата.
Металдан жасалған түрлі пышақ, шанышқы, қасық, ара, бұранда, гайка кілтінің суреті берілген (ас үй заттары мен құрал-саймандарын екі топқа жіктеу)
|
Киім және аяқкиім суреті берілген (шалбар, майка, жейде, көйлек, крассовка, туфли, етік)
|
Жабайы және үй жануарларының суреті берілген (түлкі, қасқыр, ая, кірпі, мысық, ит, сиыр, ешкі, ...)
|
Жасыл және сары көкөністердің суреті берілген (қияр, кәді, жасыл бұрыш, сары бұрыш, асқабақ, патиссон, сәбіз)
|
6 жасар балаалрдың ұғымталдығы дамытылады, геометриялық фигураларды өзгертуді үйренеді, мәселен, бірнеше үшбұрыштан төртбұрыш, бесбұрыш, шеңбердің бөліктерінен толық шеңбер жасайды. Мұғалім балаларда бар фигураларға көз жүгіртіп, пішіні бойынша оларды бөлуге тапсырам береді, олар қалай аталатынын, өлшемі қандай екенін айтады, содан кейін 2-3 фигура алып, оларды біріктіре отырып қандай фигуралар құрастыруға болатынын ойластырады. Тапсырманы орындағаннан кейін балаалр қандай жаңа фигуралар шыққанын, олар қандай фигуралардан құрастырылғанын әңгімелейді. Бөлшектерден тұтас фигура құрастыра отырып балалар 2-4 жартыдан неше шеңбер құрастыруға болатынын табады, т.б.
Балалармен жұмыс жүргізгенде геометриялық мазмұндағы қызықы ойындар мен жаттығулардың пайдасы мол. Олар математикалық білімге деген қызуғышылықтарын арттырады, балаалрдың ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар бас қатыратын, жұмбақ тапсырмаларды жақсы көреді. Мәселен, бір фигураны екіншісіне біріктіре отырып, 7 таяқшадан 2 шаршы құрастырады. 1,2,3 таяқшаны өзгерте отырып, бір фигурадан басқа игура алады (үйдің фигурасынан жалау жасайды және т.б.); қандай да бір аппликация картина құрастыруда неше шеңбер,үшбұрыш, тіктөртбұрыш қолданылғанын анықтайды; сызба немесе өрнек қандай фигуралардан құрастырылғанын, олар нешеу екенін табады. «Танграм» (геометриялық конструктор)ойынын ойнау барысында балалр қоян, тырна, әтеш және басқа аң-құстардың күрделі фигураларын құрастырады, оларды қарапайым 7 геометриялық фигурадан жасайды.
Мұғалім балалардың дербестігін жоғары бағалап, оларды тапсырманы өздері орындаса қызықты болатынына сендіреді. «Мына фигураларға қараңдар. Ол кімді елестеді? Ия, бұл – әтеш. Бұл әтешті 7 фигурадан құрастыру қажет. Бұл фигура қандай бөлшектерден тұратынын қараңдар. Әр бөлшегі қандай фигуралардан құралған? Олардың шамалары қандай және қалай орналасқан? Әтештің фигурасы қалай құрастыратындарыңды айтып беріңдер», - деп балаларды ой жүгіртуге, жұмыс істеуге ынталандырып, соңынан шешімін тексереді. Бастапқыда мұғалім балалармен бірге фигураны қарастырып, содан кейін талдау жоспарын берсе, енді балалрды өздігінен талдау жасауға үйретеді. Балалар алғашқы 2-3 күрделі фигураны оның жалпы контуры ғана берілген үлгісіне қарап құрастырады. Кейіннен олар 7 фигураны пайдалана отырып, қандай заттар бейнелеуге болатынын өздері ойластырады.
Тапсырмаларды орындау барысында мұғалім балалардың шешу жолын дұрыс таңдамаудан бас тартуға үйрете отырып, ойлау икемдігін дамытады («Дұрыс шықпаса, басқаша қалай жасауға болатынын ойлан»),қатты қиналса, жартылай шешімін көрсетеді,дұрыс тапқан алғашқы қадамына мақтау айтады(«Бұл фигураларды сен дұрыс қойдың, әрі қарай не істеу керектігін ойлан»).Тапсырмалар балалар орындай алатындай болуы тиіс,әйтпесе олардың қызығушылығы басылып қалады.Сондықтан геометриялық сипаттағы танымдық тапсырмалар балалар пішін туралы білімді меңгергенде, оларды дұрыс атап қана қоймай,оларды құрастырып,өзгертіп,айналадағы заттардан геометриялық негіз көре алатын кезде беріледі.
7-сабақ.Уақыт арқылы бағдарлау.
Сабақтың мақсаты:балаларды кеңістікті бағдарлауға және уақыт қатынастары туралы түсінік беруге үйрету;заттарды белгілері мен қасиеттеріне қарай ажырату және топтарға жіктеуге,топтарды бір сөзбен атауға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |