Сабақ тақырыбы: Бата сөз. Ел мен жерге берілетін бата
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: қазақ халқының өміріндегі батаның рөлі, ұлағатты сөздері түсінуге мүмкіндік беру.
Дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауға, мәселені шешуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: мәтін идеясындағы халқымыздың, ата-бабамыздың ұлттық ұстанымдары мен мінез-құлықтарындағы жақсы қасиеттерді балалардың өз бойына сіңіруіне жетелеу, негіз қалау.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: бата түрлері
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылығын ояту.
- Бата дегеніміз не?
2. Мағынаны тану.
- Ендеше, осы пікірлеріңді есте ұстай отырып, «Ел мен жерге берілетін бата» мәтінінің мазмұнын іштей түсініп оқыңдар және өздерің айтқан ой-пікірлеріңмен салыстырыңдар.
Мәтін оқылып біткенде:
Бата мазмұнындағы өзіңе әсер еткен жақсы сөзді жазып ал.
1 топ: «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», — дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Ақ бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Өзінің адал жаны, бүкіл рухы, өткен тарихы сөзге тығыз байланысты қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді.
2 топ: Ақ бата – қазақ халқы үшін – Ой, Ниет, Тілек, Істің жиынтығы, барлық наным-сенімнің бірлігі. Сол себепті, қазақ халқы көне – көк түрік заманынан қазірге дейін өзінің барлық ізгі істерін ақ тілекке толы ақ батамен бастап келеді, келешекте де әр қадамын ақ батамен аттайтын болады.
3 топ: Бата – негізінен, намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға. Қазақ баталары соның үлгісінде айтылатын бір түрі. Батаның қысқасы да, ұзыны да болады. Түрлері де әртүрлі. Мұның бәрі бата берушінің шешендігіне, ақыл-ой, парасатының дәрежесі-не тығыз байланысты. Егерде сөздері асыл болса, ол ақ ниетпен айтылса, қысқа батаның да, ұзын батаның да қадір-қасиеті, құдіретті күші бірдей. Тек оның қабыл болу – болмауы жалғыз ғана Ал-лаһ Тағалаға аян.
4 топ: Батаның негізгі түрлері:1. Ақ бата. 2. Теріс (қарғыс) бата. 3. Серттесу батасы (Баталасу).
Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жат-қан өсиетнама, Аллаһ Таға-ладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке –бір-лікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жү-зеге асырылатын мақсат, мүд-делерді белгілеу. Соған сәй-кес, ақ бата көбінесе мынан-дай жағдайларға байланысты беріледі: жаңа туған нәрес-теге, өмір жолын жаңа баста-ған ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі қолға алушыларға, жорық-шеруге аттанушы сар-баз, сардарларға, түрлі жақ-сылықтарға арнап жасалын-ған тойларға, аруақтарға ар-
налған асқа, жауын тілеген тасаттыққа, жиналған егінге, садақа, құрбандыққа, қонақасыға, күздік, соғымға сойылған малға, сойылған соғым басына, қонақасыға, Наурызға (Наурыз бата), Жаңа жылға, мүшел жасқа, дастар-қанға, Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата).
Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», — деп айтып кеткен ғой. Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.
3. Ойтолғау.
- 1 топ: Бата сөзіне "бесжол өлең"
2 топ: бол
бол
бол
бол
3 топ: берсін
берсін
берсін
берсін
4 топ: "Батамен жер көгереді" эссе жазады.
Бағалау. (бағалау парағы арқылы)
Оқушыларға мәтін мазмұны арқылы даналық, ақыл, парасаттылық ой қазақ халқының тілінен көрінетінін байқату.
«Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», — дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Ақ бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Өзінің адал жаны, бүкіл рухы, өткен тарихы сөзге тығыз байланысты қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді.
сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді.
Ақ бата – қазақ халқы үшін – Ой, Ниет, Тілек, Істің жиынтығы, барлық наным-сенімнің бірлігі. Сол себепті, қазақ халқы көне – көк түрік заманынан қазірге дейін өзінің барлық ізгі істерін ақ тілекке толы ақ батамен бастап келеді, келешекте де әр қадамын ақ батамен аттайтын болады. Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жат-қан өсиетнама, Аллаһ Таға-ладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке –бір-лікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жү-зеге асырылатын мақсат, мүд-делерді белгілеу.
Бата – негізінен, намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға. Қазақ баталары соның үлгісінде айтылатын бір түрі. Батаның қысқасы да, ұзыны да болады. Түрлері де әртүрлі. Мұның бәрі бата берушінің шешендігіне, ақыл-ой, парасатының дәрежесі-не тығыз байланысты. Егерде сөздері асыл болса, ол ақ ниетпен айтылса, қысқа батаның да, ұзын батаның да қадір-қасиеті, құдіретті күші бірдей. Тек оның қабыл болу – болмауы жалғыз ғана Ал-лаһ Тағалаға аян.
Батаның негізгі түрлері:1. Ақ бата. 2. Теріс (қарғыс) бата. 3. Серттесу батасы (Баталасу).
Соған сәй-кес, ақ бата көбінесе мынан-дай жағдайларға байланысты беріледі: жаңа туған нәрес-теге, өмір жолын жаңа баста-ған ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі қолға алушыларға, жорық-шеруге аттанушы сар-баз, сардарларға, түрлі жақ-сылықтарға арнап жасалын-ған тойларға, аруақтарға ар-
налған асқа, жауын тілеген тасаттыққа, жиналған егінге, садақа, құрбандыққа, қонақасыға, күздік, соғымға сойылған малға, сойылған соғым басына, қонақасыға, Наурызға (Наурыз бата), Жаңа жылға, мүшел жасқа, дастар-қанға, Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата).
Достарыңызбен бөлісу: |