III. Сабақты бекіту.
1-қатар. «Су – тіршілік көзі» тақырыбына шығарма жаз.
2-қатар. «Сусыз өмір жоқ» тақырыбында суреттер сал.
IV. Үйге тапсырма.
1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айту.
2. «Бұлақ», «Су», «Тазалық», «Адалдық», «Шынайылық» тақырыбында мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылпаштар жинақтау.
Сабақтың тақырыбы: Көл басында.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; көл айналасындағы табиғат көрінісімен, құстар тіршілігімен таныстыру.
Дамытушылық:оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға баулу; экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: көлдің суреттері, аң-құстарлың суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг.
ІІ. Жаңа сабақ.
Жұмбақтар
1. Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна.
(Көл)
2. Бұйра жасап сан қилы,
Сұйық жазық шалқиды.
(теңіз)
3. Қия шыңнан құлайды,
Тасты бұзып арыны.
Ақжалданып тулайды,
Құлақ жарар сарыны.
(сарқырама)
4. Сынаптай жылтырап,
Биіктен сырғиды,
Ән салып былдырап,
Іздейді ылдиды.
(бұлақ)
5. Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп, жарыпты.
(өзен)
Қазақстанда өзен-көлдер, теңіздер өте көп. Көлдің түрлері: ағынды көл, тұйық көл, жерасты көлі, қалдық көл, т.б.
Сендер қандай өзен-көл, теңіздерді білісіңдер?
Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді түсініп оқу.
- Мазмұнын ашу.
- Сөздік жұмысын жүргізу.
- Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сұрақтарға жауап беру.
- Әңгіме саған несімен ұнады?
- Саматқа мінездеме бер.
- Әңгімені бөліктерге бөліп, ат қой.
- Аң-нұсқа қамқорлық жасауды ұмытпа.
ІІІ. Сабақты бекіту.
Өз басыңнан өткен осындай оқиға жайлы шығарма жаз.
ІV. Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып келу.
Үйректің түрлері туралы жазып келу.
Сабақтың тақырыбы: Қаңбақ пен Жантақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қанбақ пен Жантақмысалын түсіндіре отырып, оның негізгі идеясын ашу.
Дамытушылық:оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өз бетінше жұмыс орындауға баулу.
Тәрбиелік:оқушыларды еңбекқорлыққа, адалдыққа, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу .
Сабақтың әдіс тәсілдері:әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
оқушылардың назарын сабаққа аудару.
1. Қызығушылық ояту.
Ой шақыру.
табиғат деген не?
Топпен жұмыс.
Әр топқа сурет таратылып беріледі. Оқушылар олардағы табиғатқа қатысы бар заттарды, құбылыстарды анықтайды. Әр топ бір оқушы шығып, сыныпқа өз шешімдерін айтып береді.
2. Мағынаны тану.
а) Оқулықтан Қаңбақ пен Жантақ мысалын оқу.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу (кестеге түсіру).
б) Топтарда толықтырылған кестелер бойынша пікір алысу.
в) Ұжым үшін түсініксіз ұғымдарды, ақпараттарды бірлесе анықтау, талдау.
г) Жақсы әдет пен жаман әдетті немесе Қаңбақ пен Жантақ мысалдағы кейіпкерлері Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
Қаңбақ Жантақ
3. Ой толғаныс.
Топпен жұмыс.
1 топ. Мысалға байланысты сурет салу.
2 топ. Мысал кейіпкерлеріне өлең шығару.
3 топ. Жалқаулық, еріншектік туралы мақал-мәтелдер айтқызу.
«Әңгімелер кестесі» стратегиясы.
«Бидай мен Қаңбақ» және «Жантақ пен Қаңбақ» мысалдарына байланысты әңгімелер кестесін толықтыру.
1. Мысалдың аты
Бидай мен Қаңбақ Жантақ пен Қаңбақ
2. Мысал кейіпкерлері
Бидай, қаңбақ Жантақ , қаңбақ
3. Оқиғаның болған жері
Егістікте Жазық далада
4. Тапқыр, ақылды кейіпкер
Бидай Жантақ
5. Пайдасыз кейіпкер
Қаңбақ Қаңбақ
- Мысал бізге не үйретті?
- Мысал арқылы қандай қорытынды жасар едің?
Үйге тапсырма.
«Қаңбақ пен Жантақ» мысалын рөлге бөліп оқып келу.
29-сабақ
Күні: 22.10.13
Сабақтың тақырыбы: Көкшенің кеудесінде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, Көкше табиғаты туралы түсінік алуларына жағдай жасау.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, байланыстырып жазу, сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: табиғатты сүюге, көркейтуге, демалысты дұрыс ұйымдастыра білуге баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау.
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ:
Қызығушылығын ояту: Жұмбақтас, Оқжетпес туралы аңыз айту.
Мағынаны тану:
Мәтінді түсініп, зерттеп оқу.
Тапсырмалар орындау.
Көкше табиғатын суреттеп айт.
Көкше табиғатын асқақтатып тұрған көркемдеуші теңеу сөздерді жаз.
Көкше табиғаты авторға не дегендей болды?
Мәтінді әңгімелеп айт.
Ой толғаныс
«Кербез Көкше» бойынша шағын шығарма жазу.
Көкше табиғатына өлең жазып көр.
ІҮ. Үй тапсырмасы:
Мәтіннің мазмұнын түсініп оқып келу.
«Көкше көрінісінің» суретін сал.
Ү. Бағалау: Біліміне қарай бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |