Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушылардың қыс мезгілі, жаңа жыл мерекесі туралы түсінігін кеңейту



бет3/4
Дата17.04.2017
өлшемі0,59 Mb.
#14150
түріСабақ
1   2   3   4

2.Мағынаны тану.

-Балалар, сендердің көлдерің тамаша екені сөзсіз. Ал бүгін біз ақын Т. Молдағалиевтың «Көлі» қандай екенін көреміз. Мүмкін, сендердің көлдеріңе ұқсайтын шығар. Ол үшін көлге зерттеу жүргізу керек.

Төрт топ төрт шумақты бөліп алды. Әр топ сол шумақ мазмұнына байланысты көл сипатын плакатқа түсіріп, тақтаға әр топтан бір оқушы шығады. Топ жұмысы тақтаға ілінді. Нәтижесінде күндізгі көл, кешкі көл , таңғы көл бейнесі шығады. Оқушылардың талдауларына қарай әртүрлі сұрақтармен өлең мазмұнын ашыла түседі. Мысалы, Көл тіршілігі сумен ғана өлшене ме? Ол немен әдемі? Тал-құрақтар көлге қалай еркелей қарайды? Кешкі көл бетінде қандай жел соғады? Ақын көлді неге «айна көл» деп атайды? Ақын сипаттаған әдемі көл қай топтың көліне ұқсайды? Оқушылардың жауаптары тыңдалып пікірлері ортаға салынады.

Сабақ соңынан оқушыларға жинақтау сұрақтарын қоюға болады.

-Балалар, бүгінгі сабақтан өздерің үшін қандай әсер алдыңдар?
3. Ойтолғау

-Осындай тамаша көлдің табиғатын бұзбау үшін, адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?

Немесе көлдің әдемілігін қалай сақтап қалуға болар еді? Эссе, бес жолды өлең жазу.

Егер уақыт жетпесе, үйде аяқтауға болады. Ескерту. Автормен таныстыруды «Балдырған журналымен» байланыстыру қажеттігі сөзсіз (Т. Молдағалиев – көп жылдардан бері «Балдырған» журналының бас редакторы.)

Сабақ соңынан оқушыларға жинақтау сұрақтарын қоюға болады.

-Балалар, бүгінгі сабақтан өзднріңе қандай әсер алдыңдар?

-Сен өз тобында жұмыс жасау кезіңде қандай қиындыққа тап болдың?

-Топпен жұмыс кезінде бір-бірлеріңе деген көмекті қалай сезіндіңдерн?

Әрине, бұл сұрақтар мұғалімнің ары қарай жылжуы керек. Себебі кейбір бала топпен жұмыс кезінде үнемі шеттеп, белсенділер ғана сөйлеп, қалған балалар тысқары қалуы мүмкін.


Пәні.Әдебиет.5-сәуір.

Сабақтың тақырыбы: Әнет баба. Әнуар Мамашәріптегі.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: қазақ халқының өміріндегі билердің рөлі мен тарихтағы орнын олардың ұлағатты сөздері арқылы түсінуге мүмкіндік беру.

Дамутышулық: өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауға, проблемалық мәселені шешуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: мәтін идеясындағы халқымыздың, ата-бабамыздың ұлттық ұстанымдары мен мінез-құлықтарындағы жақсы қасиеттерді балалардың өз бойына сіңіруіне жетелеу,т негіз қалау.

Сабақтың көрнектілігі және қажетті құралдар: Төле би портреті, бар болса, Әнет бабаның ескеткіш жобасындағы бейнесі ұсынылады, тақта, бор, плакат, маркер.

Сабақтың барысы:

1.Қызығушылығын ояту.

Жалпы сынып оқушыларына қойылатын сұрақ тақтаға жазылады:

Қинағанда кім кімнен ақыл сұрайды?

Осы сұраққа жауап қысқаша жазылады. Жазу, сызба, т.б. түрінде берілуі мүмкін. Мысалы, бала анасынан, одан үлкеннен, одпн да үлкендерден......деген ойлар айтылса, сіз мыанандай сұрақ қоясыз:



- Егер үлкендер жауап бере алмаса ше?

-Мұғалімнен, білімді адамнан сұралады деген жауап болуы мүмкін. ( Б3зге керегі білімді, дана адамадар деген сөздер. Балалардың біреуі болмаса,біреуі жазбауы мүмкін емес).

2.Мағынаны табу,

-Ендеше,осы пікірлеріңді есте ұстай отырып, «Әнет баба» мәтінінің мазмұнын іштей түсініп оқыңдар және өздерің аймқан ой-пікірлеріңмен салыстырыңдар

Мәтін оқылыпбіткенде:

Балалар мәтінді оқығанда неге таңдаңдыңдар?

3.Ойтолғау.

-Сендерде де бірлік туралы мақал жазындар.

-Әнет бабаның Төле биді қабылдауына,сөздеріне қарап,ол қандай адам деп ойлайсыңдар?(оқушылар мәтінді қайта оқуға ліріседі.Ойларын дәллдеу үшіндауыстап оқиды).

-Сен осындай дана адамның алдына бара алар ма едің?Ойыңды жеткізіп ,эссе жаз.

Оқушыларға мәтін мазмұны арқылы даналық ,ақыл,парасаттылық ой қазақ халқының тілінен көрінетінін байқату.Қажетті көрнекіліктерді пайдалану мұғалімнің таңдау,талғамына байланысты.

Сабақтың тақырыбы:Енші үлесу.Тоқымқағар.Қ.Мырза Әли.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:мәтін және өлеңнің тақырыбы мен идеяларын ұлттық салт-дәстүрұғымдарымен байланыстыра талдауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық:ой-қиялының ,ауызша және жазбаша байланыстыырп сөйлеу қабілетінің дамуына ықпал ету

Тәрбиелік:баланың бойында ұлттық салт-дәстүр ұғымдарын сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы сіңіруге ықпал ету,халық даналығын сезінуге ,еңбекті сүюге,аеа-анасына қамқорлық жасауға ,қазақ халқының салт-дәстүрін білуге баулу.

Сабақтың көрнектілігі және қажетті құрал жабдықтар: плакат, бор,маркер,тақта,т.б

Сабақтың барысы :

1. Қызығушылықты ояту.

а) Балалар ертеде жеклеген немесе топталған адмадар өз өмірлеріне қауіп төнгеніне қармастан, бір нәрсені іздеп,орман, теңіз,тау, тіпті бақпақтардан өтіп,сапар шеккен.Олар кімдер және нені іздеді екен Ендеше біз де бүгін жасырылған жұмбақ затты іздеп табу керек. Ал оны табу үшін сендерге мына карта жоба ұсынылады.Әр түрлі белгілерді ұқсату арқылы балалар бұл сынып жобасы екенін аңғарады. Осы жобадағы қандай да бір бал мән береді ау деген шартты белгі арқылы жасалған зат орнын табу керек.Оны тапқан бала алып келеді.Ол сандықша ма әлде цилиндр пішінді орам бола ма, оқушылардың көзінше ашылып ішіндегі плакатқа жазылған жазууу оқылады да, тақтаға ілінеді. Мұнда «Енші» деген сөз жазылған екен (мұндай ойын элементін тарау тақырыбының «қазына» сөзі мағынасын ашу кезеңінде де қолдануға болады).

2. Мағынаны тану.

Енші сөзіне мән бере отырып, оқушылар мәтінді мағынасын түсіне отырып іштей оқиды.

Тақтаға немесе плакатқа екі жоспар жазылады.

- Балалар, осы екі жоспардың қайсысы сендерге ұнайды?

Неліктен?

№1 №2


1. Әке өсиеті. 1. Әкесінің балаларына өсиеті.

2. Әке өсиетінің орындалуы. 2. Шешімі қиып дау.

3. Кісі ақылына сену.

4. Өкініш.

- Сонымен, еншіні кім және ол кімге беріледі екен?

- Еншіні бөлуде ағайындылар арасында дау шыққанына сенің көзқарасың қалай? Әлде, әке өсиеті дау болатындай дұрыс емес пе?

- Балалар неге түксіз қалды?

- Енші берілмесе, өкпелеуге бола ма?

- Сен оларға қандай ақыл айтар едің? Бір сөйлеммен дауды шешу жолын жазып көр. Бұл жерде оқушылардың сан түрлі ойларын тыңдай отырып, адамгершілік жолымен үлкенді кіші сыйлау, дүниеден гөрі туыстық қымбат екенін білдіретін ойға әкелу, жақындату керектігі қорытындылануы абзал.

Мәтінді кездескен түсініксіз сөздерді түртіп алып, қайта оқып шығу.

Мысалы: мирас, қоңсы, мал-мүлік.

- Халқымызда сан түрлі салт-дәстүрлер өте көп. Біз енді ақын Қадыр Мырза Әли аталарының «Тоқымқағар» өлеңімен танысып көреміз деп, тақырыпты тақтаға жазу.

- Тоқымқағар деген сөзді естіп көргендерің бар ма?

- Енші бөліп беру туралы әңгіме өз отбастырыңда болды ма?

Тоқымқағар түсініктемесін оқулықтан бір оқушыға оқыту.

- Тоқымқағар қандай ниетпен жасалады? (Қуаныш, жақсылық, аманшылық тілеу).

Өлеңді оқыту.

Өлең мазмұны бойынша баланың алғаш рет атқа отырғандағы қуанышты, күдігі, қорқынышы, мақтанышы, өзін-өзі ұстауы – барлық сезімдері қалай берілгенін талдай отырып, өмірімен байланыстыру. Оқулықтың тапсырмала мен сұрақтарын пайдаланып, жұмыс жүргізу.


3. Ойтолғау.

Яғни балаға өмірінде алғаш рет атқа, пойызға, ұшаққа, есекке, қайыққа отырғандағы сезімдері туралы және ата-анасының қуанышынсипаттау.

- Сонымен, қазақ халқы баласының өміріндегі әр жетістігіне қуаныш, әртүрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар ұстанады екен.

Лездеме. Бұл ауызша сұрақтар баланың салт-дәстүр мен әдет-ғұрып туралы түсінігін кеңейту үшін жүргізіледі.

1. Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қандай салт-дәстүр жасалады?

2. Кішкене баланың неге тұсауы кесіледі?

3. Жиені үшін нағашысы төлдің құлағына неліктен ен салып береді?

4. Төрге кім отырады?

5. Ас ішіліп болған соң, не айтылады? ...

Сіз өз мүмкіндігіңізге қарай басқа сұрақтар дайындап келуіңізге болады.

Үйге тапсырма беру кезінде қазіргі ата-аналар балаларына қандай енші беретіні туралы үлкендерден сұрап білу тапсырылады.



Сабақтың тақырыбы: Сары ләйлек.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ертегі мазмұнын түсініп оқуға, идеясын ашуға және өткен сабақтармен байланыстыра отырып, ертегі ерекшелігін байқауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: салыстыруға, дәлелдеуге, ойын нақты, көркем тілмен жеткізугеее үйрету жаттығулары арқылы оқушының сөздік қорын дамыту; көркемдік пен әдемілікті ауыз әдебиетінен көре білу керектігін түсінуге жағдай туғызу; халық даналығы адамзат баласына тән қасиет екенін байқату.

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтағы сурет, интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Әңгімелер кестесі» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Үзінділер қандай ертегілерден алынғанын табу (тақтада жазулы тұру керек).

1. – Бәрібір сен үйге аман-есен келгенше уайымдап, санадан сарғаяиын боламын, -деп күрсінді әке-Бұғы.

2. ... Күндердің күнінде қобдиын қолтықтап, таныс емес бір ауылға аттанады (2-сынып, «Етікші»).

3. – Жоқ балығым, сол есепен мен сені жібере алмаймын (2-сынып, «Балықшы мен Балық» ертегісі).

Сұраққа жауап іздеу:

- Ертегілерді оқу арқылы не білеміз?

Тақтаға жауаптар жинақталып жазылады.

Мысалы: халықтың тұрмыс-салтын;

әдет-ғұрпын;

адамгершілік қасиеттерін;

шешендігін;

даналығын;

батырлығын;

тапқырлығын білеміз.
2. Мағынаны тану.

Ендеше, осы қасиеттер «Сары ләйлек» ертегісінде қалай көрінгенін оқып, білейік. Ертегіні басынан бастап, «... Ал қош болыңыз» деген жерге дейін оқып, мазмұнын түсіну.

- Ертегінің осы үзіндісінен не түсіндіңдер?

- Ертегі кейіпкерлерінен атаңдар.

- Қытай халқының ертегісі екенін қалай ажыратуға болады? «Адам атынан, оқулықтағы суреттен).

- Оқиға ары қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар? (Болжау).

- Сендерді қызықтырса, ары қарай оқиық, - деп аяғына дейін іштей оқу тапсырылады.

Ары қарай мәтін бойынша талдау жұмысы жүргізіледі.

Ертегідегі Ми мен шайхана қожайынын салыстыру.

Ми Қожайын

ақылды ақшақұмар

өнерлі мейірімді

адал ақылы аздау

көп сөйлемейтін

жұмбақ адам

- Шайхана қожайыны Ләйлектен айырылған соң, қандай күй кешті деп ойлайсыңдар?

- Мидің өзінше сонша жақсылық жасаған қожайынға ештеңе айтпай өкпелеп, үнсіз кетуі дұрыс па?

Ертегінің соңғы екі сөйлемін оқып, ертегінің идеясын ашуға мүмкіндік жасау.

Тақтадағы «Ертегілерді оқу арқылы не білеміз?» сұрағының жауаптарына қайта оралып, осы ертегіден жазылғандардың қайсысы байқалғанын іздеу, дәлелдеу.

Немесе келесі жұмыс: үй тапсырмасы болған «Құмырқаның қанағаты» ертегісімен салыстыру үшін «Әңгімелер кестесі» стратегиясы қолданылады.

Құмырсқаның қанағаты сары ләйлек

Авторы

Ауыз әдебиетінің түрі Ауыз әдебиетінің түрі



Оқиға орны

Қазақ жері, бақ іші Қытай жері, шайхана



Қамау

Құмырсқаны қамау Ләйлекті шайханада ұстау



Оларды неге еріксіз қамауда ұстауы?

Құмырсқаның қанағатын анықтау Ләйлек барлық адамға

адамды таңдандырды бірдей қызмет етуді білмеген

әділетсіздігі үшін қожайыннан

кетіп қалды

Бұл жұмыс арқылы оқушының үй тапсырмасын меңгергені анықталады. Немесе «Мен сары ләйлек болсам» деген тақырыпта эссе, мысал шағын ертегі жаздыру.

Бұл – ертегілерді салыстыру, идеясын ашу, ертегінің ауыз әдебиеті үлгісінің бір түрі екенін түсіну мүмкіндігін ажыратуға арналған жұмыс үлгісі.

Сабақ жоспарынан қажеттісін таңдап алу- мұғалімнің құзырындағы жұмыс.



Сабақтың тақырыбы: Қоңыр қозы. Т.Жұртбаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Мұхтардың балалаық шағынан мәлімет бере отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсініктерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге жағдай жасау.

Дамытушылық: сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету.

Тәрбиелік: адамгершілдікке, үлкенді құрметтеуге баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

1. Жазушы суретін көрсете отырып, заңғар қаламгер Мұхтар Әуезов туралы қысқаша мағлұмат беру.

2. Мәтінді оқушыларға абзацтан бастап кезектестіріп оқыту.

3. Мына сұрақтар арқылы оқушылардың мәтін мазмұнын түсінгенін байқау:

а) Бала Мұхтар неліктен қысылды?

ә) Жас Мұхтар Абай атасының өсиетін қалай орындады?

б) Әңгімені неліктен «Қоңыр қозы» деп атаған?

4. Тапсырмаларды орындау:

а) Бай ауылының көрінісі суреттелген тұсты әңгімеле.

ә) Мәтіннен Мұхтар ауылы суреттелген тұсты тауып айт.

б) Көркем, бейнелі сөздер мен сөз тіркестерін тапқызу, оларды дәптерге жазғызу.

в) Мына жолдарды жазу: «Қиқулаған қаздар көгілдір толқынды көлге қонып, қанаттарын сабалай, жүзе жөнгеледі» (дәптерге жазып, жаттау немесе осы сөйлемнен үш жай сөйлем құрату керек).

ІІІ. Сабақты бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу.


Сабақтың тақырыбы: Жаз келер. Ш. Құдайбердіұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, әрі ойын жүйелі жинақтап сөйлеуді үйрету.

Дамытушылық: жазғы еңбек түрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.

Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін сүюге және еңбек етуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.

САбақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, альбомдар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушы назарын сабаққа аудару.

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Төрт мезгіл.

- Аттарын атату: қыс, жаз, күз, көктем.

Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Көбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Жаз)

Ендеше бүгінгі сабағымызда Ш.Құдайбердіұлының «Жаз келер» өлеңімен таныс боламыз.


Демалысқа шығамыз

Ата-әжемізге барамыз.

Лагерьге барамыз.

Суға шомыламыз.

1.Жаз мезгілі туралы сюжетті суреттер, альбомдар көрсету.

2.Ш.Құдайбердіұлының өмірбаянымен таныстыру.

Ш. Құдайбердіұлының – қазақтың аса көрнекті ақыны. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абайдан үлкен тәрбие алған.Өз бетінше білім қуып,білімдар

болған кісі.Сонымен бірге қажылыққа барған.

3.Ш.Құдайбердіұлының «Жаз келер» өлеңін жатқа оқу.

4.Мазмұнын ашып түсіндіру.

5.Сөздік жұмысын жүргізу.

6.Оқушыларға тізбектей оқыту.

Сұрақтар:

Жазда ауа райы қандай болады?

Жазда жер беті қандай?

Балалар жазда не істейді?

Жан-жануарлар,құстар,тіршілігінде не өзгереді?

Жаздың шілде айы қандай болды?

Өендер калай ағады?

ІІІ.Сабақты бекіту.

Жаз мезгілінің ерекшеліктерін дәптеріңе жаз.

Жазда

Балақай-ау, балақай,

Жаз келеді-ау,алақай.

Жалаңаяқ жүреміз.

Балақты да түреміз.

Көлден балық сүземіз.

Жалтылдатып тіземіз.

Тау мен тасты кеземіз.

Сан қызықты көреміз.

Сайдан жидек теземіз.

Тайға мініп желеміз.

Алтыбақан тебеміз.

Мақал-мәтелдер

  1. Жаздың бір күні – қыстың мың күнін асырайды.

  2. Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

  1. Шағала келмей жаз болмас,

Шаңқан келмей боз болмас.

  1. Жаз сайға қонба,

Қыс қырға қонба.

IV. Үй тапсырмасы.

«Жаз келер» өлеңін оқып келу.

Жаз тақырыбында шағын өлең құрастыру.

Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ. Ы. Алтынсарин.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға «Таза бұлақ» мәтінін түсіндіру;

Ы. Алтынсарин туралы білетіндерін тиянақтай түсу.



Дамытушылық: мәнерлеп оқу шеберліктерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыруң.

Тәрбиелік: бұлақтай таза болуға, жақсыдан үеренуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, «Таза бұлақ» жинағы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



II. Жаңа сабақ.

Бірде былдыр-былдыр,

Сәбилердің тіліндей

Бірде сыңғыр-сыңғыр,

Қоңыраудың үніндей.

Ән сап жатқан ерінбей.

Бұл не?

Бұлақ дегеніміз не? (Білетіндерін сұрау).



Бүгін Ыбырай атамыздың «Таза бұлақ» әңгімесінен таныс боламыз.

  1. Мұғалімнін оқуы.

  2. Сұрақтар:

– Үш жолаушы бұлақ басынан қандай жазу оқыды?

– Үш жолаушы қандай пікірлер айтты?

– Сен қандай ой айтар едің?

– Ы.Алтынсаринның қандай әңгімелерін білесіңдер?



  1. Сөздік жұмысын жүргізу.

  2. Нақыл сөздерді дәптерлеріне теріп жаздыру.

  3. Оқушыларға тізбектей оқыту.

  4. Рөлге бөліп оқу.

  5. Ы. Алтынсариннің екі мәтінін салыстыру.

Баланың айласы Ұқсастықтары Таза бұлық

1. Жылан, ғалым 1. Ы.Алтынсарын шығармасы 1. үш жолаушы

2. Жануарлар сөйлейді. 2. Ақыл сөз 2. Адам сөйлейді

3. Баланың айласы 3. Тас 3. Бұлақ, табиғат

4. Жақсыдан үйрену



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет