Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ақындық өзіндік мұратын таныту, «Өзім туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу



Дата31.12.2019
өлшемі20,89 Kb.
#54604
түріСабақ
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебі

Байдаралинова Қарлығаш

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақындық өзіндік мұратын таныту, «Өзім туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын кеңейту, даралап, деңгейлеп оқытуда өз бетімен жұмыс істеуге, шығармашылыққа дағдыландыру.

Тәрбиелік: Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Таныстыру сабағы.

Сабақтың әдістері: Әңгімелеу, талдау, баяндау, деңгейлеп оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, өлең жолдары, тірек–сызба.

Пәнаралық байланыс: Музыка, тарих, қазақ тлі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесін оқу, теориялық талдау (викториналық сұрақ арқылы).

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

Жаңа сабақтың мазмұны.

Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі.



  1. Ақын туралы өмірбаяндық дерек (слайд, видео-ролик).

а) Қ.Аманжоловтың ақын, сазгер екенін таныту (тірек-сызба).

ә) «Сегіз қырлы, бір сырлы – Қасым» (талдау).

б) Қасым туралы лебіздер (ақындардың сөздері)

2. Ақынның (Өзім туралы» өлеңі (интерактивті тақта).

а) ұжымдық жұмыс. Ақын өлеңдерін топтау (саяси, махаббат, табиғат, көңіл-күй лирикалары).

ә) өлеңдегі ақын бейнесі (СТО топтастыру әдісі арқылы).

3 Деңгейлік тапсырмалар (оқушылар орындайды). Алдымен тақырыптарды атап өту.

І деңгей. Жүйелеп талдау, «Өзім туралы» өлеңін тақырыпшалар бойынша шумақтарды реттеу (кестені толтыру).

ІІ деңгей. Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау:

а) Өлеңдегі көркемдеуіш тәсілдерді табу (теңеу, эпитет, метафора)

ә) Өлеңдегі ұйқас түрлерін анықтау (кесте бойынша).

ІІІ деңгей. Шығармашылық деңгей (тебіреніс немесе эссе жазу).

Тақырыптары: 1. «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ»;


  1. «Өзіммен бірге өлмесін деп өлеңім деп»;

  2. «Оқырсың сонда мүмкін өлеңімді»

VІ. Қорытынды: Сауалнама.

Нені меңгердім? Кімді таныдым? Әсерім



VІІ. Үй тапсырмасы: Өлеңнен өздеріне ұнаған шумақты жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет