Шынтаева Рауан Жайлаубековна
Әл-Фараби атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бәйтерек ауылы
Еңбекшіқазақ ауданы
Алматы облысы
«Қазақ хрестоматиясы»
( 9 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: «Қазақ хрестоматиясы» жинағының мазмұнымен таныстыру, өлеңдері, әңгімелері, аудармалары және халық аузынан жинаған әдебиет үлгілері туралы білім беру, алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: әдеби шығармашылық сипатта жазба жұмыстарын орындай алуға үйрету, оқушылардың өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білу қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру;
3. Тәрбиелік: ағартушы шығармалары арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету, басқалардың көзқарасын сыйлауға баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |