Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әдеби тіл және мемлекеттік тіл туралы түсінік қалыптастыру, «Тіл туралы» заң туралы мағлұмат беру



бет4/7
Дата11.01.2017
өлшемі1,35 Mb.
#7485
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Ү.Қорытынды


ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: 136-жаттығу


Күні: 25.11.13ж Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Мақсатты және ауыспалы келер шақ

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Болжалды келер шақ туралы алған білімдерін тереңдету, мақсатты, ауыспалы келер шақ туралы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды аңғарымпаздыққа, ұғымталдыққа, көрген-білгенін есте сақтап, зердесіне тоқи білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, сөздерді шағына қарай талдай білу машықтарын жетілдіру

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, мәнерлеп оқу


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 136-жаттығу берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

  • Келер шақ дегеніміз не?

  • Түрлері

  • Болжалды келер шақ қалай жасалады?

  • Болымсыз етістіктен жасалған болжалды келер шақты ата.



ІҮ. Жаңа сабақ
Мақсатты келер шақ

Мақсатты келер шақ іс-әрекеттің келешекте мақсат ете орындалатынын білдіреді.


Етістік + -мақ, -мек, -бақ, -бек + ж.ж.

Мен ауылға бармақпын.

Немесе
Етістік + -мақ, -мек + -шы, -ші + ж.ж.
Болымсыз түрі:

Етістік + -мақ, -мек + -шы, -ші + емес



Ауыспалы келер шақ

Көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Сөйлемдегі мағынасы арқылы аңғарылады.

-мын, -мін І жақ кейде –м ( ауызекі сөйлеу тілінде)

Ү. Жаңа сабақты бекіту
137-жаттығу Морфологиялық талдау, болжалды келер шақтың астын сызу
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек.
138-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрау
140-жаттығу

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Болжалды келер шақты ауыспалы келер шаққа, ауыспалы келер шақты болжалды келер шаққа айналдыру.
143-жаттығу

1. Мәтінді мәнерлеп оқу

2. Мазмұнын баяндау

3. Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау


ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 141-жаттығу

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ. Жедел өткен шақ

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Етістіктің шақтары туралы алған білімдерін кеңейту, өткен шақ, оның түрлері, жедел өткен шақ туралы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды қонақжай, дархан халқының даихын оқи отырып, кішіпейіл, кең болуға, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, мәнерлеп оқу


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 141-жаттығуды көшіріп жазып, келер шақ етістіктердің астын сызуға берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

  • Осы шақ түрлерін ата.

  • Нақ осы шақ дегеніміз не? Неге нақ осы шақ деп аталады?

  • Ауыспалы осы шақтың нақ осы шақтан айырмашылығы неде деп ойлайсың?

  • Келер шақтың түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіріңдер.


ІҮ. Жаңа сабақ
Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын істеліп кеткенін білдіретін етістіктің шағы өткен шақ деп аталады.
Өткен шақ
Жедел өткен шақ Бұрынғы өткен шақ Ауыспалы өткен шақ
Іс-әрекеттің таяуда

болғанын білдіреді.


Етістік + -ды, -ді

-ты, -ті ж.ж.




Ү. Жаңа сабақты бекіту
145-жаттығу Ауызша


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Мәтіннен жедел өткен шақты білдіретін етістіктерді тауып, жасалу жолын түсіндіру.


147-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу

2. Радловтың қазақ тілі үшін сіңірген еңбегіне назар аударту.

3. Сөйлемдероге синтаксистік талдау жасау.
146-жаттығу Өзіндік жұмыс


  1. Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа айналдыру

  2. Сөйлем құрау

ҮІ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:



  1. Оқу

  2. 148-жаттығу бойынша мәтінге сүйене отырып, Потанинге мінездеме беру


Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Бұрынғы өткен шақ

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Өткен шақтың түрлері жөнінде алған білімдерін тереңдету, бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары жайлы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы ел тарихын сыйлап, қастерлеуге, үлгі тұтуға, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 148-жаттығу бойынша Потанинге мінздеме жазып келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын оқытып, жедел өткен шақ етістіктерді тапқызамын.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді.
Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары:

-ып, -іп, -п + ж.ж.

- ған, -ген, -қан, -кен + ж.ж.
немесе

-ып, -іп, -п + еді, екен + ж.ж.

- ған, -ген, -қан, -кен + ж.ж.

-ып, -іп, -п арқылы жасалса, тұжырымды, айғақты ой айтылады.

-ған, -ген, -қан, - кен - көзі толық жетпейтін ой. Ертегілерде көп кездеседі.

Ү.Жаңа сабақты бекіту
149-жаттығу

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Бұрынғы өткен шақтық мағынаны білдіріп тұрған етістіктерді теріп айту

3. Өлеңдегі етістіктерді көсемше тұлғасына түсіріп, көшіріп жазу, морфологиялық талдау жасау.


150-жаттығу
1. Ә.Бөкейхан туралы не білеміз? Оқушы ойларын тыңдау.

2. Ә.Бөкейхан туралы қосымша мәлімет беру



Әлихан Бөкейхан 1870 жылы бұрынғы Се­мей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын бо­лы­сына қарасты 7-ауылда, қазақ хан­дарының тікелей ұрпағы Нұрмұхамедтің от­бас­ында дүниеге келген еді. Халықтың бай ауыз әдебиеті мен Шығыстың қисса-дас­тан­дарын жақсы білетін, ұлы Абайдың асқақ ой­лы шығармалары мен оның талантты шә­кірт­терінің туындыларын жаттап өскен ортада бой түзеген Әлихан үш кластық бастауыш мек­­тепті, уезд орталығындағы үш жылдық учи­­лищені, Омбы қаласындағы төрт жылдық тех­никалық училищені де ойдағыдай бітіреді. Өте жақсы оқуы және ерекше тәрбиелілігі арқасында ол 1890 жылы Дала генерал-гу­бер­наторы кеңсесінің ұсыныс-хатымен Санкт-Петербург Императорлық орман институтына түседі.

Туасы зерек Әлихан Бөкейхан студент ке­зінде-ақ Ресей орталығындағы саяси жағ­дай­лардан тыс қала алмады. Сабақтан тыс кез­дер­­де марксизм іліміне ден қойып, қызу пі­кір­­таластарда оның экономикалық ма­териализм қағидаларын қорғайды. Қоғамдық бел­сенділік танытып, әртүрлі студенттік тол­қу­ларға да араласады. Мұның барлығы бо­ла­шақ Алаш көсемінің Ресейдің мемлекеттік құ­рылымын, оның қазақ даласындағы ота­р­шылдық саясатының қыр-сырын тереңірек түсінуіне игі ықпал етеді.

Ә.Бөкейхан –қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы, «Алаш» партиясын құрушылардың бірі. 1913 жылы А.Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін ұйымдастырады. Алашорда үкіметінің төрағасы.
3. Мәтін мазмұнымен танысу

4. Мазмұнына талдау жасау

5. Мәтіннің 2-азат жолына синтаксистік талдау жасау.

151 – жаттығу


  1. Мәтінді мәнерлеп оқу

  2. Тақырып қою

  3. ған, -ген, -қан, -кен формалы етістіктерді теріп жазып, оларды жедел өткен шақпен салыстыру.


Ү. Қорытынды.

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: Етістіктің бұрынғы өткен шақ түріне сөйлемдер жазып келу

Күні: 18.11.13ж Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы өткен шақ

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Етістіктің шақтары жөнінде алған білімдерін толықтыру, жетілдіру, ауыспалы өткен шақ, оның жасалу жолдары туралы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, парасаттылыққа, үлкенді сыйлауға, ойланып сөйлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, өзіндік жұмыс, ойын


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Ауыспалы өткен шақ есімшенің –атын, -етін, йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан оны ауыспалы өткен шақ деп атайды.
Ауыспалы өткен шақ

  1. жіктеледі.

  2. еді көмекші етістігі тіркесіп келіп жұмасалады.

Ауыспалы өткен шақ



  1. тікелей жіктелмейді

  2. еді көмекші етістігі тіркесіп қолданылады.


еді көмекші етістігі тіркесіп жасалған етістік шағын басқа сөздердің мағынасы арқылы ажыратамыз.
Ү.Жаңа сабақты бекіту
152-жаттығу

1. Мәтінді мәнерлеп оқу.

2. Көшіріп жазып, сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау

3. Ауыспалы өткен шақ етістіктерді тауып, астын сызу



152-жаттығу

1. Мәтінді оқып шығу

2. етістіктерді теріп жазып, шағын ажырату

153-жаттығу

1. Мәтінді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау

2. Етістіктерді шағына қарай ажырату

Бір зауыттан екі соқа қатар істеліп шықты. Біреуі егіншінің қолына түсті.
Ойын. «Барлық шаққа»
Жүр, біл, ақылдас, үйрен, жаса, тоқы


  1. Берілген сөздерді 1-топ жекеше, 2-топ көпше түрде тез жіктеп шығуы керек.

  2. Әр шаққа қойып айту.


ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

  1. қайталауға арналған сұрақтар бойынша жұмыс

  2. а.ө.шаққа 4 сөйлем жазып келу


Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің шақтары, осы шақ, келер шақ, өткен шақтың түрлері мен жасалу жолдары жөнінде алған білімдерін еске түсіру, қайталау, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке, ерлікке, адамгершілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ауызша тіл дамыту, талдау, мазмұндама
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен сабақты қайталауға арналған жаттығу жұмыстары
1. Өткенді қайталауға арналған сұрақтар бойынша жұмыс.
155-жаттығу


  1. Мәтінді мәнерлеп оқу

  2. Мазмұндау

  3. Етістіктерді тауып, шақтық мағынасын ажырату.

  4. Е көмекші етістігі тіркескен осы шақтық, келер шақтық және өткен шақтық етістік ойлап табу

Бармақ едім – м.к.ш

Барар едім – б.к.ш.

Барып еді – б.ө.ш

Барған еді – б.ө.ш.

Баратын еді – а.ө.ш.
156-жаттығу

1. мақал-мәтелдерді оқу

2. Үш шақты баған-бағанға бөліп жазу

Келер шақ Осы шақ Өткен шақ
Жеткізер білмейді көрдім

өсер біледі мекендейтін

сүйрер жүреді тереңдейтін

күледі түсінген

туған

158-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу

2. Тақырып қою

«Еске алу», «Партизан достар»

3. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау


159-жаттығу


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Мәтін бойынша мазмұндама жазу


ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Етістіктің шақтары бойынша сызба дайындау

2. Тапсырма бойынша жұмыс

«Мектептес достар» немесе «Кім болам?» тақырыптарына шығарма жазу

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райлары туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің райлары, олардың жасалуы, білдіретін мағынасы, етістік райларының түрлері жайлы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, сыпайылыққа, әдептілікке, сұлулыққа, өнерді сүюге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын молайту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ойын, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

Етістік іс-әрекеттің атын ғана білдіріп қоймайды, оның шақтық, жақтық мағыналарын да көрсетеді.

Етістктің тағы бір ерекшелігі – рай категориясы.

Қимыл, іс-әрекетті айтушының не ол іс-әрекетті хабалаушының пікірімен, ол іс-әрекеттің іске асуымен де байланысты.




  • Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Белгілі бір мезгілде іске асуын білдіреді.

  • Үгітті ұққанға айт, ақылд жұққанға айт.

орындалун талап ету

  • Шапшаң жүрсең, шаң жұқпас.

Орындалу шарты, белгілі бір шақта ске асуы

  • Менің оқығым келеді. Оның айтқысы келеді.

Ниетін, талабын білдіреді.

Белгілі бір грамматикалық категориялар арқылы жасалып тұр.


Сөйлеуші сөз арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушы пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай категориясы деп аталады.
Рай
Ашық Шартты Қалау Бұйрық

Ү. Жаңа сабақты бекіту
160-жаттығу


  1. Көшіріп жазып, етістікке талдау жасау

  2. Синтаксистік талдау жасау



161-жаттығу Морфологиялық талдау жасау
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,

Басқаға жануарды тең көрмедім.


Ойын. Кім жылдам?

Үш оқушы етістікті үш шаққа айналдыруы керек.


Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
Бар, сөйле, жаса, тік, көр, тоқы, жүгір, ақылдас, үйрен, көзде, тіле, анықта, айқында, арашала.

ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма: қайталап келу
Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ашық рай

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің райлары туралы алған білімдерін кеңейту, ашық рай, олардың жасалу жолдары туралы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы табандылыққа, төзімділікке, әдебиетті сүюге, қазақ халқының өткені мен бүгінін құрметтей білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау, шығармашылық жұмыс, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

ІІІ. Жаңа сабақ
Ашық райдың мәні етістіктің мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені белгілі шақта жұмсалған етістік сол қимылдың боуы арықылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады.

Дәркембай өз үйінің жанында ағаш шауып отыр. Атай Ықыласты әңгіме етті. Әбіш келер жылы оқуын тамамдап қайтады.
Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын ашық рай дейміз.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
162-жаттығу

1. Мәтінді мәнерлеп оқу

2. Мәтін мазмұнын таратып айту.

3. Сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау.

4. Ашық райлы етістіктердің шағын ажырату
Лагерьден шанамен дырылдатып сүйретіп алып келеді.
163-жаттығу

1. Мәтін мазмұнымен танысу

2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
Қазақтар туралы бұрын-соңды ештеңе естімегенмін. Енді оларды білемін, өте жақсы танимын. Өйткені жақында ғана Мұхтар Әуезовтің тамаша кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым.

163-жаттығу Ауызша талдау

1. Мәтін мазмұнымен танысу

2. Мәтінге тақырып қою.

3. Ашық райла етістіктерді тауып, шағына ажырату



Шығармашылық жұмыс

Ашық райлы етістіктерді қатыстыра отырып, «Анамның мамандығы» деген тақырыпқа шағын шығарма жазу



Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: 165-жаттығу Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Бұйрық рай

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің райлары туралы алған білімдерін кеңейту, бұйрық рай, оның жасалу жолдары, жіктелу ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы оқушыларды еріншектік, сараңдық, қыңырлық сияқты мінез-құлықтардан аулақ болуға, қиындыққа мойымауға, шыдамдылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, өзіндік жұмыс, ауызша тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге 166-жаттығу бойынша берілген ашық райлы етістіктерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

ІҮ. Жаңа сабақ
Бір жаққа қаратылып, қимылдың, іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.

Бұйрық рай :



  • Бұйрық

  • Тілек

  • Талап ету

  • Ниет ету мағыналарын білдіреді.

І, ІІ жақта талап, бұйрық мағынасын білдірсе,

ІІІ жақта ниет ету мағынасы басым.
Басқа райдан ерекшелігі:


  1. Етістіктің ерекше жіктелуі арқылы жасалады.

  2. ІІ жақ анайы түрде қосымша жоқ.

  3. І жақ түбір + -айын, -ейін, -йын, -йін (жекеше түр)

-айық, -ейік, -йық, -йік (көпше түр)


  1. ІІІ жақ. Түбір + -сын, -сін

Бұйрық рай –шы, -ші жұрнақтары жалғану арықылы өтініш, тілек мағынасын да білдіреді.


Ү. Жаңа сабақты бекіту
167-жаттығу Ауызша талдау


  1. Мақал-мәтелдерді оқу

  2. Бұйрық райлы етістіктерді тауып, талдау жасау

168-жаттығу

1. Мәтінді мәнерлеп оқу

2. Тақырып қою.

3. Етістіктерді теріп жазып, талдау
169-жаттығу


  1. Мәтінді мәнерлеп оқу

  2. М.Қашқари сөзінің мазмұнына талдау жасау

  3. Сөйлемдерге грамматикалық талдау жасау



Өзіндік жұмыс Грамматикалық калейдоскоп

Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрау


Қиянат, ұрлық, кісі, өтірік, ғайбат, жасау, ата-ана, айт, қамқорлық, кіші, үлкен.
ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

170-жаттығу, морфологиялық талдау, бата жаттау


Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Шартты рай

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің райлары туралы алған білімдерін тереңдету, шартты рай, оның жасалу жолдары, білдіретін мағынасы туралы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Мақал-мәтел, жұмбақтардың мазмұны арқылы жаман қасиеттерден жиреніп, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, сөздерге талдау жасай білу машықтарын жетілдіру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге 170-жаттығу бойынша сөйлемдерге морфологиялық талдау жасауға және бата жаттап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын сұрап, жаттаған баталарын сұраймын.


ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

  • Бұйрық райлы етістіктің жасалу жолы

  • Бұйрық райлы етістіктің жіктелу ерекшелігі туралы айтыңдар


ІҮ. Жаңа сабақ

Көп іздесе, жоқ табылар.
Етістіктің шартты райы іс-әрекеттің болу, болмау, іске асу, аспауының шартын білдіреді.


  1. Өмірден көп нәрсені үйренсек, көрсек дейміз.

  2. Қатты айтсаң, қарындасыңа да жақпайсың.




    • Шартты райлы етістік тиянақты ойды білдіре алмайды.

    • Көмекші етістіктердің тіркесіп келуі арқылы жасалады.

    • Шартты рай жедел өткен шақ етістік сияқты жіктеледі.




    • Үнемі шартын білдіре бермейді.




    • Кейде мезгілдік, кейде қарсылық мән білдіреді.




    • Шартты рай + І, ІІ ж.ж.ж. + - шы, -ші өкіну, налу мағынасын білдіреді.


Ү. Жаңа сабақты бекіту
Тапсырма бойынша жұмыс:

1. –са, -се жұрнағы жалғанған сөз үнемі істің шартын білдіре ме?

2. Шартты райла етістікке жұрнақ жалғана ма? Жалғанса, қандай мағынап пайда болады?

171-жаттығу


  1. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау. Шартты райлы етістіктердің астын сызу



172-жаттығу Өзіндік жұмыс

Берілген етістіктерді шартты райға айналдырып, сөйлем құрау


1-қатар: сана, жаз

2-қатар: жүргіз, тазарт

3-қатар: санама, бүлдірме

173-жаттығу


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасату

Шартты райлы етістіктері бар мақал-мәтелдерді еске түсіру





  • Жаман атқа жал бітсе,

Жанына торсық байлатпас.


  • Тіл тас дарады,

Тас жармаса, бас жарады.

  • Батыр туса, ел ырысы.

Жаңбыр жауса, жер ырысы.


  • Ер жігіт айтпайды, айтса, қайтпайды.




  • Оқи берсең, көзің ашылады,

Отыра берсең, жалқаулық басынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет