Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әдеби тіл және мемлекеттік тіл туралы түсінік қалыптастыру, «Тіл туралы» заң туралы мағлұмат беру



бет3/7
Дата11.01.2017
өлшемі1,35 Mb.
#7485
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма

Өз есімдігін жатқа тәуелдеу, жатқа септеу


105-жаттығу

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Үш автордың айтпақ ойын түйіндеу

3. Өздік есімдіктерді тауып, қай тұлғада түрленіп тұрғанына ауызша талдау жасау


107-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау

3. Есімдіктерді тауып, қандай тұлғада жұмсалып тұрғанын анықтау


106-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген белгісіздік есімдіктерін түрлендіре отырып, сөйлемдер құрау
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 108-жаттығу, 1-азат жолы
Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Болымсыздық, жалпылау есімдіктерінің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Болымсыздық, жаплпылау есімдіктерінің түрлену ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту

Тәрбиелік: Оқушыларды тарихты, шежірені, ұлттық мұраларды құрметтеп, қастерлеуге, елді, жерді, отанды сүюге, патриоттық тәрбиеге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың есімдіктердің түрленуін ажырата білуін, сөйлем мүшелеріне талдай білуін дамыту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, кітап, дәптермен жұмыс, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 108-жаттығудың 1-азат жолына синтаксистік талдау жасап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ

Болымсыздық есімдіктерінің ішінде зат есім орнына қолданылатындары: ешкім, ешнәрсе, ештеңе, ешқайсысы, дәнеме.

Зат есім орнына қолданылатын болымсыздық есімдіктері зат есімдерше түрленеді: септеледі, тәуелденеді, жіктеледі, көптеледі.

Жалпылау есімдіктерінен барлық, барша, бәрі деген жалпылау есімдіктері тәуелденеді, септеледі.




ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма

Берілген болымсыздық, жалпылау есімдіктерін ауызша түрлендіру ( септеу, тәуелдеу)



2-тапсырма

Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау


Бәріміз әлдене есімізге түскендей ду күлдік. Күләш апай еш нәрсені ұға алмай, таң-тамаша қалды. Онымен енді ешкім таласқан жоқ. Бәріміз де осы тау басына талай көтеріліп жүрсек те, бүкіл әлемді жаңа көргендей, айналамызға таңырқай қарадық. Аталарымыз тұмсығы тесік құстың бәрін табиғаттың адал перзенті санап келеді. Мұнан кейін директор ешкімге сөз берген жоқ. Мұның бәрінің бір табиғи құпиясы болуға тиіс.


Шығармашылық диктант

1. Мәтін ішіндегі есімдіктерді басқа сөздермен алмастырып жазу


Қойайдар бидің айтқанын бәрі мақұл көрді. Әлдекім еркін аттап ішке кірді. Райымбектің сөзін осында отырған үлкен-кішінің бәрі қостады. Бұл науқасты бастаған Наурызбай қолы еді. Оның да осы жолы сайлаған сарбазы мыңнан кем емес болатын. Кейінгілер бұларды көріп, екпінін бәсеңдетті. Бұлар кідірген жоқ. Бұл бәрімізге белгілі жайт. Онысына әркім әр түрлі баға берді.
2. Сын есім, сан есімдердің орнына есімдіктерді қойып жаз.

Алғашқы үрдісте азды-көпті жеңіске жеттік. Енді жастардың бас қосуы сылтауымен жеңісімізді тойлаймыз. Түпкілікті жеңіске сенім орнатып, мақсат-мұратымызды айқындаймыз. Жастар үлкендердің қабағына қарап іркіліп жүр. Екеуінің өң-түстері салқын, қабақтары түнеріңкі.


Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен болымсыздық, жалпылау есімдіктері бар сөйлемдер теріп жазып, тұлғасына қарай ажырату.

Күні:


Сыныбы: 7 «Б» 7 «В»
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктің сөйлемдегі қызметі. Етістіктің шақтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есімдіктердің түрлену ерекшеліктері жайла алған білімдерін тереңдете отырып, есімдіктердің сөйлемдегі қызметі жайлы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы ұстамдылыққа, бос сөздерден аулақ болуға, пайымдылыққа, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушының қоршаған орта туралы дүниетанымын кеңейту, ойын, тілін, талдау дағдыларын дамыту

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге көркем әдебиеттен болымсыздық, жалпылау есімдіктері бар сөйлемдер теріп жазып, тұлғасына қарай ажыратып келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын тексермін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау


ІҮ. Жаңа сабақ

Есімдіктер түрленіп, сөйлемдерде әр түрлі сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.


  1. Есімдіктер, әсіресе жіктеу есімдіктері А.С-де тұрып, бастауыш болады.


Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.



  1. Б.с., Т.с., Ж.с., Ш.с., К.септіктерінің бірінде келіп толықтауыш болады.


Мен киноға сенімен бірге бармақшымын.


  1. Есімдіктер ілік септігінде тұрып немесе сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалып, анықтауыш болады.


Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.


  1. Есімдіктер мезгіл, мекен мағынасында үстеудің орнына қолданылса, пысықтауыш болады.


Бүгін ешқайда бармайсыңдар.


  1. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, баяндауыш болады.

Сөйлеп тұрған кезге байланысты іс-әрекеттің өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.


Етістіктің шақтары
Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
Сөйлеп тұрған кезде Іс-әрекеттің сөйлеп Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған

болған іс-әрекет тұрған кезден кейін кезден бұрын болғаны

болғаны
Етістіктің шақтары көсемше, есімше формалы етістікке


  • –ды, -ді, -ты, -ті,

  • -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

* Шақтық мағына білдіретін етістіктер көбіне жіктелеп келеді.

* Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен кейін жалғанады.
Оқы – ған – мын
Күрделі етістікте жіктік жалғауы көмекші етістікке жалғанады.

Ү. Жаңа сабақты бекіту
109-жаттығу

1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау.

2. Есімдіктерді тауып, түрлену ерекшелігін анықтау, сөйлемдегі қызметін ажырату.
110-жаттығу


  1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау

  2. Есімдіктерді тауып, қай сөз табының орнына қолданылып тұрғанын ажырату


111-жаттығу

1. Мәтінді мәнерлеп оқу

2. Есімдіктерді тауып, теріп жазу, мағыналық түрін, сөйлемде қай сөйлем мүшесі қызметін атқаратынын анықтау
113-жаттығу

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау


122-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Әңгімелеу

3. Дәптермен жұмыс

Етістіктерді теріп жазып, мағынасын анықтау

ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 112-жаттығу

Күні: 1.11.13ж Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың есімдіктердің түрленуі жөнінде алған білімдерін тиянақтау, жаттығу жұмыстары арқылы тіл ұстарту

Тәрбиелік: Оқушыларды бауырмалдыққа, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, табиғатты аялап, қастерлеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың ойын, тілін, шығармашылықпен жұмыс жасай білу, есте сақтау қабілеттерін дамыту



Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, өздік диктанты, есте сақтау диктанты, шығармашылық жұмыс, талдау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тіл ұстартуға арналған жаттығу жұмыстары
1. Пысықтауға арналған сұрақ-тапсырмалармен жұмыс
2.

114-жаттығу

1. Мәтінді мәнерлеп оқу

2. Өздік диктанты

Оқушылар мәтін бойынша есте сақтай отырып, мазмұнын дәптерлеріне баяндап жазады.

115-жаттығу

1. Суреттеу мәтінін мәнерлеп оқу

2. Есте сақтау диктанты

1-қатар: Есімдіктер

2-қатар: Сын есімдер

3-қатар: Зат есімдер


116-жаттығу

1. Мәтінді мәнерлеп оқу

2. Қай шығармадан алынған үзінді екенін таптыру

3. Мәтін бойынша әр сөз табынан мысалдар келтірту

4. Қарамен жазылған сөздерге тұлғалық талдау жасату
Ер-азамат -

Жігітектің -

Қорықтарына -

Қоралардың -

Ауылдар -

салт аттылар -
118-жаттығу Шығармашылық жұмыс

1. мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу

2. Морфологиялық талдау жасау

3. Мақал-мәтелдерді, жаттығу мәтіндерін пайдаланып, «Өмір үшін күрес» тақырыбында әңгіме жазу


ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Бағалау
Ү. Үйге тапсырма:

1. Өткенді қайталау

2. 117-жаттығу сөздерді құрамына қарай талдау

3. Диктантқай дайындық



Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Алтай орманы

Білімділік: Оқушылардың есімдіктер мен есім сөздердің түрленуі, сөйлемдегі қызметі жайлы алған білімдерін, жазу сауаттылықтарын тексеру

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу, табиғат сыйын бағалау білуге үйрету

Дамытушылық: Оқушының есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту

Сабақтың типі: Білім сынау сабағы

Сабақтың түрі: Диктант

Сабақтың әдіс тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Алтай орманы

Алтай жерінің асты қандай қазыналы болса, үсті де сондай бай ғой. Мұның сыңсыған орманының өзі бір байлық емес пе жатқан! Оны нағыз тайганың өзімен ғана теңестіруге болады. Алтай орманын аралап көргендеріңіз бар ма сіздердің? О, ғажап қой оның іші! Балуан пішінді самырсын қарағайын көріп пе едіңіздер? Жел қозғалғанда, оның жасыл ине жапырақтарының ғажайып күйге ұшырайтын сыбдыр-сыбдырын естіп пе еді құлақтарыңыз? Самырсын қарағайын көрмесеңіздер, оның үнін естімесеңіздер, онда Алтай орманын аралаңыздар. Көкке тіреу болған күміс діңгекті көріп пе едіңіздер? Көрмесіңіздер, Алтайдың күміс қабақ қарағайына қараңыздар сүйсініп.

Ең алдымен орман ішінің ауасын айтсаңызшы! Оған жақындай бергенде-ақ, шөптің, шайырдың, жапырақтың, топырақтың, ағаштың, гүлдің, бір сөзбен айтқанда, бүкіл табиғаттың хош иісі мұрныңды жарады. Неше түрлі нәрлі жемістің қосындысынан жасалған керемет сусын іспеттес ауаны кеуде кере, қайта-қайта жұтумен боласыз.

(Ә.Нұршайықов. 115 сөз)


Тапсырма:

  1. Есімдіктерді теріп жазу

  2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау:




    • Оны нағыз тайганың өзімен ғана теңестіруге болады.

    • Балуан пішінді самырсын қарағайын көріп пе едіңіздер?


ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің түрленуі, оның білдіріп тұрған іс-әрекетінің түрлі уақытта орындалатыны, белгілі жұрнақтар арқылы нақты ұғымға ие болатындығы жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, табиғатты сүюге, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуын, ойын, тілін, шығармашылықпен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, бес жолды өлең


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
Сөйлеп тұрған кезге байланысты іс-әрекеттің өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
Етістіктің шақтары
Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
Сөйлеп тұрған кезде Іс-әрекеттің сөйлеп Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған

болған іс-әрекет тұрған кезден кейін кезден бұрын болғаны

болғаны
Етістіктің шақтары көсемше, есімше формалы етістікке


  • –ды, -ді, -ты, -ті,

  • -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

* Шақтық мағына білдіретін етістіктер көбіне жіктелеп келеді.

* Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен кейін жалғанады.
Оқы – ған – мын
Күрделі етістікте жіктік жалғауы көмекші етістікке жалғанады.
Сөйлеп отыр-ған-сың.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
122-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Әңгімелеу

3. Дәптермен жұмыс

Етістіктерді теріп жазып, мағынасын анықтау
4. Құстар қалай сайрайды?

Қаздар қаңқылдайды, үйрек құрқылдайды.



123-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Етістіктерді шақтарына қарай теріп жазу

1-қатар: осы шақ

2-қатар: келер шақ

3-қатар: өткен шақ


3. Морфологиялық талдау

1-азат жол.


4. Синтаксистік талдау жасау

2-азат жол.


Шығармашылық жұмыс

«Аққу – құстың төресі» ойтолғау жазу


«Аққу» сөзіне бес жолды өлең құрастыру

ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 124-жаттығу

Күні:


Сыныбы: 7 «Б», 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Осы шақтың түрлері. Нақ осы шақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің шақ категориясы туралы алған білімдерін тереңдету, осы шақ, оның түрлері, нақ осы шақтың жасалу жолы жайында білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ерлікке, шыдамдылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, сөздерді талдай білуге үйрету

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге етістіктің шақтары туралы оқып келуге және 121-жаттығу бойынша «Аққу – құстың төресі» деген тақырыпқа эссе жазып келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын тексеріп, бағалаймын.

Қосымша сұрақтар:



  • Шақ дегеніміз не?

  • Шақтың түрлерін ата.

  • Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?



ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ


  1. Осы шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезде болып жатқанын білдіреді.

  2. Әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіреді.

Осы шақ

Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ

Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.

Құрамына қарай:


  1. жалаң: 4 қалып етістігі: отыр, тұр, жатыр, жүр

  2. күрделі: негізгі етістік + -ып, -іп, -п + жіктік жалғауы

-а, -е , - й
Ү. Жаңа сабақты бекіту
122-жаттығу Ауызша

1. Мәнерлеп оқу

2. Осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді атау
123-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Нақ осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді теріп жазып, тұлғасына талдау жасау

3. Ауызша тіл дамыту

Тақырып неліктен «Ер ана» деп аталғанын әңгімелеу
124-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Көшіріп жазып, нақ осы шақтың астын сызу

3. Морфологиялық талдау жасау


125-жаттығу Ауызша тіл дамыту

1. Мәнерлеп оқу

2. тақырып қою

3. Нақ осы шақ етістіктерді тауып, дәлелдеу


126-жаттығу Өзіндік жұмыс

Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау


ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

  1. Оқу

  2. 125-жаттығу


Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Осы шақ етістіктер туралы алған білімдерін тереңдету, ауыспалы осы шақ, оның ауыспалы келер шақтан айырмашылығы жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, шынайы достыққа, еңбексүйгіштікке, табиғат сұлулығын сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлем мағынасына мән беріп, логикалық ойлай білуін, талдай білуін дамыту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, терме жұмысы, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ

Үнемі болып тұратын қимыл-әрекетті білдіретін етістіктің шағын ауыспалы осы шақ днейміз.

А.о.ш. = етістік + -а, -й, -е + ж.ж.
Ауыспалы осы шақ, яғни көсемшенің жіктелген түрі сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады:


  1. а.о.ш.

  2. а.к.ш сондықтан ауыспалы деп аталады.

Мағынасы сөйлемде ажыратылады.


Көлдің жағасында отырған ауыл бұлдырап көрінеді. – а.о.ш.
Мен Балжанды үйше алып қайтамын. – а.к.ш.

Ауыспалы осы шақтың күрделі түрі етістікке –ып, -іп, -п жұрнағы жалғанып, көмекші етістікке –а, -е, -й жұрнағынан кейін жіктеліп келіп жасалады.

Көр-ін-е-ді көр-ін-іп кел-е-ді

Айт-а-ды айт-ып отыр-а-ды.


ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
127-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Ауызша тіл дамыту

Өздеріңнің достарың туралы не айтар едіңдер?



  1. Ауыспалы осы шағы бар сөйлемдерді көшіріп жазып, талдау

Қашан көрсең де, жұбын жазбайды.


128-жаттығу Теріп жазу

Н.о.ш А.о.ш

әкет-іп жатыр елесте-й-ді

иіліп тұр ойна-й-ды

мәпелеп күт-е-ді

130-жаттығу

А.о.шақты тауып, нақ осы шаққа айналдыру


Ағады – ағып жатыр

Шығады


Ысқырып ойнайды

Қудалайды

Сайрайды

Қосылады


Жырлайды

Қосады


Өзіндік жұмыс Тапсырма бойынша әңгіме құрау
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:

129-жаттығу



Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Алтын сандық

Білімділік: Оқушылардың есімдіктер түрленуі, етістіктің осы шағы туралы алған білімдерін, жазу сауаттылықтарын тексеру

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа, ана тілін қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушының есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту

Сабақтың типі: Білім сынау сабағы

Сабақтың түрі: Диктант

Сабақтың әдіс тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Алтын сандық
Сенің ана тілің - шексіз бай, тегеуріні мықты тіл, қымбатты балам!

Ең жақсы бала – ана тілін құрметтеген ұл мен қыз. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіңе басты себепкер - сол ана тілің!

Ана тілдің бүге-шігесіне, терең иірімдеріне бойлай білу – саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, Отаныңды, атамекеніңді сүйе білу деген сөз. Кім ана тілін айрықша бағаламады дейсің, ал қазақ халқы бұған ерекше зер салған ғой. «Ойнап айтсаң да, ойлап айт, күліп айтсаң да, біліп айт, әзіл айтсаң да, әділ айт», «Бұл сөзді сатып алдым құнан нарға», «Ақылың болса, сөз тыңда» деп отырды ғой аталарың.

Ана тілдің байлығын пайдалана алмаған адам – пақыр, күлкіге ұшырайтын жан.

(118 сөз)
Тапсырма:

А. Морфологиялық талдау жасау:



  1. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді.

  2. Ана тілдің бүге-шігесіне, терең иірімдеріне бойлай білу – саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы.

Б. Етістіктерін тауып, шағын ажырату



ІҮ. Қорытынды

Ү. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау

Күні: 20.11.13 Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Болжалды келер шақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің шақтары жөнінде алған білімдерін тереңдету, келер шақ, оның түрлері, болжалды келер шақтың жасалуы жайлы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, әсемдікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, сауаттылығын дамыту, сөздік қорын молайту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, мәнерлеп оқу, өзіндік жұмыс.


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе



  • Осы шақ дегеніміз не?

  • Түрлерін ата.

  • Нақ осы шақ дегеніміз не?

  • Нақ осы шақ қалай жасалады?

  • Ауыспалы осы шақ дегеніміз не?

  • Жасалу жолын түсіндір.


ІІІ. Жаңа сабақ
Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің шағын келер шақ дейміз.
Келер шақ
Болжалды Мақсатты Ауыспалы

Айқын емес

Болжап көрсетеді

-ар, -ер, -р (есімше)

Етістік + + ж.ж.

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе + С

(болымсыз етістік)
Болымсыздық мағынадан кейін болжалдан гөрі үзілді-кесілді шешім басым.
І жақта кейде –пын, -пін орнына қысқана - н қолданылады.
Б.с., Ш.с, К.с. септіктерінде жіктеледі.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
131-жаттығу

Осы шақ, келер шақ етістіктері бар сөйлемдерді көшіріп жазу, сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау


Е-ей, жөніңді айтсаңшы, өндерестік бригадаға бара жатырмын. Балалардың көбі пінеде жүр...

132-жаттығу Өзіндік жұмыс

Осы шақ, келер шақ етістіктерді баған түрінде көшіріп жазу


Осы шақ Келер шақ

өтіп жатыр

тұр

ұйымдастырушы болып істейді



үйретіп тұр.

Қарап отыр.



133-жаттығу

1. Көшіріп жазып, сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау

2. Болжалды келер шақ мағынаны білдіретін сөздердің астын сызу

134-жаттығу Шығармашылық жұмыс
Келер, жазар, көрінбес, оқыр сөздерін қолдана отырып, сөйлем құрау
135-жаттығу

1. Мақалдарды көшіріп жазып, синтакситік талдау жасау

2. Болжалды келер шақытық мағынаны білдіретін сөздердің жасалу жолын түсініру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет