Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әр оқушының сабақтан тыс уақытта айналысатын іс – әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкінділітерін ашу; Дамытушылық
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әр оқушының сабақтан тыс уақытта айналысатын іс – әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкінділітерін ашу;
Дамытушылық:Оқушылардың алған білімдерін ортаға салу, байқату, олардың ой – өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың ата – ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезігуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, гүлдер,Жалмауыз апай.
Мұғалім:Құрметті жиналған барша қауым, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі қуанышты күн – «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінде саналы оқушы болып, білім бастауы, бар ғылымның атасы «Әліппені» аяқтап отыр. Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен «Қош бол, құтты әліппем!» ертеңгілігін бастауға рұхсат етіңіздер!
Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!