Қазақ деген – сондай бір дархан, жомарт, ешкімді жатсынбайтын, бөліп-жармайтын, кімді болса да бауырына басатын, даласындай кеңпейіл халық. Алла осы байтақ даланы да сол қайырымды қазақтың мейріміне, пейіліне берген.
Оксана Петерс – ұлты орыс
Оксана Петерс – “Астана” телеарнасының өзіндік визит карточкасы бола алды. Эфирге шыға сала өзіне назар аудартты. Бұл тек келбеті мен кәсібилігіне ғана байланысты емес, Оксананың жаңалықтарды қазақ тілінде жүргізгендігінде.
Надежда Лушникова – ұлты орыс
Мен – қазақтың кемпірімін, қызы да болдым. Қазақ халқы әлі күнге дейін мені Надежда деп алақанына салып, аялап ұстап отыр. Мені еш уақытта бөлектеген жоқ. Мен тіліңізді бойыма сіңіргеннен кейін, сіздердің тілде өлең жазғаннан кейін, жүрегімді жарып, гүлімді ашқаннан кейін, мен қалай нағыз мұсылман болмаймын? Көшеге шықсам, қазақтың үлкен-кішісі Надя апай деп құрмет көрсетеді. Мендей-ақ болсын, бір орыс, мендей-ақ болсын, бір қазақ. Мен ешкімді ұлтқа бөле алмаймын.
Татьяна Бурмистрова – орыс қызы
Кезінде халық “БіздіңТатьяна” деп қатты еркелететін. Ол домбырамен айтатын Ақтамберді, Шернияз, Шалкиіз, Бұқар жыраулардың терме, өсиеттері жұртшылық жадында әлі күнге шыға қойған жоқ.
Герольд Бельгер – ұлты неміс
Қазіргі негізгі ортам – қазақ ортасы. Жасайтын аудармам да, жазатын мақалам да қазақша, араласатын достарым да қазақтар.