Сабақ жоспары.
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Денсаулық» тақырып білімдерін толықтыру, пысықтау, жүйелеу.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: «Денсаулық » деген сөздің мағынасын ашып, денсаулыққа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекі - құралдары: гүлдің суреті, хат қалта, тапсырмалар, жаңа сөздер енгізілген презентация, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Бүгін кім кезекші?
- Ал кәне, айта қойшы кім сыныпта жоқ?
Тіл дамыту.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Аптаның қай күні?
-Ауа райы қандай?
-Ал енді отыра ғой.
II. Сабақтың ұраны: «Бір ауыз сөз болса да, дауыстап айт, ең бастысы үнсіз қалма».
Девиз урока: Вспомним золотое правило нашего урока: «Хоть промолвишь одно словечко, главное не молчи».
IІI. Жаңа сабақ: А). Кіріспе сөз.
Тапсырма. - Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін, сөзжұмбақты шешейік.
Ал енді балалар біз ІІ –топқа бөлініп отырмыз,
І – топ – «Алғырлар», ,
ІІ – топ – ««Тапқырлар». .
1 Слайд. Ең алдымен сөзжұмбақты шешіп алайық, сұрақтары:
1.Футбол ойнын немен ойнайды? (доп)
2.Қазір қандай жыл мезгілі? (көктем)
3.Қазір қандай ай? (наурыз)
4.Дәмі де жоқ, түсі де жоқ. (су)
5. «Чистый» сөзінің аудармасы? (таза)
6.Қазақстанның рәмізі. (ту)
7. «Кішкентай» сөзінің антонимі? (үлкен)
8. «Национальный» сөзінің аудармасы? (ұлттық)
9. Қазақтың ұлттық ойыны. (тоғызқұмалақ)
Сонымен балалар, қандай сөз шықты? Дұрыс балалар: «Денсаулық»! Жақсы, балалар!
Денсаулық ол шыныққан,
Барлық дененің мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан,
Жүйке - тамыр жүйесі.
Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Денсаулық ».
Ендеше бүгінгі сабақта «Денсаулық» тақырыбы төңірегіне байланысты тапсырмалар орындаймыз. Қай топ тез орындап шығады, сол жеңіске жетеді.
Балалар, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күн мен айды, тақырыбымызды тақтадан жазып аламыз.
Мәтінмен жұмыс жасамас бұрын, алдымен сөздік жұмысымен танысайық. Бұл сөздер мәтінмен байланысты, 1-1 ден оқып шығыңдар.
2- тапсырма. Сөздікпен танысу. Сөздік жұмысы.
Асыл- драгоценный
Көңіл бөлу- обращать внимание
Салауатты өмір салты- здоровый образ жизни
Қалыптастыру- формировать
Айналысу- заниматься
Зиянды әрекет- вредные привычки
Шара- мероприятие
( Мұғалім бір рет оқиды, бірнеше оқушы кезекпен орысша-қазақша бөлек оқып шығады). ( 2 мин)
3- тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Кітапта 182- бетті ашып, оқимыз.
Мұғалім бір рет мәнерлеп оқиды.
Оқушылар 2 рет өз бетінше оқып шығады.
Бірінші топ 1-2 сөйлем, ІІ – топ 3-4 сөйлемдерді оқып, аударады. (5 мин).
4- тапсырма. Жазбаша тақтамен жұмыс. Осы мәтінде асты сызылған сөзге І –топ – «Денсаулық» сөзіне фонетикалық талдау, ІІ –топ – «Тазалық» сөзіне септік жалғауы бойынша септеп шығуларын керек. (Талдап жатқан оқушы ұмытып қалса, сол топтан көмектесуге болады. Қалғандарын дәптерде орындаңдар.)
Оқушылардың дәптерлерін тексеру.
Қай топ жақсы орындады?
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет. Әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымыз, дұрыс тамақтануымыз, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз керек.
5 – тапсырма.
Мақал – мәтелдердің жалғасын тап. (Слайдпен ауызша жұмыс. Әрбір топтан сұрау. 1 мин.)
-Мына тапсырмада мақалдардың басы айтылған, сендер жалғасын табыңдар.
-Ал енді тексерейік.
1. Тәні саудың ... ... . (жаны сау)
2. Денсаулық зор ... (байлық)
3. Тісі ауырғанның көңілін … . (сұрама)
4. Тазалық — денсаулық негізі, денсаулық — ... ... . (байлық негізі)
5. Отансыз адам, ... ... . (ормансыз бұлбұл)
6. Бірінші байлық - ... . (денсаулық)
6-Тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Сөздердің сәйкесін тауып жаз. Сөз тіркестерін құру. Келесі тапсырма дәптерде орындаймыз. Ал енді тексереміз.
-Кім дайын? 1-1 оқушыдан сұрау. Ал енді жеткілікті.
Бетін ------ тебу
Спортпен ------ жасау
Шаңғы ------ сырғанау
Жаттығу ------ жуу
Доппен ------- шұғылдану
Шанамен ------- ойнау
Сөз тіркестерін тексерейік.
«Әрі ойна, әрі ойла» сергіту сәтін өткізу. Орысша аудармасын тап.
Мына сөздер қалай аударылады? Есімізге түсірейік. Әрбір оқушыдан сұрап шығу.
Қанекей, сен, сен айта қойыңдаршы?
Мен орысша айтамын, ал сендер қазақшасын бірігіп айтындар.
Және біздің денсаулығымызға пайдасы тиетін тағамдар, не болмаса дене мүшелерімізге байланысты қандай сөздер бар?
Ал енді балалар хормен айтайық.
Тексеру.
Мальчик
|
Бала
|
Сани
|
Шана
|
Бумага
|
Қағаз
|
Мороз
|
Аяз
|
Вязать
|
Тоқу
|
Учеба
|
Оқу
|
След
|
Із
|
Шило
|
Біз
|
Город
|
Қала
|
Степь
|
Дала
|
Масло
|
Май
|
Месяц
|
Ай
|
Поэт
|
Ақын
|
Близко
|
Жақын
|
Осень
|
Күз
|
Сто
|
Жүз
|
Мясо
|
Ет
|
Лицо
|
Бет
|
7- тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құр. -Балалар, менің қолымда сандық бар, оны «Денсаулық» қаласынан әкелген екен. Ал енді сандықтың ішінде шашыраңқы сөздер бар, солардан сөйлем құрайық. Жылдам-жылдам ашып, оқып, жаза қойайық.
Тақтамен жұмыс.
Жазбаша орындау.
І – топ.
1. Денсаулықты, жақсартады, спорт. (Спорт денсаулықты жақсартады)
2. Қай, алсақ та, спорттың, түрін, пайдалы, денсаулыққа.(Спорттың қай түрін алсақ та, денсаулыққа пайдалы)
3.Денсаулық, мақал-мәтелдер, туралы, үй жұмысы, болды. (Үй жұмысы денсаулық туралы мақал-мәтелдер болды)
ІІ – топ.
1. Спорттың, салауатты өмір салты, маңызы, қалыптастыруда, зор. (Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың маңызы зор)
2.Спорт, маған, ұнайды. (Маған спорт ұнайды.)
3.Ең, бағалы, денсаулық, адам, өмірінде, дүние. (Адам өмірінде ең бағалы дүние – денсаулық).
8- тапсырма.Балалар қазір біз «Денсаулық гүлін» жасаймыз. Ауызша.
Қағаз бетіне бүгінгі сабақтан түйген ойларынды жазыңдар. Яғни зияны мен пайдасы туралы...
ІІ –топ бір-бірінің жауаптарын қайталамайды.
Сен өзін СӨС қалыптастырасың ба, қалай, не істейсің?
Тақтада «Денсаулық» сөзіне денсаулық ережелерін жабыстыру.
(Оқушылар кезекпен айтып, гүлдің жапырақтарын тақтаға жабыстырады. )
1.Таңертең жаттығу жасау
2.Жуыну,бой-басын таза ұстау
3.Спортпен шұғылдану
4.Жақсы тамақтану
5.Күн тәртібі
6.Таза ауада демалу(табиғатқа саяхат)
7.Ұйқыға ерте жату
8.Теледидарды жақын көрмеу,уақытпен көру
-Балалар, денсаулық ережесін шығардыңдар, бір-біріңе айтқан кеңестеріңді орындап жүрсеңдер,денсаулықтарың мықты болады.
ІV. Сабақты қорыту: А) Пысықтау сұрақтары:
- Денсаулық деген не?
- Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру дегенді қалай түсінесіңдер?
- Денсаулыққа байланысты қандай мақал- мәтелдер, өлеңдер білесіңдер?
Рефлексия:
Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
Үй тапсырмасын беру: 182- бет 2- тапсырма мәтінді мазмұндау
V. Бағалау. Оқушыларды білімдері мен сабаққа қатысқандарына қарай бағалау.
Үлеспелі-қима қағаздар. (Николай У, Снежана, Виктория, Олег З.)
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.
Балалар .... алды. Мен .... тебемін. Біз таудан ... сырғанаймыз. Мұз айдынында .... тебеміз. Айбек .... киді. Мен ... сатып алдым. Мен .... спортымен айналысамын. Ол ... айналысады.
Керекті сөздер: доп, шаңғымен, велосипед, коньки, бокспен, қолғап.
(Балалар доп алды. Мен велосипед тебемін. Біз таудан шаңғымен сырғанаймыз. Мұз айдынында коньки тебеміз. Айбек қолғап киді.
Диалог құру:
Сөйлесім әрекеті: «Денсаулық» тақырыбына.
Оқушы: - Сәлеметсіз бе дәрігер!
Дәрігер: - Сәлеметсің бе!
Дәрігер: - Қай жерің ауырып тұр?
Оқушы: - Менің басым ауырып тұр.
Дәрігер: - Мына орындыққа отыра ғой. Ал енді оң қолынды әкел, дене қысымын өлшейік?
Сенің дене қысымын 90\60 екен. Мен саған дәрі берейін. Дене қысымын сонда қалпына келеді. Ал енді үйіне барып бірнеше сағат жата тұр.
Оқушы: - Рахмет, сау болыңыз.
Жұмбақтар.
Ал, енді келесі мен жұмбақ жасырамын, шешуін тез табайық.
Ақ қарда тек тұрмадым,
Қос тақтаймен зырладым. (шаңғы)
*******************
Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды,
Бір – бірінен озбайды. (коньки)
*********************
Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады (сабын)
***********************
Дәмі де жоқ ,Түсі де жоқ (су)
**************************
Ұрып қалсаң кері атып,
Оралады өзіңе,
Көрсе досың бері атып,
Қайтып барар өзіңе (Доп)
***********************
Отыз екі мықты,
Қаз –қатар болып шықты,
Он алтысы асты,
Он алтысы үсті. (тіс)
1 – топ.
1.Денсаулықты, жақсартады, спорт.
2. Қай, алсақ та, спорттың, түрін, пайдалы, денсаулыққа.
3.Денсаулық, мақал-мәтелдер, туралы, үй жұмысы, болды.
1 – топ.
1.Денсаулықты, жақсартады, спорт.
2. Қай, алсақ та, спорттың, түрін, пайдалы, денсаулыққа.
3.Денсаулық, мақал-мәтелдер, туралы, үй жұмысы, болды.
1 – топ.
1.Денсаулықты, жақсартады, спорт.
2. Қай, алсақ та, спорттың, түрін, пайдалы, денсаулыққа.
3.Денсаулық, мақал-мәтелдер, туралы, үй жұмысы, болды.
1 – топ.
1.Денсаулықты, жақсартады, спорт.
2. Қай, алсақ та, спорттың, түрін, пайдалы, денсаулыққа.
3.Денсаулық, мақал-мәтелдер, туралы, үй жұмысы, болды.
1 – топ.
1.Денсаулықты, жақсартады, спорт.
2. Қай, алсақ та, спорттың, түрін, пайдалы, денсаулыққа.
3.Денсаулық, мақал-мәтелдер, туралы, үй жұмысы, болды.
– топ.
1.Спорттың, салауатты өмір салты, маңызы, қалыптастыруда, зор.
2.Спорт, маған, ұнайды.
3.Ең, бағалы, денсаулық, адам, өмірінде, дүние.
– топ.
1.Спорттың, салауатты өмір салты, маңызы, қалыптастыруда, зор.
2.Спорт, маған, ұнайды.
3.Ең, бағалы, денсаулық, адам, өмірінде, дүние.
– топ.
1.Спорттың, салауатты өмір салты, маңызы, қалыптастыруда, зор.
2.Спорт, маған, ұнайды.
3.Ең, бағалы, денсаулық, адам, өмірінде, дүние.
– топ.
1.Спорттың, салауатты өмір салты, маңызы, қалыптастыруда, зор.
2.Спорт, маған, ұнайды.
3.Ең, бағалы, денсаулық, адам, өмірінде, дүние.
– топ.
1.Спорттың, салауатты өмір салты, маңызы, қалыптастыруда, зор.
2.Спорт, маған, ұнайды.
3.Ең, бағалы, денсаулық, адам, өмірінде, дүние.
Достарыңызбен бөлісу: |