Сабақтың мақсаты: «Достық» тақырыбынан алған білімдерін грамматикалық тақырыптарды пысықтау



Дата17.06.2018
өлшемі17,35 Kb.
#43164
түріСабақ
Минигалиева Альбина Рафитовна

Ақкөл ауданы М. Горький атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
ДОСТЫҚ. НӘТИЖЕ САБАҚ

Сабақтың мақсаты: 1. «Достық» тақырыбынан алған білімдерін грамматикалық тақырыптарды пысықтау.

2.  Оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, қисынды ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

3. Достықты бағалай білуге баулу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы (нәтиже сабақ)

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, талдау,ойын, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: слайд, үй суреті, мақал-мәтел, стикерлер, тапсырмалар, сөзжұмбақ, плакат.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

-амандасу;

- кезекші рапорты

-ынтымақтастық атмосферасын орнату( психологиялық ахуал)

Шаттық шеңбері( оқушылар бір бірлеріне жақсы тілектер тілейді)

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз!

II. Миға шабуыл (жаңа сабақ)

-Сөзжұмбақ шешу

- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

- Сұрақ-жауап.

1.Достық дегеніміз не?

2. Достықтың қандай түрлерін білесіңдер?

3.Сенің досың бар ма? Аты кім? Ол қандай дос?

4. Достық қандай болу керек?

-Ендеше, балалар, біздің де достығымыз берік, мықты болу үшін "Достық" үйін немесе "Бірлік" үйін салуымыз керек. Бізге үй салу үшін не керек?(кірпіш)

-Дұрыс. Ендеше, мына жердегі кірпіштерден біз "Достық" үйін саламыз. Ол үшін кірпіштің артындағы тапсырмаларды орындауымыз керек.Орындаймыз ба?

1 тапсырма.

Топтарға бөлініңдер де тақтадағы сөйлемдермен жұмыс жаса. (Қораптағы жазулар бойынша оқушылар екі топқа бөлінеді.1-ші топ: Достар, 2-ші топ: Құрбылар)

- бар, екі, менің, жақсы, досым.

- доспыз, үшеуіміз, біз, балабақшадан.

- бір, қазір, оқимыз, сыныпта, біз.

- де, үшеуіміз, доспыз, тату.

2 тапсырма.

Өз топ атуларыңды септеңдер!

3 тапсырма

Сурет сал( топтық жұмыс)

4 тапсырма

Достық жайлы қандай мақал-мәтел білесіңдер?Қай топ көп мақал біледі екен?

5 тапсырма

"Ойлан, тап!" ойынын ойнаңдар.

керез, ыдлықа, ітпедә, ідмірійем

ідмінес, ысқаж, ітпітрәт, ытпықұ

-Енді, балалар, бізге үйдің шатырын қоюға болады екен. Достықты құру үшін біз қандай қасиеттерге ие болуымыз керек екен? Сонда ғана біздің достығымыз осындай үйдей берік, мықты болады екен.

- Қазір бір жаттығу жасап бір тынығып алайық!Мен сендерге қазақша бұйрық беремін, сол бұйрықты сендер бұлжытпай орындауларың керек.

Тұрамыз, көзді ашып-жұмамыз, оңға қарамыз, солға қараймыз, қасындағы досыңмен амандасамыз, достарыңды құшақтаймыз, отырамыз.

(Бейнероликтен сергіту сәтін қайталау.)



III Қорытынды:

1. -Бүгінгі сабақта не білдік біз?

-Достық дегеніміз не екен?

-Қандай грамматикалық тақырыптарды қайталадық?

-Дос деген қандай болу керек?

Кері байланыс

2. "ИЯ", "ЖОҚ" позициясын орындау.

- Достық сөзінің аудармасы "друзья"

- Біздің достығымыз берік

- Дос коп болған жаман

- Етістік заттың атын білдіреді

- Қазақ тілінде 7 септік бар.



IV. Бағалау.

Рефлексия
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет