Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты: Етістік туралы түсінік беру.Жаттығу жұмыстарын орындау
арқылы тақырыпты тереңірек меңгерту.Ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Топпен ұйымшылдықта жұмыс жасауға,сауатты,көркем жазуға баулу.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Көрнекілігі: Интерактиті тақта,слайттар топтамасы,қағаздан жасалған қызғалдақтар т/б.
Жүру барысы:
І.Психологиялық дайындық
Армысың,ару Күн!
Армысың жақсы дос!
Бос өтпей әрбір күн,
Білімге білім қос!
-Балалар,көңіл күйіміз қалай?
-Қазір жылдың қай айы?
-Қандай жыл мезгілі басталмақ?
-Көктем мезгілі сіздерге ұнай ма? Олай болса біз бүгінгі сабағымызда көктемгі орманға саяхатқа шығамыз. (Сыныпты 2-топқа бөлу және оқушыларға сабаққа жақсы қатысқандары үшін көктемнің алғашқы гүлі қызғалдақпен бағалап отыратынымды ескерту.)
І топ-«Қызғалдақтар» тобы
ІІ топ «Бәйшешектер» тобы
-Балалар орманға бару үшін қандай жолмен барамыз? Оны анықтау үшін бізге карта керек. (Интерактиті тақтадан картаны қарау)
Балалар,орманға бару үшін біз бірінші мына алып таудан өтуіміз керек екен.
ІІ.Ойлау баспалдағы.Таудың тапсырмасы:
1.Сөз таптарын ата?
2.Зат есім дегеніміз не?
3.Жалқы есім дегеніміз не?
4.Жалпы есім дегеніміз не?
5.Зат есімнің жекеше тұрған сөздерін бір бөлек,көпше тұрған зат есімдерді
бөлек жина,сұрақ қой.
Кітаптар оқушы доп алмалар
ІІІ. Жаңа сабақ. Ормандағы аңдардың тіршілігі.
-Балалар,біз не көріп тұрық? Бұл қандай аңдарға жатады? Бұл аңдар қалай қоректенеді,қалай дыбыстайды,қалай қимылдайтынын білеміз бе?
(Интерактиті тақтадан әрбір аңның дыбысын тыңдату,қимылын көрсету)
-Тиін,не істеді?
-Талдан-талға секірді. Жаңғақ жеді. Т.с.с
Ереже қорытып шығару.
Балалар,заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? Қайтті? Не қылды ? деген сұрақтар қойылады.
«Кім жылдам» ойыны. Мен етістіктерді айтам,сіздер іс әрекетпен көрсетесіздер.
ІҮ.Оқулықпен жұмыс. Орман құстарының тапсырмасы:
1-жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
1.қанат кітап оқыды.2.Айзада ағасына хат жазды.3.Назеркенің апасы Астанада тұрады.4.Көкөніс сулы жерде өседі.
Көктем мезгілі туралы ведиоролик көрсету.Балалардың ойын жинақтау,топтау.(Әр топ ойын қағазға түсіру )
Күн жылынады құстар ұшып келеді
Күн жылиды жаңбыр жауады күн ұзарады ағаштар бүр атады қар ериді жануарлар ұйқыдан оянады жер жыртылды
2-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы.Етістіктерді теріп жазып,сұрақ қой.
Көктем келді:құс келді,
Күн ұзын,түн қысқа енді.
Көктем келді:су ақты,
Күннің көзі шуақты.
Көктем келді:гүл өсті,
Көбелектер гулесті.
Болжау кестесі.Топпен жұмыс.
Мақсаты: Қиялдай білуге баулу,ойды әрімен қарай болжауға дағдыландыру
Көктем айының ерекшелігі неде? Жыл мезгілі саған несімен ұнайды? Көктемгі еңбек
Сергіту сәті
Жарқыраған Күндейміз,Күндейміз!
Жайнап өскен Гүлдейміз!
Тұнық таза Ауамыз,Ауамыз!
Сылдырлаған сумыз біз,Тазамыз,Тазамыз!
4-жаттығу .Жұмбақты жатқа жаз.Етістіктерді тауып сұрақ қой.
Жіппен келеді,
Үзсең сөнеді. ( ток)
Проблемамен саудалас. Орман құстарының тапсырмасы
Мақсаты: Бір-бірінің ойын тыңдай білуге,ойды жетілдіруге баулу,сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау.
«Соңғы алмұрт» сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастырып жазуға тапсырма бердім. «Айгул бақтың ішімен келе жатып,жерде тускен жалғыз алмұртты көріп қалды….Ары қарай не болуы мүмкін? Оны өздерің аяқтап жазыңдар»-деген проблеманы алдарына қоямын.
5-жаттығу. Орман жәндіктерінің тапсырмасы.
ІҮ.Сабақты қорытындылау. Үйге қайту.
Ой толғаныс
1-топ Өлеңнің ұйқасын тап
Ағашты босқа …..
Тентек балаға…..
Қайта оны…..
Су құй күнде …..
2-топ. «Образға кіру»
Жансыз заттардың,өсімдіктердің,жануарлардың орындарына өздері қандай күй кешетіні,қызмет атқаратынын сезіну.
Ү.Үйге тапсырма беру. 4-жаттығу. «Көктем»тақырыбына эссе.
ҮІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |