Сабақтың мақсаты: Ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау Сабақтың міндеті: Сауықтыру. Тәрбиелеу. Білім беру Жоспары



бет3/10
Дата07.02.2022
өлшемі46,68 Kb.
#87408
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
16 Өмірзақ Айида Айдарханқызы жеңіл атлетика rd

Сыртқы тыныс алу
Адамдардың және жоғары сатыдағы жануарлардың негізгі тыныс алу мүшесі - өкпе. Ауа өкпеге тыныс алу жолдары арқылы өтеді. Оған мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек, ауатамыр және ауатамыршалар (бронхиоли) жатады.
Ауа жолын жайлаған ауа, газ алмасу процесіне қатыспайды, сондықтан ол жолды "өлі қеңістік" деп атайды. Ондағы ауаның мөлшері - 140-150 мл шамасында. "Өлі кеңістік" көлемі ауа жолы құрылысының ерекшеліктеріне байланысты және тыныс алу мүшелерінің қызмет ету қабілетіне қарай ұдайы өзгеріп отырады. "Өлі кеңістіктегі" ауа газ алмасу процесіне қатыспағанымен, оның ерекше биологиялық маңызы бар: 1) ауа жолының ішкі жағын астарлаған шырышты қабық ұдайы дымқылданып тұратын болғандықтан өкпеге өтіп бара жатқан ауа дымқылданып тыныс жолын құрғап кетуден сақтайды; 2) "Өлі кеңістік" ауаға ілесіп келген шаң-тозаңды, микробтарды одан әрі өткізбейді, сөйтіп өкпені, демек бүкіл адам ағзасын қорғайды. Ауадағы ұсақ заттар шырышты қабықтың бетіне қонады да, осы арадағы кірпікше эпителийдің қимылымен сыртқа ұдайы ығыстырылады. Егер жиналып, топталып қалса, жөтелу, түшкіру рефлекстері туады да сыртқа шығарылады; 3) "Өлі кеңістік" альвеоланы ыстық, суықтан сақтайды, ауа жолындағы шырышты қабықтың қан тамырлары кеңейсе суық ауа жылынады, ал тарылса, ыстық ауа суиды, яғни өкпеге кіретін ауаның қызуы ұдайы бірқалыпты ұсталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет