Сабақтың мақсаты: Ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау Сабақтың міндеті: Сауықтыру. Тәрбиелеу. Білім беру Жоспары


Оттегінің қан арқылы тасымалдануы



бет7/10
Дата07.02.2022
өлшемі46,68 Kb.
#87408
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
16 Өмірзақ Айида Айдарханқызы жеңіл атлетика rd

Оттегінің қан арқылы тасымалдануы
Оттегі көбіне қызыл қан түйіршіктерінің (эритроциттің) құрамындағы гемоглобинмен қосылып оксигемоглобин түрінде тасымалданады - (Нв02). 100 мл қандағы оттегінің мейлінше көп мөлшері қанның оттегіне қанығу сыйымдылығы деп саналады. Бір грамм гемоглобин 1,34 мл оттегімен әрекеттесетіні белгілі. Ересек ер адамдардың қанында 14-15 г Нв болады, сондықтан 100 мл қандағы 1,34 • 14-15=19-20%'(20 мл)-дей оттегі болады. Ал адам денесіңдегі барлық қанда 750 г Нв болғандықтан қанның оттегіне барынша сыйымдылығы 1 л. Тыныштық күйінде оттегінің бұл мөлшері 5-6 минутке жетеді. Дене еңбегімен айналысқан кезде қордағы (көк бауыр, бауыр) эритроцитке бай қанның қан айналымына шығуына байланысты қанның оттегіне қанығу сыйымдылығы 10-15% еседі.
Қанның оттегіне қанығуы келесі жағдайларда төмендейді:
1) қандағы сутегі иондарының концентрациясы өсіп, рН (белсенді реакция) төмендегенде (қанның рН=7,34-7,36);
2) дененің температурасы өскенде;
3) бұлшық еттер жұмыс жасағанда оттегінің миоглобинмен қосылу мүмкіншілігі жоғары болады.
Қандағы оттегі мөлшерінің тез төмендеуін - гипоксемия, ал бүкіл ағзаға оттегінің жетіспеуін - гипоксия деп атайды. Оны тудыратын себептерге байланысты бірнеше түрлері болады. Тыныстық гипоксия ауада оттегінің аздығынан, өкпенің қабынуынан, тыныс реттелуі бұзылуынан, қанның өкпеде толық қанықпауынан туындайды.
Айналымдық гипоксия ағзадағы жеке мүшелер мен ұлпалардағы қан айналым бұзылғанда қалыптасады. Анемиялық гипоксия қандағы эритроциттер саны азайғанда, Нв — мөлшері төмендегенде байқалады. Гистотоксикалық гипоксия уланғанда (мысалы, цианидтермен) ұлпалар мен жасушалардың оттегін сіңіру қабілеті азайғанда туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет