Сабақтың мақсаты: Ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау Сабақтың міндеті: Сауықтыру. Тәрбиелеу. Білім беру Жоспары


Дем алу және дем шығару механизмі



бет4/10
Дата07.02.2022
өлшемі46,68 Kb.
#87408
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
16 Өмірзақ Айида Айдарханқызы жеңіл атлетика rd

Дем алу және дем шығару механизмі
Сыртқы тыныс алу, яғни газдың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы алма кезек ауысып отыратын дем алу (инспирация) және дем шығару (экспирация) кезендерінен тұрады. Бұл екі кезең тірі ағзада өзара үйлесім тапқан, бірінен соң бірі кезекпен келіп алмасып отырады. Ауаны өкпеге тартып алып, ондағы газ алмасуына қатынасқан ауаны сыртқа шығару үшін өкпе біресе ұлғайып (кеңейіп), біресе тарылып тұруға тиіс. Бірақ альвеола қабырғасындағы ет талшықтары болмағандықтан өкпе кеңейіп не тарылып көлемін өзі өзгерте алмайды, бұл процесс көкірек қуысының ұлғайып-тарылуына байланысты.
Өкпе сыртындағы ауамен қатыспайтын бөлім көкірек қуысында орналасқан. Сырт жағынан өкпе висцеральдық (ішкі) және париетальдық (сыртқы) плевраның екі қабығымен қоршалған. Плевра қабықтарының арасыңда плевралық қуыс деп аталатын саңылау тәрізді өте тар (5-10 мкм-дей) кеңістік бар. Онда плевра қабықтарының ішкі беттерін майлап, өзара үйкелу кедергісін азайтатын аздаған шырышты сұйықтық болады.
Көкірек қуысы кеңейген кезде париетальдық плевра висцеральдық плевраны өзіне тартып өкпені созады, оның ішіңдегі қысым азаяды, сондықтан қысымы жоғары сырттағы ауа өкпеге кіріп, оны одан әрі кернеп кеңейтеді. Дем алу кезінде кеуде қуысы үш бағытта: жоғарыдан төмен қарай кеңиді көкет (диафрагма) жиырылады, оның күмбезі жазылып 1,5 см төмендейді); сыртқы қабырғааралық және шеміршек аралық еттер тартылып, төс алға ығысады да солдан оңға, оңнан солға және арттан алға қарай кеңейеді. Дем шығарған сәтте көкірек қуысы ішкі қабырғааралық еттердің жиырылуына байланысты тарылады да, өкпе қысымы жоғарылағандықтан ауа сыртқа шығады. Дем шығару ішкі қабырға аралық бұлшық еттердің босаңсуынан, ауырлық күші әсерінен кеуде қуысы төмен түседі. Сонымен өкпенің кеңейіп тарылуы көкірек аумағының өзгеруіне, яғни тыныс еттерінің жиырылып босауына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет