Сабақтың мақсаты: «Гүлдер» өлеңімен таныса отырып, өлең мазмұнының негізгі идеясын ашу. Тұманбай Молдағалиев жайында мағлұмат беру



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі196,36 Kb.
#29153
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: «Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев
Сабақтың мақсаты: «Гүлдер» өлеңімен таныса отырып, өлең мазмұнының негізгі идеясын ашу. Тұманбай Молдағалиев жайында мағлұмат беру.

Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқушылардың ой - өрісін дүние танымын кеңейту, тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту.

Табиғаттағы гүлдердің әсемдігі, сұлулығы, қажеттілігін түсіндіру.Табиғатты аялауға,күтіп-баптауға,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:Ой қозғау, топтастыру, сұрақ-жауап,түсіндіру,сатылай кешенді талдау.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Көрнекі құралдар:Интерактивті тақта, Т. Молдағалиев суреті, үлестірмелі карточкалар, бейнеролик, слайд.

Сабақтың барысы:

І.Мотивациялық кезең

Қонақтармен амандасамыз.

-Қазір бізге қай сабақ?(Әдебиеттік оку)

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Жылы жүрек- ізгі тілек»

- Балалар, мен сендердің қолдарыңнан гүлдерді көріп тұрмын. Енді сендер гүлдеріңді, жылы тілектеріңді айта отырып, бір-біріңе сыйлап,мына менің қолымдағы құмыраға салсаңдар бұл гүлдер құлпырып, айтқан тілектеріңіздің бәрі орындалады.Өйткені, бұл сиқырлы құмыра.


-Анамыз аман болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Әрқашан күн сөнбесін!
- Көңілді бала болайық!
- Бәріміз дос болайық!
- Әкемізді жақсы көреміз!
- Апайдың айтқанын тыңдаймыз!
- Тәртіпті бала болайық!
- Бақытты бала болайық!
- Мейірімді болайық!
- Әрқашан әдемі болайық!
- Күніміз жарық болсын!

-Жақсы, енді балалар орнымызға жайғасып отырайық.



ІІ.Өткенге ой жүгірту

-Қандай бөлімді аяқтадық?(Мәуелі бақ )

-Кімдердің шығармаларымен таныстық?

(Балалардың жауабы)

«Ой қозғау»

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?(Қыс)

Қыс аяқталып,көктем де жақындап қалды .
-Көктемнің келгенін неден білеміз?

Көктем мезгілінде далада, қырда әдемі көктем гүлдері шыға бастайды



-Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?(Бәйшешек)

-Қандай гүлдердің атауын білесіңдер?

-Балалар,қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?(Гүлдер)

-Дұрыс айтасыңдар ,олай болса дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын , сабағымыздың тақырыбын жазып алайық.

-Бүгін Т.Молдағалиевтың «Гүлдер»атты өлеңімен танысамыз.

ІІІ.Жаңа мағынаны тану

-Гүлдер қайда өседі?(бейнетаспадан, гүлдердің түрін көрсету)


- Далада, бөлмеде, алаңда, орманда.
Дұрыс, балалар, жалпы гүлдер екіге бөлінеді: дала гүлдері, бөлме гүлдері.
- Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?
(Топырақ, күннің көзі, су қажет.)

Гүл - өсімдік, ол тірі табиғатқа жатады.

Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі.

Гүлдер ауаны тазартады, кейбірі ауруларды емдеуге өте пайдалы, тіпті олар үйді де әсемдейді. Дала гүлдерінен сабын, сусабын, денеге арналған майлар, әтірлер әртүрлі заттар жасалынады.

Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі.

Казақта гүлдерге қатысты мақалдар да көп.

1.«Гүл – өмір қызығы».

2. Әр атаның өз ұлы бар,


Әр бұтаның өз гүлі бар.

3.Гүл қайда болса, көбелек сонда.


4.Гүл ашылмай, бұлбұл сайрамас.
5.Қыз өссе-елдің көркі,
Гүл өссе-жердің көркі.

Қазақта қыздарды гүлге теңеген .Біздің ата-аналарымыз гүлдей жайнап өссін деп,өдемі болсын деп қыздардың есімін де гүлдермен байланыстырып қойып жатады.Мысалы,біздің сыныпта да есімдері гүлмен байланысты қыздарымыз бар.(Гүлназ,Райхан,Гүлназым)

Ақындарымыз да гүлдерді өлең жырларына қосқан.

-Сондай ақындарымыздың бірі Т.Молдағалиев

Автор туралы мәлімет беру.

Тұманбай Молдағалиев — ақын, аудармашы. 20. 03. 1935ж Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” ауылында дүниеге келді. “Балдырған” журналының редакторы болды. Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері” 1957 жылы жарық көрді. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40 - тан астам жинақ болып басылып шықты.Т.Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның "Құстар қайтып барады” (музыкасы Н.Тілендиевтікі), "Бақыт құшағында”, "Әнім сен едің” (музыкасы Ш. Қалдаяковтікі), "Ертіс вальсі” (музыкасы Жамақаевтікі), "Шақырады көктем” (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған.



Топпен жұмыс(Оқулықпен жұмыс)

1.Оқулықтағы өлеңді 3топқа бөліп оқыту

2.Өлеңнің негізгі ойын ,идеясын ашу(Гүлдерді жұлмау,табиғатты аялау)

3.Өлеңнің құрылымына талдау жасау

І топ. 1-шумақта қайталанып тұрған сөз:
Гүлдер, гүлдер,

ІІ топ. 2-шумақта қайталанып тұрған сөздер:


Гүлдер, гүлдер екен, екен
ІІІ топ. 3-шумақта қайталанып тұрған сөздер:
Гүлдер, гүлдер Тұра берші, тұра берші. Ұнайды, ұнайды.

Қайталау әдісін түсіндіру.

Қайталау-сөз әсерін күшейту. Ақын белгілі бір құбылысты немесе сөзді бірнеше мәрте қайталау арқылы оқырманның назарын өзіне аудару үшін қолданады.

Сергіту сәті.

Т.Молдағалиевтің әндерінен поппури орындау.

(Музыка пәні мұғалімі баянмен сүйемелдейді)

-Балалар,ақынның қандай әндерін орындадық?

(Құстар қайтып барады,Бақыт құшағында,Шақырады көктем)

Қажетті мәліметтер

Оқушылар өздері ізденіп, алып келген «Гүлдер» туралы қызықты мәліметте-

рін айтады.

Әлемдегі ең үлкен гүл таяуда ғана Швейцарияда пайда болды ,ол гүлдің аты – Титан Арум. Базел қаласының ең үлкен ботаникалық бағында ашылған гүлдің биіктігі 2метрден асады,ал салмағы 100кг екен.т.б.



Бөлме гүлдерін еңбектеніп өсірейік,бір-бірімізге сыйлайық.


Каталог: uploads -> doc -> 08c1
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08c1 -> Сабақ жоспары: «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі 20 ж Пән аты : Информатика Сынып : 5
08c1 -> Мектеп: №54 мектеп-лицей Мерзiмі: 27. 04. 2017 ж. Тақырыбы
08c1 -> Мысықтар туралы: Үй мысығы
08c1 -> Шығарманың тақырыбы: Шәкен Отызбаевтың өмірі мен шығармышылық жолы. Жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет