IV. Жаңа тақырыпты меңгеру
Тақырыптың жоспары:
Хандық үкіметтің басқару жүйесі.
Хан және хан сайлау.
Ұлыстың әлеуметтік құрамы және «Жеті жарғы» мен билер кеңесі, меншік мәселесі.
Салықтар мен міндеткерліктер.
1.Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 тармақтан тұрды.
Ауыл
Ата аймақ
Хандық
Жүз
Ұлыс
Арыс
Ру
Б) ХV- ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының басқару жүйесі туралы төмендегі кестені толтыру.
Сатылары
Басқарудың ұлттық жүйесі
Бірігудің түрлері
Басшысы
Басшының міндеттері
Басшының негізгі қасиеттері
1
Ауыл
Туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан
Ауыл-
Басы
Ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, адам, көлік күшін дұрыс пайдалану, салықтың уақытында төленуін қадағалау
Білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты
2
Ата аймақ
Жеті атадан
қосылатын бірнеше ауылдан
Ақсақал
Шаруашылықты, алым-салықты қадағалау, ақсақалдық шешімін екі айтқызбай орындап отыруы / ақсақалы бар ауыл азбайды/.
Жоғары мәртебеге ие, жасы келген
3
Ру
10 немесе 15 аймақтан
Рубасы
Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты
Көпті көрген, мол тәжірибелі, білікті, білгір
4
Арыс
Бірнеше рудан
Би
Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті, би әділетті болуы керек /тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ/.
Әділ, шешен, ақыл- кеңес бере алатын
5
Ұлыс
Бірнеше арыстан
Сұлтан
Ұлыс ішіндегі жер, барымта, алым-салық, әскер, көші-қон мәселелерімен айналысты. Халықтың жағдайы сұлтанның қабілетті басқарумен байланысты
Ақсүйектер әулетінен
6
Жүз
Бірнеше ұлыстан
Хан
Жер мәселесі, әскер, ішкі, сыртқы тұрақтылық, сот мәселесінің барлығы ханның тікелей араласуымен жүзеге асырылып отырды
Тек қана хандар әулетінен
7
Хандық
Үш жүзден
Қаған /ұлы хан, хандар-
дың ханы/.
Үш жүздің жер, даудамай мәселелерін шешті. Хандықтың сыртқы саяси жағдайын қадағалады. Алайда үш жүз арасындағы алауыздық, сыртқы саяси жағдай қағандардың билігіне нұсқау келтірді.
Ақсүйек, шонжарлар
Достарыңызбен бөлісу: |