Сабақтың тақырыбы:
Солтүстік Мұзды және Атлант мұхиты.
Сабақтың мақсаты: Мұхиттардың географиялық орнын,
Пайдалы қазбаларын оқыту, тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру.
ппікірлерін айтады; топпен, өз бетімен жұмыстана алады;
Сабақ барысында қолданылатын жұмыс түрлері: Сергіту сәті, топтық жұмыс, постер қорғау, ассоциация жасау, әңгімелесу, диалог, талдау, кері байланыс.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Көрнекі құралдар : Компьютер, доп, маркер, карта, бағалау парағы, үлестірмелі материалдар.
Негізгі ресурстар: «Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, қосымша интернеттен алынған материалдар, мұхиттар карталары, атлас карталары , энциклопедия.
Сабақтың барысы:
I. Сергіту сәті ( 3 минут) «Бүгін менің көніл күйім қандай?
Топқа бөлу: өзендер, көлдер, шығанақтар, бұғаздар ( төрт топқа бөліп отырғызу.
II.Қызығушылықты ояту
« Миға шабуыл» ( 10 минут)
Доп беру арқылы сұрақтар қойып, үй тапсырмасын бекіту. Допты қағып алу арқылы қойылған сұрақтарға жауап береді.
1)1.Гидросфера дегеніміз не?
2. Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы қанша?
3. Мұхит суының басты қасиеттері не?
4. Мұхит суының тұздылығы немен өлшенеді?
5. Д. Ж. Мұхиттағы тұздылықтың ең жоғары көрсеткіші қай жерде?
6. Мұхит суының шамамен қанша пайызын мұздықтар алып жатыр?
7. Мұздықтар қандай түрге бөлінеді?
8. Мұхиттағы тіршіліктің таралуына не себепші болды?
9. Не себепті мұхитты « тіршілік бесігі» деп атайды? Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай топтарға бөлінеді?
2). Ой шақыру.
« Су деген тіршіліктің қаны емеспе,
Су деген табиғаттың жаны емеспе,
Су жоқ жерде өмір жоқ , ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емеспе?!
Өлең жолдарында не туралы жазылғанын түсіндіреді, талдайды, жауап береді.
3) Оқушыларға алдын ала берілген тапсырмамен жұмыс
Сллтүстік мұзды мұхит пен Атлант мұхиты туралы рефераттарды тыңдау.
III. Мағынаны тану.( 10 минут)
4 топқа берілетін тапсырмалар:
Мұхиттардың зерттелу тарихы;
Тіршілік дүниесі
Табиғаты
Экологиясы.
Әр топ берілген тақырыпты талқылап, түсінгендерін талқылау парағына сурет салу немесе жазу арқылы түсіндіреді.
IV. Ой толғау. ( 15 минут)
Топтық жұмыс.
Эссе жазу.
Өлең шығару.
Сурет салу.
«Егер табиғатқа тіл бітсе, онда...........» деген тақырыпта өз ойларын ортаға салу.
V.Бағалау. ( 5 минут)
Критерийлерге қарап бағалаушылардың бағасымен танысып, өзінің бағасын шығару. Рефлексия парағын тарату. Инсерт әдісі. Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.
VI. Үйге тапсырма беру. ( 2 минут )
Мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлар жайлы тың мәліметтер жазып келу.
Шығармашылық жұмыс
«Келешекте мұхит қандай болады?»
Достарыңызбен бөлісу: |