Сабақтың мақсаты міндеттері: Білімділік: Оқушыларды батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру



Дата30.01.2017
өлшемі36,41 Kb.
#8384
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 4к1

Тақырыбы: «Батылдық және өжеттілік»

Сабақтың мақсаты міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру

Дамытушыық: Шешім қабылдай білу іскерлігін дамыту

Тәрбиелік: Батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштәкке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Оқулық, үнтаспа.

Сабақтың барысы:



Кезеңдері

Барысы

І. Ұйымдастыру
II. Шаттық шеңбері

ІІІ Мәтінмен жұмыс

ІV Жаттығу


V Сергіту сәті

VІ Ойын

VІІ Тапсырма

VІІ Дәптермен жұмыс

VІІІ Қорытынды


IX Жүректен жүрекке

X Бағалау
XI Үй тапсырмасы

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлерің қалай. Бүгінгі сабақ өзін-өзі тану пәнінен мен Әсем Маратқызы жүргіземін.Ендеше бүгінгі сабағымызды шаттық шеңберінен бастайық.
«Балдырғандар әні»

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.

Қайырмасы

Өмір тым жайдарлы,

Қызықтың қайнары

Бақшамыз жайнады

Біз-Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық-ұранымыз.

Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі.

Балалар өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып, пікірлерін айтады.

«Қойшы ҚаҺарман»


Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылады . Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.

Күтілетін жауаптар өжет адам, қорықпайтын, төзімді, сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан, Отанын сүйетін, қайсар және т.б.


Шынығамыз жастай біз

Жаттығуды бастаймыз

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Бойымызға жинап күш.

Балалар жарты шеңбер құрып тұрады. Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу сызық сызылады Межеге белгіленеді. Ортаға бір ойыншыдан шығады. Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады. Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек. Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады. Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап, қошеметтейді.


Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша білімдерін бекіту мақсатында «Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгімелеп беріңдер деген тапсырма орындайды.
(Оқушылардың сабақта алған білімін пысықтау)

1.Абылай ханның Қабанбай батырға қойған аты.

2.Ақжолтай батыр

3.Махамбеттің серігі

4.Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры

5.Желтоқсан оқиғасының батыры


-Батылдық адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі. Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш, үлгі тұта білейік.
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

-Бір-бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік..

-Деніміз сау болсын.

-Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б.

Батыр ата

«Батыр!» деген барша сүйген жақсы сөз.

Алтын туы сияқты ол ғасырдың.

Батыр ата «Батыр бол!»-деп ұрандар!

Естіндер жас жеткіншек қырандар !

Батыр болып, туған жерді қорғауды.-



«Шын бақыт!»- деп тілек етіп сұраңдар.


Каталог: uploads -> doc -> 081b
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
081b -> Сабақтың тақырыбы Жауапкершілік пен жауапсыздық №1 Жауапкершілік абырой арттырады, Жауапсыздық ұятқа қалдырады
081b -> № Тақырыбы Бет
081b -> Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу
081b -> Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным Сабақтың мақсаты
081b -> «Ән-күй шежіресі» Білім беру саласы: Шығармашылық, қатынас


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет