І. Ұйымдастыру
II. Шаттық шеңбері
ІІІ Мәтінмен жұмыс
ІV Жаттығу
V Сергіту сәті
VІ Ойын
VІІ Тапсырма
VІІ Дәптермен жұмыс
VІІІ Қорытынды
IX Жүректен жүрекке
X Бағалау
XI Үй тапсырмасы
|
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлерің қалай. Бүгінгі сабақ өзін-өзі тану пәнінен мен Әсем Маратқызы жүргіземін.Ендеше бүгінгі сабағымызды шаттық шеңберінен бастайық.
«Балдырғандар әні»
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.
Қайырмасы
Өмір тым жайдарлы,
Қызықтың қайнары
Бақшамыз жайнады
Біз-Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық-ұранымыз.
Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі.
Балалар өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып, пікірлерін айтады.
«Қойшы ҚаҺарман»
Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылады . Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.
Күтілетін жауаптар өжет адам, қорықпайтын, төзімді, сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан, Отанын сүйетін, қайсар және т.б.
Шынығамыз жастай біз
Жаттығуды бастаймыз
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Бойымызға жинап күш.
Балалар жарты шеңбер құрып тұрады. Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу сызық сызылады Межеге белгіленеді. Ортаға бір ойыншыдан шығады. Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады. Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек. Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады. Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап, қошеметтейді.
Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша білімдерін бекіту мақсатында «Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгімелеп беріңдер деген тапсырма орындайды.
(Оқушылардың сабақта алған білімін пысықтау)
1.Абылай ханның Қабанбай батырға қойған аты.
2.Ақжолтай батыр
3.Махамбеттің серігі
4.Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры
5.Желтоқсан оқиғасының батыры
-Батылдық адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі. Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш, үлгі тұта білейік.
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
-Бір-бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік..
-Деніміз сау болсын.
-Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б.
Батыр ата
«Батыр!» деген барша сүйген жақсы сөз.
Алтын туы сияқты ол ғасырдың.
Батыр ата «Батыр бол!»-деп ұрандар!
Естіндер жас жеткіншек қырандар !
Батыр болып, туған жерді қорғауды.-
«Шын бақыт!»- деп тілек етіп сұраңдар.
|