Сабақтың тақырыбы: Қол гранаталары.
Сабақтың мақсаты:
1.Қол гранаттарының арналу мақсаты мен ұрыстық қасиеттері, жарылу механизмі түсініктеме беру.
2.Қол гранаттарын лақтыру және сабақтағы қауіпсіздік жайлы түсініктеме беру.
3.Оқушыларды Отанына деген сүйіспеншілігін нығайтып тәрбиелеу.
Дамыту мақсаты:оқыта және тәрбие бере отырып,елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екенін үнемі дамыта меңгеру,білдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Отанын,елін,жерін,халқын сүюге,Отанын қорғау басты патриоттық міндет екенін түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: плакаттар
Жүргізілетін орын: АӘД оқу бөлмесі
Уақыты: 45 минут
Сабақтың барысы:
І.Кіріспе бөлім:
1. Сапқа тұру
2. Бөлімше командирінің сабаққа дайындығы туралы баяндау.
3. Сәлемдесу
4. Оқушылардың сабаққа қатысы және олардың сырт-келбетін тексеру.Кемшіліктерді түзету.
5.Өткен тақырыпты сұрау.
ІІ. Негізгі бөлім: Жаңа сабақты түсіндіру.
Қол гранатты талай ғасырлар бойында армияның қаруы болды.Оларды жауынгерлер біздің жерімізге жауыздың шабуылдарын тойтару кезінде ойдағыдай қолданды.Осы заманғы ұрыста қол граната қарсыласты жоюдың сенімді құралы болып табылады.ҚРҚК қару-жарағында арақашықтық әрекетті РГД-5,РГО,РГН,Ф-1 жарықшақты қол граната бар.
Жарықшақты қол граната қарсыластың адам күшін жарықшақты жоюға арналған.Гранат жарылған кезде адам күшін жоюға жетерліктей энергиясы бар жан-жаққа ұшатын көптеген жарықшақтар түзіледі.Жарықшақ қол граната, әсіресе,жақыннан ұрысуда,шабуылда,окоптарда,елді мекендерде,орманда,тауда,паналарда ұрыс жүргізгенде ерекше нәтижелі.Жарықшақтарының ұшу қашықтықтарына байланысты гранаттар шабуылдық және қорғаныстық болып бөлінеді.
РГД-5 жарықшақты қол граната – шабуылда және қорғаныста қарсыластың адамын жоюға арналған,арақашықтық әрекетті гранат.Ол тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан,жарылғыш зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.
РГН және РГО қол гранаталары тұтандырғышсыз және тұтандырғышы бар болып бөлінеді. Тұтандырғышы жоқ РГН және РГО қол гранаталары корпустан,жарылғыш қоспа мен детонаторлық құтыдан тұрады.
Ф-1 жарықшақты қол гранаты арақашықтық әрекетті гранат көбіне қорғаныс шайқасында адам күшін жоюға арналған.Гранатты әр түрлі жағдйлардан және тасадан,ЖҰМ-нан немесе танктен лақтыруға болады.Ол корпустан,жарылғыш зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.Гранаттың корпусы шойын,бойлық және ендік ойықшалары бар,әдетте ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлшектенеді.Корпустың жоғарғы бөлігінде тұтандырғышты бұрап енгізуге арналған бұрандалы ойық бар.Сақтағанда, тасығанда және алып жүргенде оған пласмасса тығын бұралады.
Қауіпсіздік шаралар: гранаттар гранат сөмкелерінде алып жүріледі.Тұтандырғыш оларда бөлек орналастырылады,бұл ретте әрбір тұтандырғыш қағазға немесе шүберекке оралады.Сөмкеге салар алдында жарақтау алдында гранаттар мен тұтандырғышты қарап алу керек.Гранаттың корпусында терең майысулар және қатты таттанған тұстар болмауға тиіс.Тұтандырғыш түтігі және тұтандырғыш таза,майыспаған және тот баспаған болуы керек,сақтандырғыш мұрындықтың ұштары ажыратылған қалпында,иілмелерінде жарықшақ болмауға тиіс.Алып жүру кезінде гранат соқтығудан,қозғалудан,оттан,балшық пен ылғалдан сақтау керек.Оларды оттың маңында кептіруге болмайды.Ұрыстық граната бөлшектеуге,олардың ақауларын жөндеуге,сөмкеге салмай алып жүруге,сондай-ақ жарылмаған гранаттарды алып жүруге қатаң тыйым салынады.
Пысықтау бөлімі: Венн диаграммасы.
РГД-5 Ф-1
айырмашылығы ұқсастығы айырмашылығы
салмағында 310гр қару салмағында 600гр
лақт. орт. қаш.40-50м қол гранатасы лақт.орт.қаш.35-45м шабуылд.қол гранатасы қорғаныс.қол гранатасы
Қорытынды бөлім:Оқушылардың білімдерін бағалау.Үйге тапсырма 10тақырып.Қол гранаталары
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Бестерек орта мектебі
Ашық сабақ: алғашқы әскери дайындық пәнінен
Сабақтың тақырыбы: «Қол гранаталары»
АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы:Кожаков Е.О.
Достарыңызбен бөлісу: |