Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет2/3
Дата29.01.2018
өлшемі1 Mb.
#36102
түріСабақ
1   2   3

Негізгі


  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 80-89, 115-130.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 197-231

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.442-447, 564-568.

  4. Патофизиология в таблицах и схемах под/ред. А.Н.Нурмухамбетова. Алматы: - 2004, С. 230 - 234.

  5. Патологическая физиология под/ред. А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А. Владимирова. М.: Триада-Х.-2002, С.48- 70.

  6. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 81 -96 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 264-293

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. - С. 264-293

  3. Патофизиология под/ред. П.Ф.Литвицкого. М.: «ГОЭТАР-мед». Т.1 , 2003, с.689 - 721.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С.90 – 101, 444 – 446, 465 - 467

  5. Нурмухамбетов А.Н. Стресс и его роль в адаптации организма и развитии заболеваний. Учебно-методическое пособие. Алматы, 1998. – 23 с.

  6. Пшенникова М.Г. Феномен стресса. Эмоциональный стресс и его роль в патологии//Пат.физиол. и экспер. Терапия.-2000.-№ 2.-С.24-31; № 3.-С.20-26.

  7. Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме. М.: Медгиз, 1960.- 254 с.

  8. Селье Г. Стресс без дистресса. М.: Прогресс, 1982.- 125 с.

  9. Останин А.А., Черных Е.Р. Эффективность цитокинотерапии Ронколейкином в комплексном лечении хирургических инфекций. СПб: издательство СПб университета, 2002, 28 с.

  10. http://www.rekicen.ru/php/content.php?group=1&id=400. 2000 г. Отчет о применении «Рекицена – РД» у пациентов с часто рецидивирующими воспалительными процессами различной локализации.

9 тақырып. ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ БҰЗЫЛЫСТАРЫ



Сабақтың мақсаты:

  • Шеткері қанайналымы мен микроциркуляция бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін, организмдегі маңызын меңгеру

  • Теориялық білімді есептерді шығарғанда қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру


Оқыту міндеттері:

  • Микроциркуляция бұзылыстары: артериялық, веналық гиперемияның, ишемияның, ишемиядан кейінгі репефузияның, тромбоз, эмболияның, стаздың туындау себептері, даму тетіктері, ерекшеліктері, сыртқы көріністері, организм үшін маңызын зерттеу

  • Теориялық материалды талқылағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

  • Алған теориялық білімді ситуациялық есептерді шығарғанда қолдануды үйрену


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Артериялық гиперемия, анықтамасы, пайда болу себептері, түрлері, даму тетіктері, микроциркуляция жағдайлары. Артериялық қан кернеуінің (гиперемияның) сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.

  2. Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары.Веналық гиперемияның сыртқы қөріністері, олардың патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.

  3. Ишемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Ишемияның сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қан реперфузиясы туралы түсінік, анықтамасы, пайда болатын өзгерістердің патогенезі, салдарлары.

  4. Стаз, анықтамасы, түрлері. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі қан ағымы токтауының тетіктері. Стаздың салдарлары.

  5. Микроциркуляцияның біртектес дерттік үрдістері (тамырлық, тамырішілік, тамырдан тыс). Қылтамырлық - нәрленістік жеткіліксіздік туралы түсінік.

Оқыту әдістері:

Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, есептерді шешу.



Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындының дұрыстығын тексеру, тесттілеу.



Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару.

1. 25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.


  1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

  2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

2. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.



  1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылыстары туралы айтылған?

  2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

3. Созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын 68 жасты Д есімді науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты сорып алу үшін іш перде пункциясын жасады. Ісшараның 15 минөтінде, 5 литр сұйықтықты сорып алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке шағымданды, бірақ ісшара жалғастырылды. Тағы 1,5 литр сұйықтықты сорып алған соң науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсеткеннен кейін біршене минөт ішінде есін жиды, бірақ науқас әлі де қатты әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуына шағымданады.



Сұрақтар:

  1. Дәрігердің қателігін табыныз?

  2. Іш шемендік сұйықтықты сорып алудан кейін пайда болған талу тетіктері қандай? –

  3. Осындай жағдайларда мыйдағы қанайналым бұзылыстарының икемделістік тетіктері болуы мүмкін?

  4. Неліктен осы науқаста қанайналым жүйесінің икемделіс тетіктері әсерсіз болды?

4. 56 жастағы ер кісі емханадағы қабылдауда тез уақытта шаршау және жүргенде балтыр бұлшықеті ауыруына, тоқтағанннан кейін – «ауық-ауық ақсау» симптомына, аяқтарының мұздайтындығына, ұйып қалуына, «жыбырлайтындығына» және тыныштықта шаншуына (парестезиялар) шағымданды. Жас кезінен және көп мөлшерде шылым шегеді, мамандығы ұзақ мұздау кезеңдерімен байланысты (күз-қыс мерзімдерінде даладағы жұмыс). Қарау барысында: табаны боз, терісі құрғақ, суық, тырнақтары сынғыш; екі аяқтың табанының сыртқы және балтырының артқы артерияларында тамыр соғысы анықталмайды. Алдын ала диагнозы: «Бітелістік эндоартериит».

Сұрақтар:


  1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар?

  2. Осы науқастағы дерттің даму тетіктері?

  3. Науқастағы қанайналымының жағымсыз салдарларын анықтаңыз?

  4. Белгілердің дамуының қандай ең мүмкіндік тетіктері келтірілген?

ӘДЕБИЕТТЕР



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 247 - 265.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с. – 404-435

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. С. 87-92, 195-197

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-194.

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 96 -110 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 372-381.

  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 161-181.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 182-200.

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 195-214.

БАҚЫЛАУ

Тест тапсырмаларын орындау. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 96 -110 беттер


10 тақырып: Тромбоз. Эмболия

Сабақтың мақсаты:

  • Тромбоз бен эмболияның этиологиясын, патогенезін меңгеру

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Зертханалық жануарлармен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану


Оқыту міндеттері:

  • Тромбоз бен эмболияның пайда болу, даму тетіктерін зерттеу

  • Теориялық материалды талқылағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

  • Тәжірибеде май эмболиясын үлгілеуді үйрену

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тромбоз, анықтамасы. Тромбоздың этиологиясы

  2. Тромб түзілу патогенезі.

  3. Тромбоздың аяқталуы мен салдарлары.

  4. Бейімделу үрдістері: шунтталу, жанама қанайналымы. Алдын алу мен емдеу жолдары.

  5. Эмболия, анықтамасы. Эмболияның түрлері. Этиологиясына қарай эмболдардың түрлері, сипаттамасы.

  6. Үлкен және кіші қанайналымы тамырларының, қақпа венасының эмболиясы.

  7. Эмболияның салдарлары. Алдын алу мен емдеу жолдары.

Оқыту әдістері: Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, тәжірибелер жасау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, тест тапсырмаларына жауап беру.

Бақылау тәсілдері:

Тәжірибе жасау, ауызша сұрау, тесттілеу


ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

1 тапсырма.

Май эмболиясын үлгілеу және бақа шажырқайының эмболиясында қанайналымын зерттеу.

Әдісі: жансыздандырылған бақаның кеуде қуысые ашып, жүректі перикардтан босатады. Қарыншаға жіңішке инемен 0,2-0,3мл қыздырылған вазелин майы енгізіледі. Микроскоптың кіші үлкейткішімен бақа шажырқайының тамырларын, ондағы май эмболиясының қозғалуын және эмболия әсерінен дамыған қанағымының бүзылысын зерттейді. Эмболияның суретін алып, оны қысқаша сипаттайды.

2 тапсырма Артериалық және веналық тромбоздың патогенездік сызбанұсқасын құрастыру

ӘДЕБИЕТ

Негізгі


  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 247 - 265.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 2 с. – 112-132 144-148

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 195-197

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-194.

БАҚЫЛАУ

Тест тапсырмаларын орындау. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 105-110 беттер


КРЕДИТ № 2

1 тақырып: ҚАБЫНУ



Сабақтың мақсаты:

  • Жіті қабынудың этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  • Теориялық білімді есептер шығарғанда қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс дағдыларын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • жіті қабынудың этиологиясы мен патогенезін, организм үшің маңызын зерттеу

  • теориялық материалды талқылағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу

  • алған теориялық білімін ситуациялық есептерді шешкенде қолдана білу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация.

  2. Қабыну ошағында зат алмасудың өзгерістері. Олардың патогенезінде жасушалар мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүлінуің маңызы. Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер, олардың патогенезі, салдарлары.

  3. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. Қабынуды шақыратың және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік

  4. Қабыну ошағында қанағымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.

  5. Экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері. Ірінді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.

  6. Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың жолдары.

  7. Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздің жеткіліксіздігі және оның қабынудағы маңызы.

  8. Пролиферация, оның тетіктері. Пролиферацияның түрткілері мен тежегіштері.

  9. Қабынудың жалпы және жергілікті белгілері

  10. Қабынудың организм үшін маңызы.

  11. Қабыну үрдісін алдын алу және емдеудің жалпы ұстанымдары.


Оқыту әдістері:

Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, тәжірибелер жасау, ситуациялық есептерді шығару, бейнекөрініс көру.



Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің қорытындысын тексеру


Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1есеп. Кәсіпорынның медпунктіне автоклавтың авариясы кезінде сирағынан күйік алған екі жұмысшы келді. Олар бас ауыруына,күйік аумағындағы домбығу және ашып ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: зардап шегуші А-да сирағы гиперемияланған, олардың терісі ісінген, зардап шегуші Б –да осы әйгіленімдермен қатар ашық-сары мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Екі науқасқа да ауруханалық қағаз және емдік ұсыныстар берілді, бірақ екеуі де оларды орындамады.

3 күннен кейін зардап шегуші А-ң жағдайы қалыпқа түсті, ал Б-ң жағдайы біршама нашарлады: жайылған ісік, күйік шалған жерлерде ауыру сезімі күшейді және күйік аймағында көптеген іріңді көпіршіктер ( бактериологиялық зерттеуде алтын стафилококк табылды) пайда болды, дене температурасы 38,9 ◦С.

Сұрақтар:

1. Науқаста қандай дерттік үрдістер дамыды? Қабынудың сипатын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер тағайындауға болады?

2. Бір жайтпен шақырылған дерттік үрдістің әртүрлі ағымда өтуінің себептері қандай?

3. Зардап шегуші Б-да әйгіленімдердің даму тетігі қандай?

4. Зардап шегуші Б-да жұқпа емес дерттік жайт неге іріңді көпіршіктер пайда болуына әкелді?
2 есеп. Науқас тез шаршағыштық, ұйқышылдық, қолындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене температурасы 38,30С. Қарап тексергенде сол қол бас бармағындағы тырнақ бунағының көлемі ұлғайған, гиперемияланған, сипап сезгенде ауырады. Қанда солға жылжыған нейтрофильді лейкоцитоз (15х109/л), ЭТЖ 40 мм/сағ., жалпы нәруыз 77 г/л, әлбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, СӘН жоғарылаған.

1. Организмнің реактивтілік жағдайы мен дерттік үрдісті сипаттаңыз

2. Қабынудың жергілікті белгілерін тауып, олардың патогенезін түсіндіріңіз

3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгілері бар және олардың патогенезі қандай?


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 209-235.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.442-497

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 194-222.

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 101-116

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 221 – 228 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 61-79

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 207-234.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 142-200.

  4. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-273-354

  5. Чернух А.М. Воспаление. М.: Медицина, 1979.-448с.

  6. Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 47-87

  7. Basic Pathology. Kumar, Cotran, Robbins. 1997, с. 63-71.

БАҚЫЛАУ

Есептер бойынша қорытындылар


2 тақырып: ҚЫЗБА

Сабақтың мақсаты:

  • Қызбаның этиологиясы, патогенезі, организмдегі маңызын меңгеру

  • Теориялық материалдың білімін қызба дамуымен байланысты үлілеу және клиникалық

жағдайларды патофизиологиялық сараптағанда қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру


Оқыту міндеттері:

  • қызбаның этиологиясын, патогенезін, организмдегі маңызын зерттеу

  • теориялық материалды талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

  • Теориялық материалдың білімін ситуациялық есептерді шығарғанда және үлгілеу

жағдайларын патофизиологиялық сараптағанда қолдана білу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы.

  2. Қызба кезіндегі қызу көтерілуінің патогенезі.

  3. Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер.

  4. Дене қызуының көтерілу деңгейі бойынша және тәуліктік дене қызуының ауытқуларына байланысты қызбаның түрлері.

  5. Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер ( жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек) қызметтерінің өзгерістері

  6. Туылғаннан кейінгі дамыған қызбалық серпілістердің ерекшеліктері

  7. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызым түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік. Қызбаның ысынудан айырмашылығы.

Оқыту әдістері:

Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, мультимедиялық көрсетіліммен жұмыс, үлгілеу жағдайларын сараптау, ситуациялық есептерді шығару, кестелерді толтыру.



Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің, үлгілеу жағдайларының қорытындысын, кетелердің толтырылуын тексеру


Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Тәжірибе жағдайларын талддау негізінде пирогендік ықпалға



жануарлардың серпілісін көрсетіңіз және тәжірибе хаттамасының сызбанұсқасын толықтырыңыз.

Жануарлар

Виварий жағдайлары

Тәжірибе жағдайлары

Жануарлар әсерленісі

Гомойотермиялық (мысалы, егеу құйрық)

Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы

Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді енгізу



Пойкилотермиялық (кесіртке)

Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы

Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді еңгізу



2 тапсырма. Есепті шешу

Науқас Б., 25 жаста, ЖИТС-қа байланысты ауруханада жатқанда қызба (дене қызымы 38,9), қақырықты жөтел және дем алу кезінде оң кеуде тұсында ауыру сезімі пайда болды. Зерттеу барысында лимфоциттер мен моноциттердің азаюына байланысты лейкопения, қақырықта (Грамм бойынша бояғанда): көп мөлшерде эпителий жасушалары, лейкоциттер, әртүрлі бактериялар, трептонема Аг реакциясы оң.



Сұрақтар:

  1. Берілген жағдайда пирогендердің мүмкін болатын көздері?

  2. Науқаста лейкопения кезінде қызба дамуын қалай түсіндіресіз?

  3. Науқаста қызбаның осы көріністерінің болуы АИВ жұқпасының болуына байланысты ма?

3 тапсырма. Қызбаның бірінші сатысында әйгіленімдер пайда болуының



тетіктерін және олардың қызба дамуындағы маңызын түсіндіріңіз.


Қызбаның әйгіленімдері

Пайда болу тетіктері және қызбаның дамуындағы маңызы

Терінің бозаруы




Терінің құрғауы




Бүрісу, бұлшық еттер дірілі







4 тапсырма. Қызба кезінде организмнің ағзалары мен жүйелеріндегі

өзгерістерді талдаңыз және оның патогенезін көрсетіңіз.

Ағза немесе жүйе

Қызбаның әйгіленімдері

Әйгіленімдердің патогенезі

ОЖЖ

Бас ауруы

Ұйқы басушылық

Селқостық

Балалардағы тырысқақ, селкілдек






Жүрек

Тахикардия




Асқорыту жүйесі



Тәбеттің жоғалуы, ауыз құрғауы, тіл өңезденуі. Барлық ас қорыту бездерінің сөлденістік белсен-ділігінің бәсеңдеуі. Жиырылулық немесе атоникалық іш қату.









ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 237-247.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с. 497 - 518

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 76-83

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 324-340.

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 128 -139 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 80-99

  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 202-209.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 235-244.

  4. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-364-380

  5. А.Л. Костюченко. Угрожающие жизни состояния в практике врача первого контакта. СПб: спец.литература, 1998г. с-240.

  6. Ю.В.Лобзин, А.Т.Марьянович, Н.В.Цыган. Терморегуляция и лихорадка. – М.: Вузовская книга, 1998. – 64 с.

3 тақырып: ГИПОКСИЯ



Сабақтың мақсаты:

  • Гипоксияның әртүрінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  • Теориялық материалдың білімін гипоксия дамуымен байланысты үлілеу және клиникалық

жағдайларды патофизиологиялық сараптағанда қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру


Оқыту міндеттері:

  • гипоксияның жіктелуін, эндогенді және экзогенді гипоксияның этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  • тақырыпты талдағанда қолданылатын медициналық атаусөздерді қолдана білу және пікірсайыс дағдыларын қалыптастыру

  • алған теориялық білімін ситуациялық есептер шығарғанда қолдана білу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі (экзогенді нормо және гипобариялық, тыныстық, қанайналымдық, гемдік, тіндік, субстраттық, зорығулық, аралас).

  2. Гипоксияның жекелеген түрлерінің этиологиясы және патогенезі.

  3. Гипоксия кезінде зат алмасу және физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

  4. Гипоксия кезіндегі теңгерулік әсерленістер (жедел және ұзақ мерзімдік).

  5. Гипоксиялық жағдайлардың алдын алу және емдеудің патофизиологиялық негіздері. Гипоксиялық жағдайлардың алдын алу мақсатында қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау.


Оқыту әдістері:

Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, мультимедиялық көрсетілім, мен жұмыс, үлгілеу жағдайларын сараптау, ситуациялық есептерді шығару, кестелерді толтыру.



Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің, үлгілеу жағдайларының қорытындысын, кетелердің толтырылуын тексеру



Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері – 15к.%, ал веналық қанда – 10 к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы -74%, ал көктамырда – 48 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық- веналық айырмашылық қандай, және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?

2. Артериялық кандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 6к %. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98% ал көктамырда 30%. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?

3. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 16к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98%, көктамырда 80 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?

4. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10к.%, ал веналық қанда 4к.%. Қанның оттегілік көлемі төмендеген. Оттегі бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?

5. 39 жастағы науқаста «Митралды қақпақшаның стенозы» диагнозымен алқыну, акроцианоз байқалады, өкпеде — дымқыл сырыл, әсіресе аяқта жайылған ісінулер, жүрек шекараларының үлкейуі, тахикардия, артериялық гипотензия, ұлғайған және қабырғадан 5 см шыққан бауыр, асцит; диурез азайған.

Қышқылдық – сілтілік үйлесімнің көрсеткіштері:



Рн

7,32

раО2

71 мм с.б.

раСО2

52 мм с.б.

рvО2

47 мм с.б.



18,6 ммоль/л

МК

26 мг%

ВЕ

–5 ммоль/л

 

 

Na+ концентрациясы қан плазмасында жоғарылаған; гипо‑ және диспротеинемия; эритроцитоз.

1. Осы жағдайда гипоксияның қандай түрлері дамыды? Жауабын түсіндіріңіз.

2. Науқаста гипоксияға бейімделу белгілері бар ма?

3. Науқаста ісінулердің қандай түрлері бар және олардың патогенезі қандай?


6. 60 жастағы науқас Ц. 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының тұсында жайылған трансмуралды инфаркт алған және ауруханада жатқан, түнде ауа жетіспеу сезімімен оянды. Шақырған медбике оның керуетке отырып, аяғын түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас аздап жеңілдеді. Бірақ осыдан 10 минөттен соң ол ентігудің күшейгеніне, ауық-ауық жөтелудің (қақырықсыз) қажеттігіне, сонымен бірге тыныс жолдарында құлағына естілетін сырылдардың пайда болғанына шағымданды. Медбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.

  1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.

  2. Берілген жағдайда гипоксия түрлерінің даму бірізділігі қандай?

  3. Бұл жағдайда не себепті раО2, рvO2, оттегі бойынша артерио-веноздық айырма, рН өзгереді, қалай?

7 . 50 жастағы науқасты үйінде өспе дамыған асқазанынан кенеттен қатты қан кету әсерінен дамыған ауыл халдегі жағдайдан шығарғаннан кейін ӨЖВ аспабын қолдану арқылы жасалынған наркозбен гастроэктомия жасалынды. Шокқа қарсы ем қолдану және операция барысында науқасқа әртүрлі плазма ауыстырушылар (1 литр мөлшерінде) және екі күн сақталған 2,5 л донор қаны енгізілді. Операциядан соң 3-ші күні Hb мөлшері қалпына келгеніне қарамастан науқастың жағдайы ауыр халде қала берді: әлсіздік, бас ауыруы, бас айналуы, аяқ пен қолдарының терісі салқын, гипотензия (70/30 мм с.б.), сыртқы тыныс алудың ауыр бұзылыстары, бүйрек жеткіліксіздігі және сарғыштану (тері мен шырышты қабаттардың сарғыштануы). Науқас ӨЖВ аспабына ауыстырылды.



  1. Науқаста операциядан кейінгі 3-тәулікте қандай жағдай байқалды? Жауабыңызды мәлімдеңіз.

  2. Гипоксия дамуының себептері мен тетіктері қандай: а) операция алдындағы кезеңде, б) операция кезінде, в) операциядан кейінгі 3-тәулікте?

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 537-548.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 2 . Раздел Внутреннее дыхание.

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 84-87

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 340-351

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар/ Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 221 – 228 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 201-211.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 525-538.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 478-514.

4 тақырып: АЛЛЕРГИЯ


Сабақ мақсаты:

  • Аллергиялық әсерленістердің этиологиясы, патогенезі бойынша білімін қалыптастыру

  • Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша дискуссия жүргізу бойынша дағдылар қалыптастыру


Оқытудың міндеттері:

  • Аллергиялық серпілістердің себептерін, даму тетіктерін, көріністерін және алдын алудың негізгі ұстанымдарын оқып-білу.

  • Теориялық материалды талдау барысында медициналық терминдерді қолдануды үйрету

  • Теориялық білімді ситуациялық есептер шығару барысында қолдануды үйрету



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы (себептері мен жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы.Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.

  2. Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.

  3. Аллергиялық серпілістердің сатылары (иммундық серпілістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.

  4. Сезімталдықты жоғарылату, түрлері, патогенезі.

  5. Аллергиялық серпілістердің І, ІІ, ІІІ,ІҮ түрі патогенезінің ерекшеліктері;

а) аллергендердің табиғаты, сезімталдықтың жоғарылау тетіктері;

б) негізгі дәнекерлер, олардың шығу тегі және биологиялық әсерлері.

6. Аллергиялық әсерленістердің алдын алу және емдеудің патогенездік ұстанымдары. Сезімталдықты төмендетудің арнайы және бейнақты түрлері және тетіктері.
Оқыту әдістері: Оқытушының қатысуымен және бақылауымен студенттердің арасында пікірталас, тәжірибелер жасау, тәжірибенің нәтижесін талқылау, «Теңіз тышқанында анафилаксиялық сілеймені үлгілеу» бейнефильмін көру, ситуациялық есептерді шешу, аллергиялық серпілістердің патогенезі бойынша бейнеайналым көру.

Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындыны тексеру.



ТӘЖІРИБЕЛІК жұмыс

1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп. Балтырында жайылған іріңдігі бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин кейін науқаста мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозу, басының қатты ауырғаны, терісінің қышынуы, бетінің қызаруы, тершеңдік байқалды; АҚҚ — 180/90 мм сын.бағ., тамыр соғысы 120. Осыған байланысты дәрігер науқасты палатаға жіберді және төсекке жатуды ұсынды. 20 мин. кейін науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен күшеюші тұншығу сезімі, есінің жоғалуы, тырыспа-селкілдек байқалды, АҚҚ — 75/55 мм сын.бағ. бірден төмендеді. Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

1. Науқасқа антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай дамыды?

2. Осы дерттік жағдайдың даму тетігі қандай?

3. Науқасты осы жағдайдан шығаруда шұғыл медициналық көмектің шаралары қандай?

2 есеп. 7 жасар балада манго сусынын ішкеннен кейін 40 мин соң тез арада жұмсақ таңдай аймағында шектелген күшейген ісіну дамыды, жұтуға кедергі жасайды, кейіннен тыныс алуға кедергі жасады. Ісінген аймақтың шырышты қабаты қызарған, ауыру сезімі жоқ; қанында — шамалы эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Анықтау барысында әкпесінде бронх демікпесінің ұстамалары болғаны белгілі болды.

1. Науқаста қабынулық ісіну даму мүмкін ба?

2. Егер жоқ болса, онда ісіну дамуы неге байланысты және қалай аталады?

3.Осы дерттік түрдің патогенезі қандай?

4. Бұл ісінуді өмірге қауіпті ісіну түріне жатқызуға бола ма?

3 есеп. 28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.

Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады?
4 есеп. Клиникада ауқымды миокард инфарктіне байланысты жатқан науқастың 6-шы аптасында нәтижесінің жақсы болуына қарамай, жүрек аймағында тұйық ауру сезімі және перикардтың үйкеліс шуы, дене қызуының 39 градусқа артқаны байқалды. Қарап тексергенде қанында эозинофильды лейкоцитоз, жүрекке қарсы антидене титрінің жоғарылауы анықталды. Дәрігер «инфаркттан кейінгі синдром» (Дресслер синдром ) деген аңғарым жасады.

Сұрақтар:

1.Белгілі болғандай, Дресслер синдромы иммуногенді жолмен дамиды, осыны есепке ала отырып, оның дамуына әкелген Аг пайда болуы мен сипаттамасын көрсетіңіз.

2. Науқастың қанында жүрекке қарсы АД табылуы, дамыған серпілістің қандай түріне жатады?

3. Антикардиальды АД Ig-ің қай түріне жатады?


5 есеп. 15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.

Сұрақтар:

1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?

2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?
6 есеп. Науқастың аяғының ашық жарақатына қайталап антигистаминдік «қорғанысы бар» тырыспаға қарсы сарысу енгізілді. Енгізгеннен кейін 9-шы тәулікте науқастың дене қызымы көтерілді, әлсіздік, иық және тізе буындарының ісінуі, теріде қатты қышыну шақыратын бөртпелер, тізеасты және шаптың лимфва түйіндерінің ұлғаюы байқалды (пальпацияда ауыру сезімі бар).

Сұрақтар:


  1. Науқаста дерттің қай түрін болжауға болады?

  2. Дерттің түріне нақтылай қорытынды жасау үшін қандай қосымша тексерулер қажет

  3. Дерт дамуының мүмкін болатын себебі мен тетігі қандай?

  4. Науқаста бұл жағдайдың алдын алуға болар ма еді?

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 293-311.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.362-403

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 33-42.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 136-162.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 16-48.

  6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.:«Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 139 - 163

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. – С. 224-237.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 66-89.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 89-140.

  4. Pathologic basis of disease. Environmental and nutritional pathology. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 193-223.

5 тақырып. СУ-ЭЛЕКТРОЛИТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ



Сабақтың мақсаты:

  • Су-электролит тепе-теңдігінің негізгі бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін меңгеру.

  • Патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда теориялық білімді қолдану

  • Жануарлармен жұмыс жасау тәжірибелік дағдысын бекіту

  • Сабақты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру

  • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану

Оқыту міндеттері:

  • дизгидрияның жіктелуі, этиологиясы мен патогенезі және қалпына келтіру ұстанымдарын зерттеу

  • әртүрлі клиникалық ісінулердің даму тетіктерінің, негізгі тізбегінің сызбанұсқасын құрастырып үйрену

  • Сабақты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасау дағдысын дамыту, эксперименттік ісінулер патогенезінде гемодинамикалық, онкотикалық, тіндік жайттардың маңызын зерттеу

  • Тәжірибеде жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Организмдегі су тепе-теңдігі бұзылуының түрлері.

  2. Сусыздану, патогенезі бойынша жіктелуі, себептері, сусызданудың әртүріндегі жасушаішілік және жасушадан тыс бөліктердегі осмостық қысымның өзгерістері. Негізгі көріністері және олардың патогенезі.

  3. Оң су тепе-теңдігі (изо-, гипо-, гиперосмолялдық сулану), себептері, патогенезі. «Сумен улану» туралы түсінік, себептері, даму тетіктері.

  4. Ісіну, түрлері. Ісінудің патогенездік жайттары, сипаттамасы.

  5. Натрий, калий, кальций алмасуларының бұзылыстары, себептері, организмдегі өзгерістердің патогенезі.


Оқыту әдістері:

Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, тәжірибе жасау, тәжірибе нәтижелерін талқылау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру.



Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасының, тәжірибе нәтижелерінің қорытындысының дұрыстығын тексеру


Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма.

Гипоосмостық және гиперосмостық гипогидратацияның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру




2 тапсырма.

Ісіну дамуында тіндердің осмостық қысымының маңызын зерттеу.

Әдісі Тәжірибеге салмағы бірдей екі бақа алынады. Бақаның біреуінің лимфа қапшығына 2 мл физиологиялық ерітінді, екіншісіне 2 мл 20% хлорлы натрий ерітіндісі енгізіледі. Бақалардың салмағы өлшеніп, су құйылған банкаларға отырғызылады. 50-60 минөттен соң бақаларды судан шығарып, тағы да өлшейді. Алынған деректерді хаттамаға енгізіп, талқыланады. Қорытынды жасалады.

Тәжірибе деректерінің хаттамасы



Жануарлар

Енгізілген ерітінділер

Бақалардың салмағы

Бастапқы

1 сағаттан соң

1 - бақа

2,0 мл изотониялық ерітінді







2 - бақа

2 мл 20% хлорлы натрий ерітіндісі










3 тапсырма.

Ісіну дамуында гемодинамикалық жайттың маңызын зерттеу (Фишер тәжірибесі).

Әдісі: Сабақ басталардан бірнеше сағат бұрын бақаның бір артқы аяғына бұрама салып байлайды. Сабақта бақа аяғының көлемі ұлғайғаны, түсінің өзгергенін анықтайды. Бақа аяғының ісінген жерін инемен пісіп көргенде сұйықтықтың шыққандығы бақыланады. Ісінудің даму жолдарын түсіндіріледі.
4 тапсырма Ісіну дамуында онкотикалық жайттың маңызын зерттеу (Старлинг тәжірибесі).

Әдісі: Жұлыны зақымданған бақаның кеуде және іш қуысы ашылады, жүрек қабы (перикард) алып тасталады. Қолқа үстінен тілінеді және шеткері бағытқа қарай резеңке түтік енгізілген жіңішке шыны түтік (канюля) тілінген жерге кіргізіледі». Резеңке түтік 0,5% хлорлы натрий ертіңдісі бар ыдысқа косылады. Осы ертінді бақаның тұтас қан тамыр жүйесі бойымен ағып келіп, қолқаның кесілген жерінен сыртқа құйылады. Бақаны төменгі жағын тесіп,таразыға іліп қояды. Ертінді ағызылуы басталғаннан 15-30 минут өткеннен соң, бақаның салмағының өзгергенін, ісіну дамығанын бақылайды. Бақада гипергидрия дамуының патогенезін түсіндіру қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі


  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 166 - 198.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 682-746

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-52.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 296-311.

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар/ Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 188 - 205 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 147-175

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 315-334.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 340-380.

  4. Б.Дж. Ролс, Э.Т.Ролс «Жажда». – М.: Медицина, 1984 г.

6 тақырып. ҚЫШҚЫЛДЫҚ-СІЛТІЛІК ҮЙЛЕСІМ БҰЗЫЛЫСТАРЫ



Сабақтың мақсаты:

  • ҚСҮ бұзылыстарының негізгі түрлерінің даму тетіктерін зерттеу.

  • Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру дағдыларын бекіту

  • Топта жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Ацидоздар мени алкалоздардың.этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  • ҚСҮ бұзылыстарының негізгі түрлеріндегі бейімделу тетіктері мен бүліну үрдістерін ажырата білу.

  • Топта жұмыс жасап үйрену (өз көзқарасын дәлелдеу, басқалардың ойын сыйлау)

  • Тақырыпты талдау кезінде медициналық атаусөздерді дұрыс қолданып үйрену


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. ҚСҮ бұзылыстарының патогенезі мен теңгерілу дәрежесіне қарай жіктелуі

  2. Газдық ацидоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыстар.

  3. Газдық емес ацидоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыстар.

  4. Газдық алкалоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыстар.

  5. Газдық емес алкалоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыстар.

  6. ҚСҮ бұзылыстарын қалпына келтірудің патогенездік ұстанымдары


Оқыту әдістері: Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, «ҚСҮ бұзылыстары» тақырыбы бойынша мультимедиялық көрсетілімді көру, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру.

Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасының дұрыстығын тексеру, тесттілеу

.

Тәжірибелік жұмыс

1. тапсырма «ҚСҮ бұзылыстары» тақырыбы бойынша мультимедиялық көрсетілім оқыту бағдарламасымен жұмыс

№№ 2-5 тапсырмаларды аз топтарда орындау
2. тапсырма Газдық ацидоздың патогенездік сызбанұсқасын құрастыру

3. тапсырма Газдық емес ацидоздың патогенездік сызбанұсқасын құрастыру

4. тапсырма Газдық алкалоздың патогенездік сызбанұсқасын құрастыру

5. тапсырма Газдық емес алкалоздың патогенездік сызбанұсқасын құрастыру

ӘДЕБИЕТ

Негізгі


  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 215-227.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 747-764

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 288-296

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 60-76.

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар/ Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 205 -214беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 176-187.

  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 262-278.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С.349-358

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 405-447.

БАҚЫЛАУ

  • Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар/ Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 205-213 беттер


7 тақырып: НӘРУЫЗ ЖӘНЕ МАЙ АЛМАСУЛАРЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.



Сабақтың мақсаты:

  • Нәруыз және май алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерін меңгеру

  • Материалды қысқаша мазмұндап, тақырыпты дайындағанда ең маңыздысын анықтауды қалыптастыру

  • Май және нәруыз алмасуының бұзылысына байланысты есептерді патофизиологиялық талдау жасауға дағды қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

  • нәруыз алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  • май алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  • семірудің көптеген аурулардың қауіп-қатер жайты екендігін көрсету


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Нәруыз түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі, салдарлары. Оң және теріс азоттық тепе-теңдік.

  2. Нәруыз алмасуының соңғы кезеңдерінің бұзылыстары, зәрнәсілдің түзілуі. Гиперазотемия, анықтамасы, патогенезі бойынша түрлері.

  3. Қан плазмасы нәруыздық құрамының бұзылыстары: гипер-, гипо-, және диспротеинемиялар; парапротеинемия. Қан плазмасы нәруыздарының тасымалдық қызметінің бұзылыстары.

  4. Майлардың тағаммен түсуінің, асқазан-ішек жолдарында қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары, себептері, салдарлары.

  5. Гиперлипидемиялар, түрлері, даму тетіктері. Холестерин мен фосфолипидтер алмасуының бұзылыстары. Гиперхолестеринемия

  6. Майлардың аралық алмасуының бұзылыстары. Кетоз туралы түсінік, патогенездік факторлары.

  7. Семіру, түрлері, патогенезі. Арықтау және кахексия, себептері, даму тетіктері.


Оқыту әдісі: оқытушының бақылауымен және қатысуымен қатысушылар арасында пікісайыс және әңгімелесу,есептерді шешу, тесттілеу, мультимедиялық көрсетілімді көру.

Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, есептердің жауаптарын тексеру, тесттілеу.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

1 тапсырма. Есепті шешу



1есеп.15 жастағы жасөспірім Н., жүктеме түскенде күшейетін жүрек аймағындағы мезгіл-мезгіл ауру сезіміне шағымданады. Ангиографиялық зерттеу нәтижесінде тәждік артерия саңылауының тарылуы анықталды. Қарап тексергенде: саусақтарында бұлшықет сіңірлері бойымен тығыз, сарғыш, аса үлкен емес төмпешік анықталады (сіңірлік ксантома). Қан сарысуында ТТЛП мөлшері артқан. Қосымша арнайы лимфоциттерге тексеру жүргізгенде ТТЛП рецепторларының азайғандығы анықталды.

Сұрақтар:



    1. Науқаста гиперлипопротеинемияның қай түрі бар?

    2. Атеросклероз және миокард инфарктінің даму қаупі бар ма? Егер бар болса, онда себебі не?

    3. Табылған патологияда тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма?

ӘДЕБИЕТТЕР



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 139 – 166, 227-237

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 621-682, 522-568

  3. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 139 – 156.

  4. Патологическая физиология п/р Н.Н. Зайко, Ю.В.Быця. – М.: «Медпресс – информ», 2004. – С. 269 – 288, 311- 324.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А. Адо, В.И. Пыцкого, Г.В. Порядина, Ю.А. Владимирова. – М.: «Триада-Х», 2000. – С. 210-224.

  6. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар/ Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 174 – 188, 214 - 221 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009 - С. 128-136; С. 137-146.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология.- т.1, М.: «ГЭОТАР-МЕД», 2003. - С. 301 – 326.

БАҚЫЛАУ

Тесттерге жауап беру. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар/ Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 174 – 188, 214 - 221 беттер


8. тақырып КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Сабақтың мақсаты:

  • Көмірсу алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  • Көмірсу алмасуы бұзылыстарымен байланысты есептерге патофизиологиялық талдау жүргізгенде теориялық материалдар білімін қолдану.

  • Тақырып сұрақтарына пікірсайыс жүргізу машығын қалыптастыру

Оқыту міндеттері

  • Көмірсу алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерінің этиологиясы мен патогенезін оқып үйрену

  • Осы тақырыпты талқылау барысында медициналық терминдерді дұрыс қолдануды және пікірсайыс жүргізу машығын үйрету

  • Ситуациялық есептерді шешу үшін алған теориялық білімді қолдануды үйрету


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары

  2. Бауырда гликогеннің түзілуі және ыдырауының бұзылуы. Гликогеноздар туралы түсінік.

  3. Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы (гиперлактацидемия, гиперпируватацидемия), патогенезі.

  4. Гипергликемия, түрлері, даму тетіктері.

  5. Ұйқыбездік және ұйқыбезден тыс инсулиннің жеткіліксіздігі, даму тетіктері.

  6. Қант диабетінің I түрінің этиологиясы мен патогенезі.

  7. Диабеттік синдромның патогенезі. Диабеттік команың патогенезі.


Оқыту тәсілдері :

Оқытушының бақылауымен және қатысуымен студенттер арасында сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс өткізу, ситуациялық есептерді талқылау



Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің нәтижелерінің қорытындысын тексеру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет