Сабақтың мақсатын қою; Үй тапсырмасын тексеру; Өтілген материалды қайталау; Жаңа материалды түсіндіру


Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру



бет25/59
Дата24.01.2022
өлшемі81,55 Kb.
#113869
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Байланысты:
Испр. қазіргі заман

Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.

15. Математиканы оқытудың әртүрлі формаларын қолдану

Математиканы оқыту формасы деп – оқу үрдісін ұйымдастыру тәсілдерін түсінеміз олар ең әуелі сынып-сабақ, сынып-топ лабораториялық және практикалық сияқты жалпы формалар, басқа формалар ішінен оқытудың проблемалық формасын, оқытудың дифференциалданған формасын, техникалық құрал-жабдықты кеңінен қолдану жағдайларында өтетін оқу формасын бөліп айтуға болады.
Математиканы оқып үйренуде әр түрлі практикалық және зертханалық жұмыстардың маңызы зор. Оқытудың зертханалық және практикалық әдістері мектеп практикасында ХХ ғасырдың басынан бастап қолданыла бастады ,олар оқытудың жаңа әдістеріне жатады.Бұлардың мектепте қолданылып келе жатқан ежелгі формаларына сызбалық жаттығулар, жер өлшеу жұмыстары,модельдеу,есептеу техникасымен жұмыс істеу және т.б. жатады .

Зертханалық жұмыстар өздерінің көптеген мақсаттарына қарай танымдық және қолданбалы болып екіге бөлінеді . Танымдық зертханалық жұмыс оқушыларды жаңа математикалық деректермен таныстыру үшін қолданылады .Мысалы, шеңбер ұзындығының формуласын табу үшін алдымен оқушылар зертханалық өлшеу арқылы (жіппен) шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы шамамен 3,14 (немесе оған жақын) болатынын ұғынып,С=3,14 гипотезасын алады.

Қолданбалы зертханалық жұмыстарда оқушылар игерген білімдерін практикалық есептер шешуге қолдануға үйренеді. Мұндай есептерге жер бетіндегі өлшеу жұмыстары (геометриялық денелердің модельдеріне жүргізілетін өлшеулер ,есептеу жұмыстары,сандқ масштабтар арқылы картадағы өлшеу және т.б.) жатады. Оқушылар мұндай жұмыстар туралы есептеулер жазып,оны мұғалім бағалайды.

Практикалық жұмыстар кезінде кейде нақты обьектіге барып, өндірістік немесе басқадай өмірлік-практикалық маңызды нақты есептер құрып, шешу деректері жинақталады. Мұндай жұмыстарды математикалық немесе кешендік (бір мезгілде бірнеше пән бойынша ) серуендемемен ұштастыруға болады.

Бастауыш мектептерде педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Математика сабағының мақсаттары мен міндеттері (білімділік, тәрбиелілік, дамытушылық) Сабақтың түрі және типі (аралас, біріккен, ойын, экскурсия т.б.) Сабақтың құрлымы, және олардың арасындағы байланыс; сабаққа дайындық және оны ұйымдастыру. Жаңа сабаққа қойылатын талаптар. Сабақа әдістемелік талдау. Берілген тақырып бойынша сабақтар жүйесін дайындау, жоспарлау. Сабақты дидактикалық мақсатарына сай құру ерекшеліктері.

Сабаққа даяарлаудың алғашқы сатысы оның мақсатын анықтау болып табылады. Сабақтың масаты деп сол сабақта оқытып үйретуде, тәрбиелеуде және одан әрі дамытуда мұғалімнің жетекшілігімен қол жетерлік соңғы нәтижені түсінеміз. Сабақтың мақсаты бағдарлама мен оқулықтың тиісті тақырыбын зерттеу негізінде анықталып, сабақтың мазмұнын оқыту әдістерін және бүкіл сабақтың барысын жасауға әсер етеді. Мақсат анықталған кейін, сабақ құрылымын сол мақсатқа қол жеткізетіндей етіп жасау керек.Сабақ мақсатына мынадай талаптар қойылады. 1.Сабақ мақсаты: оқушылар қандай білімді менгеру керек . (білімділік ), қандай іскерліктер қалыптастырылды (дамыту), сабақтың оқушыларды тәрбилеуге қосқан үлесі қандай (тәрбиелік ) мәселелерге жауап беруі тиіс.

Оқыту әдістерін таңдаған кезде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген орынды. Себебі зейіннің тұрақсыздығы мен шаршау 1,2 сынып оқушыларына тән қасиет. Сондықтан оқу жұмысының әдістері мен тәсілдерін үнемі түрлендіріп, қызметтің бір түрімен екінші бір түріне көшіп отыру, ойын элементтерін жиі пайдалану дұрыс. 3,4 сыныптарда оқытудың проблемалық, зерттеушілік әдістері басым болғаны пайдалы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет