Сабақтың мақсатын қою; Үй тапсырмасын тексеру; Өтілген материалды қайталау; Жаңа материалды түсіндіру


Математика сабақтарында дәлелдеуге берілген тапсырмалар



бет28/59
Дата24.01.2022
өлшемі81,55 Kb.
#113869
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59
Байланысты:
Испр. қазіргі заман
1536131412, 2-дәріс мәтіні, сценарий-TBL-рахит
17. Математика сабақтарында дәлелдеуге берілген тапсырмалар.

Математикалық есептердің жіктелуі:



  • Объектінің сипатына қарай: практикалық, математикалық,;

  • Математикалық мағынасына қарай: арифметикалық, алгебралық, геометриялық, тригонометриялық, комбинаторлық және т.б;

  • Шығару тәсіліне қарай :практикалық, арифметикалық,алгебралық, графиктік, геометриялық, комбинаторлық;

  • Қойылатын талаптардың сипатына қарай: есептеуге, дәлелдеуге, зерттеуге, түрлендіруге,салуға және т.б;

  • Тіліне байланысты: мәтінді, сюжетті ждәне абстрактілі болады.

Есептерді шешу – зерттеліп отырған ұғымды нақтылау, соның табиғатын түсіну, оның әр түрлі байланыстарын қарастыру, символика тілін пайдалану, дәлелдеу.

Есептерді шығару мен дәлелдеуде келесі әдістер пайдаланылады: есептеуді пайдалану, координаталық жүйені пайдалану, математикалық индукция қағидасын пайдалану, салудың әдістері, стандарт әдіс, стандарт емес әдістер, логикалық ойлау т.б.

Дәлелдеуге берілген геометриялық есептерді шығару үшін орындалатын іс-әрекеттер:


  1. Суретін салу;

  2. Есептің шарты мен нәтижесін ажырату және оларды жазу;

  3. Есепте айтылған геометриялық фигуралардың анықтамалары мен қасиеттерін еске түсіру;

  4. Есептің шартынан қорытындысын алуға болатындай логикалық қорытындылар жасау.

Дирихле қағидасы. Лежен Дирихле қағидасы бойынша: егер n тор жәшікте n 1 қояндарды орналастырсақ, онда 2 қоян орналасқан бір тор жәшік табылады. Мысалы, 12 бүтін сан берілген. Осы сандардың ішінен айырмасы 11-ге бөлінетін екі санды таңдап алуға болатынын дәлелдеу керек.

Дәлелдеуі: Сандарды «қоян» деп алайық. Олар 12 болғандықтан «ұяшық» одан аз болуы керек. «Ұяшықтар» бүтін санды 11-ге бөлгенде қалатын қалдықтар болсын. Барлық «ұяшық» 11 болады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. Онда Дирихле принципі бойынша 2 «қоян» отырған «ұяшық» табылады, яғни қалдықтары тең екі сан табылады. Ал қалдықтары тең екі санның айырмасы 11-ге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет