Сабақтың мақсатын



Дата24.05.2017
өлшемі0,77 Mb.
#16772
түріСабақ
Бәйтерек

Сабақтың мақсатын:

Білімділік: оқушылардың сөздік қорын молайту, жаңабілімді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту.

Дамытушылық: елордасы Астана туралы жан – жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, жазба жұмыстары арқылы оқушылардың тыңдау, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды отанды сүюге, елді құрметтеуге баулу. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Топтық, сұрақ – жауап, сөйлесу, жеке жұмыс түрлері

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, плакаттар, бәйтерек суреті.



Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1 ) Оқушыларды түгендеу.

- Сәлеметсіздер ме, отырыңыздар!

- Балалар, бүгін кім кезекші?

- Жақсы.


- Бүгін нешесі?

- Ендеше бүгінгі күнді жазып алайық.

2 ) Оқушыларды сабаққа дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардын ереже сұрау.

Сөздерді сұрау.



ІІІ.сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Бүгін біз сабақта жас қала, еліміздің жүрегі – Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументімен танысамыз.

ІV.Жаңа тақырып. Ой шақыру стратегиясы бойынша астана қаласын картадан көрсету. Қай облыс, қай ауданда орналасқанын сұрау.

  • Бәйтерек қайда орналасқан?

  • Астана қайда орналасқан?

  • Ақмола облысы қайда орналасқан?

  • Балалар, кім Астанада болды?

  • Бәйтеректе кім болды?

1 тапсырма. Мәтінмен жұмыс. 2 оқушыны шығарып, диалог оқытқызу.

Сөздік жұмыс. Сөздерді сөздік дәптерге жазғызу.

Қазақстанның жүрегі – сердце Казахстана

Есілдің жағалауы – побережье есиля

Әкімшілік ғимараты – административное здание

Министрліктер үйі – Дом министерств

Тірек, таяныш – опора, подпорка

Алтын шар – золотой шар

Қазақ елінің бақыты – счастье казахского народа

Елестетіп тұрғандай – как будто предстввляет



Дәптермен жұмыс.

2 тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.

  1. Астана неге Қазақстанның жүрегі?

  2. Еркебұлан нені көргісі келді?

  3. Оған ең қызықты қандай ғимарат болды?

  4. «Бәйтерек» сөзі нені білдіреді?

  5. Саған «Бәйтерек» қандай ерекшеліктерімен ұнайды?

3 тапсырма. Мәтінді оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар. Слайдтан бәйтерек суретін көрсетіп, оқушыларға мәтінді оқыту.

Самұрық құсы

Самұрық - қазақ мифологиясындағы екі дүние арасындағы дәнекер болатын, қыран тәрізді алып құс . Самұрық құсы әлемдік ағаштың (Бәйтерек) шыңында тұрады. Аңыз бойынша Самұрық өлгенімен, қайта тіріле алады. Өлгенде де, тірілгенде де от болып жанады . Самұрық құсы адамша сөйлесіп, аңыздың негізгі кейіпкеріне өз рахметін айтады. Ұшқанда күннің бетін көлегейлей ынтымаққа бастайтын алып құс; қуаныштан шаттанып күлгенде аузынан будақ-будақ төгіліп аппақ гүлдер түсетін ғажайып құс; мұңая тұрып жылағанда жасаураған көзінен мөлдіреп моншақ-моншақ маржан төгiлетін ғаламатқа бергісіз құс.

Оның биіктігі 2-3 метрлік, салмағы 50 келіден асатын, қанатының ұзындығы 8 метрге жететін айрықша құс деп өзіндік жорамал айтылады.

III деңгей. 1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. «Бәйтеректі» немен байланыстырады?

  2. «Бәйтеректің» биіктігі неше метр?

  3. «Басындағы» дөңгелек шар туралы не білесіңдер?

  4. «Бәйтеректе» қандай дәстүр қалыптасқан?

2.Берілген сөйлемдердің керек жеріне сызықша қойып, көшіріп

жазыңдар.

«Бәйтерек» әлем ағашы. Ол биіктігі 97 метр болатын ғимарат.

II деңгей. Берілген сөйлемдердің «дұрыс», «бұрыстығын» анықтаңдар.



  1. «Бәйтерек» қарлығаш құсы туралы аңызды білдіреді. Жоқ

  2. Оның биіктігі – 97 метр. Ия

  3. Шардың ішінде 300 тонна су бар. Жоқ

  4. Келушілер Елбасының алақанының ізіне қолдарын қояды.Ия

  5. Тілегін айтады.Ия

  6. «Бәйтеректі» қоршаған алаңға кілем төселген. Жоқ

  • Қазір, балалар біз сендермен сөзжұмжақ шешіп көрейік.

Фонетикалық талдау жасату.

[Д] – дауыссыз дыбыс, ұяң

[О]- дауысты, жуан

[С] – дауыссыз, қатаң

[Т] – дауыссыз, қатаң

[А] – дауысты, жуан

[Р] – дауыссыз, ұяң



V. Қорытынды. I деңгей. - Ал, қазір балалар, Елбасының алақан ізіне қолдарыңды қойып, өандай тілектеріңді айтар едіңдер? Өз сөздеріңмен жеткізіңдер.

YI. Бағалау. Жауап беру деңгейлеріне қарай бағалау.

YII. Үйге тапсырма: 84 бет, 4 тапсырма. Сөздерді жаттау.

Ақмола облысы

Донской орта мектебі

Ашық сабақ

«Бәйтерек»

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: Ержанова А.



2016 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет