Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Африканың жер бедері мен пайдалы



бет1/2
Дата31.07.2017
өлшемі223,65 Kb.
#22329
түріСабақ
  1   2
«Ш.Уалиханов атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Тақырыбы: «Африка жер бедері мен пайдалы

қазбалары»

Ашық сабақ

География пәні мұғалімі: Биғабылова Венера

7 сынып

Ақсу ауданы

Қопа ауылы 2015

Африка жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Африканың жер бедері мен пайдалы
қазбаларының орналасуы жайлы білімдерін қалыптастыру.

  1. Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, ойлау
    қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру арқылы
    шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, картамен
    жұмысты жандандыру

  2. Тәрбиелік: Басқа материктің жерімен таныса отырып, өз
    еліне, Отанына, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, табиғатты
    сүюге, аялауға бірін-бірі сыйлауға, жолдастарына көмек беруге,
    бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Постер, сұрақ-жауап, географиялық бақылау, тірек-сызба, ғажайып жетілік, картамен жұмыс.

Бағалау әдісі: Балдық гистограмма

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Африканың физикалық картасы, дүние жүзінің физикалық картасы, атлас карта, оқулық, интербелсенді тақта, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

А) «Сергіту» - Бір бірімізге сәттілік тілейік!



Ә) Оқушыларды топқа бөлу - «Компас», «Карта», «Фотоаппарат»

топтары

Б) Бағалауды түсіндіру - Әр топты бағалау үшін балдық гистограмма

беріледі

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Африкаға афиша - постер жасап қорғау

  2. Бақылау жұмысы

1) Африка - алып жатқан ауданы жөнінен Жер шарында Евразиядан кейінгі екінші орын алатын материк. "Африка" атауы, ертеректе материктің солтүстігінде өмір сүрген бербер тайпаларының бірі африги атымен байланысты. Африканың ауданы аралдармен қосып есептегенде 30,3 млн. км 2. Африканың ең биік орналасқан нүктесі Килиманджаро жанартауы, оның биіктігі 5895 м.

2) Материкттің батыс жағалауын Атлант мұхитының, ал солтүстігін
Атлант мұхитына енетін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр.
Олардың арасын ені 12 км-лік Гибралтар бұғазы жалғастырып жатыр.
Ал материктің шығысы мен оңтүстік-шығыс жағалауларына Қызыл
теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады.

3) Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын
танып-білуде ағылшын Давид Ливингстонның еңбегі өте зор. Ол 1849
жылғы бірінші саяхаты кезінде Оңтүстік Африканы батыстан шығысқа
қарай Замбези өзені бойымен кесіп өткен. Кейінгі саяхаттарында
материктің оңтүстігінен бастап, Танганьика көліне дейін жеткен. 1855
жылы Замбези өзеніндегі атақты Виктория сарқырамасын ашқан.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Сәйкестендіру

Тірек сызба



Каталог: uploads -> doc -> 0239
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0239 -> Сабақ әдіс-тәсілі: көрсету, сұрақ-жауап, ойын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет