Сабақтың тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан ( Кәкімжан Қазыбаев ) Сабақтың мақсаттары: білімділік: Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын, халықтың Отан сүйгіштік қасиетін, қаһарман ерлігі мен еңбегін әңгімелеу. Р. Қошқарбаев туралы жаңа мәліметтер беру. дамытушылық: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, бейбітшілікті нығайту мен берік сақтауға, ержүректілікке тәрбиелеу. тәрбиелік: Оқушылардың ойын, тілін дамыту, ортада өздерін еркін ұстап, ойларын ашық айта білуге, жолдастарының пікірлерін тыңдай білуге үйрету, патриоттық сезімге баулу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы Пәнаралық байланыс: музыка Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. а) М. Ғабдуллиннің “Батыр бауыржан” әңгімесінің мазмұнын 2 - 3 оқушыдан мазмұнын сұрау. ә) Сұрақ –жауап - 1941 жылы қандай оқиға болды? - Қандай Кеңес Одағының Батырларын білесіңдер ? ( буклет көрсету) - бауыржан атаны қандай қырларынан таныдыңдар ?
Слайд – 1 Ұстаз Жазушы Батыр
Командир Гвардия полковнигі
Қолбасшы Майдангер Халық қаһарманы
ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Қызығушылығын ояту
- Балалар, “ соғыс” сөзін қалай түсінесіңдер? Слайд – 2
Бомбылау Ату Аштық
Ата - анадан Ерлік айырылу
Қара қағаз Табандылық Жеңіс
- Бүгінгі бізідң әңгімеміз жеңіс туралы болмақ. - Жеңіс деген сөзді айтқанда есімізге не түседі? ( Оқушылардың пікірін тыңдау ) Слайд – 3
“ Жеңіс ” деген – жақсылықтың сыңары, Жігер мен құштарлықтың құралы, Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұлағы “ Жеңіс ” күні. Адамзат аңсап күткен күн. Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбыт мереке жоқ. биыл Ұлы Жеңістің 65 жылдығын тойлағалы отырмыз. 2. Мағынаны тану - Міне, балалар, өздеріңіз айтып өткендей ата-бабаларымыз егемендік жолында қаншама ерлік көрсеткен, елміз үшін құрбан болған. Бүгін біз есімі халықтың жүрегінде жатталып қалған, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері Рақымжан Қошқарбаев туралы танысамыз. Дәптермен жұмыс. Слайд – 4 Күннің жады. Ту тіккен Рақымжан. Слайд – 5 Р. Қошқарбаев суретін көрсету Р. Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысының Ақмола ауданында дүниеге келген.1942 жылы әскерге алынып,1 944 жылы Бішкектегі жаяу әскер училищесін бітрген. 1944 жылы қазан айынан бастап 1 – Белорусь майданындағы 150 – Идрицк атқыштар дивизиясы қ ұрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндгі ұрыстарға қатысқан. 1945 жылы 30 сәуір күні Берлиндегі фашистердің ұясы Рейхстагқа лейтенант Р.Қошқарбаев бастаған взвод шабул жасады. Жаудың мықты қарсылығына қарамастан 7-8 сағат бойы жер бауырлап алға жылжыды. Ақыры олар борап тұрған оққа қарамастан, қиян - кескі ұрыспен Рейхстаг баспалдағына көтеріліп, оның кіре беріс бағанасына Р.Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г. Булатов ең бірінші болып Жеңіс туын желбірете тікті. Суреттер көрсету. Оқулықпен жұмыс. а) Оқып беру ә) Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту. Сөздік жұмысы. Слайд – 6 Рейхстаг – жаудың ұясы Батальон - Комбат - Артиллерия - Ой дамыту. Сергіту жаттығуын жасау. Батырлық ерлік туралы мақал жарысын өткізу. Ой толғау - Рақымжан командирден қандай тапсырма алды? - Жаудың соғысты бастаған үйі – Рейхстагқа Жеңіс туын тігуді тапсырды. - Командир Рақымжанды неге таңдады? - Рақымжанның ер жүректілігін, батырлығын, істерін бұрын көреген, оған істей алады деп сенді. - Политрук Васильченко неге көзіне жас алды? - Ол өз баласындай жақсы көреді, өз әкесімен қоштасқандай болды. - Тапсырма қалай орындалды? - Өте қиын болды, әрбір минут, әрбір сағат санаулы болды, ойдағыдай жақсы орындалды. - Туды Рақымжаннан басқа кім тігісті? - Григорий Булатов. - Жауынгерлер “ урлап ” жауып тұрған оққа қарамастан неге алға жүгірді. - Ту желбіреп тұрғасын оларға күш берді , “ Біз жеңдік, олар жеңілді”, - деді. - Жеңіс туы қашан тігілді? - 1945 жылы, 30 сәуір. 6 сағ. 30 мин. Ой қорыту. Слайд – 7 - Балалар, не білдік? - Не түсіндік? - Рақымжан Қошқарбаев кім? - Соғыстан кейінгі жылдардағы өмірі туралы не білеміз? ( суретін көрсету) Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947 – 1967 жылдары Ақмола облысының атқару комитетінде
нұсқаушы, Қазақ КСР Мин. Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор, 1967 жылдары “Алматы ” қонақ үйінің директоры болды. “ Қызыл ту ” , “ І дәрежелі Отан соғысы ” ордендері, көптеген медальдармен марапатталған. 1999 жылы “ Халық қаһарманы ” атағы берілді. Слайд – 8 Халық қаһармандарымен таныстыру. 1. Бауыржан Момышұлы 2. Талғат Бигельдинов 3. Рақымжан Қошқарбаев 4. Қасым Қайсенов Оқушылар хорменен: “ Ешкім де ұмытылмайды, Ешнәрсе де ұмыт қалмайды” “ Жеңіс үшін жанын пида еткен әкелер мен ағаларға, апаларға басымызды иеміз”. ( 1 минут үнсіздік, еске алу ) Үйге тапсырма. 1. Мәтінді оқып, мазмұнын айту. 2. “ Біз бейбітшілікті жақтаймыз ” тақырыбына шығарма жазу. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Кәкімжан Қазыбаев «Ту тіккен Рақымжан». Сабақтың мақсаты: К. Қазыбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту.Мәтінді мәнерлеп оқып,ондағы негізгі идеяны табуды үйрету. Білімділік: Оқушыларға Р. Қошқарбаевтың ерлігі жайында мағлұматпен таныстыра отырып, мәтін мазмұнын толық түсінуге мүмкіндік жасау. Дамытушылық: Мәтін мазмұнын талдау арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, өз пікірін ашық айтуға үйрету. Тәрбиелік: Ұлы тұлғалар бойында қалыптасқан игі қасиеттерді оқушы бойына дарытуға ықпал ету арқылы елін, жерін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі:аралас сабақ Сабақта қолданылатын әдістер:сұрақ-жауап,көрнекілік,түсіндіру,сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Сәттілік тілеп, оқушылар туылған жыл мезгілдері бойынша төрт топқа бөлініп отырып, сабақ бастау II.Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білім,білік,іскерлік дағдысын тексеру -Үйге қандай тапсырма берілді? - М.Танекеевтің «Қажымұқан» мәтінін оқу, мазмұндау. Өткен тақырыпты қайталау «Қарама-қарсы шабуыл» әдісін қолдану. Топтар өткен сабақта танысқан тақырып бойынша сұрақтар дайындайды. Ойлануға – 1 минут. Сұрақ алмасуға – 6 минут • 1-топпен 2-топ бір-біріне сұрақтарын қояды. 3-топпен 4-топ бір-біріне сұрақтарын қояды; • 1-3, 2-4 топтар сұрақ алмасады; • 1-4, 2-3 топтар сұрақ алмасады. III.Сабақтың мақсатын қою. -Бүгінгі сабақта Кәкімжан Қазыбаевтың «Ту тіккен Рақымжан» әңгімесімен танысамыз. IV.Жаңа сабақты түсіндіру - Бұл әңгіме Ұлы Отан соғысының батыры Р. Қошқарбаевтың ерлігі жайында. Кәкімжан Қазыбаев қазақ жазушысы. Р. Қошқарбаевтың ерлігін, батырлығын дәлелдеу үшін, батыр атағын беру үшін көп еңбектеніп, ізденген жан. Р. Қошқарбаевқа кезінде Кеңес Одағының батыры атағы берілмеген болатын, қазақ жазушыларының ат салысуымен 1999 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді. Ой қозғау -Кәкімжан Қазыбаев туралы не білесіңдер? Кәкімжан Қазыбаев 1929 жылы 10 мамырда Алматы облысы, Сарқант ауданы, Бақалы ауылында дүниеге келген. 1952 жылы Қазақ мемлекеттік университетті бітірген. - Рақымжан Қошқарбаев туралы ше? Р. Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысындағы Тайтөбе ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Алматы қаласында дүниеден өткен. -1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысының болғанын білеміз. Бұл оқиғада соғыстың соңғы уақыттары баяндалады.Сонымен қатар сендерге таныс емес Рейхстаг деген сөз кездеседі. Рейхстаг-жаудың ең соңғы ұясы. Гитлер соғысты сол үйде отырып бастаған. -Сендер тақтада сол жылдардағы Рейхстаг пен соңғы кезде түсірілген Рейхстагты көріп отырсындар Мәтінді мұғалімнің оқуы. Оқушылардың тізбектеп оқуы. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ - жауап алатыны жайында ескертуі тиіс. Әр топқа мәтін бөліктері беріледі. Әр топтан бір оқушы шығып мәтін бойынша мазмұнын айтады .Сергіту сәті Дәптермен жұмыс 2. «Мен сендерден сұрақ күтемін» тәсілі. Бұл тәсіл бойынша топтағы балалар мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.Топтағы оқушылар өзара келісіп , ақ қағазға екі сұрақ жазып, келесі топқа береді. Жариялау. Сұраққа жауап іздеп, дайындалуға, ақылдасуға 1-2 минут беріледі.Сұрақтың жауабын топтың ішінде ақылдасып алған соң, бір оқушы хабарлайды ( жауап береді) «Ыстық орындық» ойыны. «Ыстық орындық» ойынын өткізу. 5 минут. Ортадағы орындыққа өз қалауы бойынша бір оқушы отырады. Сынып оқушылары осы балаға тапсырма бойынша сұрақтар қояды. «Ыстық орындықта» отырған оқушы сол сұрақтарға жауап беру керек. Оқушыға баға қойылады. Мұғалімнің сұрақтарына сыныпта отырған балалар қол шапалақтап жауап береді. Мысалы мұғалім мынадай сұрақтар қояды: «Ыстық орындықтағы» кейіпкер өте жақсы жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер орташа жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер нашар жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер өзін сынып алдында жақсы ұстай білді ме?» Қай сұраққа қатты шапалақтаса, бағасы сол болады. Осылайша оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. «Ыстық орындыққа» 2-3 оқушыны шығаруға болады. Сабақты қорытындылау. Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе , баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақты төменгі жағына бұлттың суіретін салады.Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының өзін –өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асады. Үйге тапсырма. а) «Ту тіккен Рақымжан» оқу, сұрақтар дайындап келу ә) Мәтін желісі бойынша сурет салу Бағалау.