Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Жаңабай Құдайбергенов, Серікбай Қанаев, Қазбек Шорманов, Тоқаш Бокин, Әубәкір
бет 2/3 Дата 11.01.2017 өлшемі 0,72 Mb. #6869 түрі Сабақ
Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов , Жаңабай Құдайбергенов, Серікбай Қанаев, Қазбек Шорманов, Тоқаш Бокин, Әубәкір және Жақыпберді Солтанбекұлдары, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар, т.б.
Тапсырма № 3
Қазақстанның түпкір-түпкірінде болған ұлт-азаттық көтерілістер жайындағы әңгімелер , өлеңдер, жырлар халық жадында сақталып, бізге дейін жеткен. Жетісудағы көтерілісті басқарған Бекболат Әшекеевке арналған «Бекболат» атты жырды оқушылардың кезектесіп оқуы.
...Даланы қара бұлт басты,
Найзағай ойнап, от шашты.
Жым-жырт жатқан сахара,
Басқандай болды албасты.
Зілді кезең кездесіп,
Кәрі, жастан сұр қашты,
Жарлығы шығып патшаның ,
Ел сенделді, ер састы.
Ежелгі кек оянып,
Көтеріліп жұрт дуласты
...Біреу олай сөйледі,
Біреу былай сөйледі:
-Баланы қолдан бергенше,
Қасірет, қайғы көргенше,
Патшаға қарсы тұрамыз.
Өлсек, шәйт боламыз , -
«Сұры жаман қазақты»,
Көздерімен көргенін ,
Патшаға жігіт бергенше,
Жақсы көрер қырылып,
Өз жерінде өлгенін,
Жолықты бізге көп қазақ,
Жайнаған оттай шоқ қазақ.
Ауыл сайын біз бардық,
Ықыласы жоқ қазақ.
Палбаум,тақсыр,жанарал!
Қазақ әскер бермейді,
Бұл сөзіме құлақ сал.
Қанға былғар қолдарын,
Беруге қимай ұлдарын ,
Көзім көрді көп қазақ
Баталасып тұрғанын
Жұрт жиылды айқайлап,
Ырым қылып өзінше,
Бір ағашқа ту байлап,
Көп халайық көтерді,
Бекболатты бас сайлап...
Сол уақытта ұрыстың,
Басталар кезі дәл болды.
Біреудің біреу малына ,
Ие болар күн болды.
Патша әскері қазаққа,
Күйік болар күн болды.
Айдағаны әскердің
Түйе болар күн болды.
Үсті-басы қазақтың,
Шие болар күн болды
...Қазақтан талай кісі шығын болды,
Жүз елу жылқы жауға тығын болды.
...Әуелі Бекболатты әкетті айдап,
Ат үстінде аяқ қолын байлап,
Артынан қалғандарын қоса айдап,
Бейшара түсті қолға соры қайнап ,
...Атты казак орыстар,
Қамап алып келеді.
...Көк мылтықты көпіртіп,
Көкке қарап келеді.
Ер Бекболат сияқты,
Бекке қарап келеді.
Бекболат ер ашулы,
Шетке қарап келеді.
Елден адам бар болса,
Сәлем айтсам жұртыма,
Деп те қарап келеді.
Дар түбіне барады,
Жан-жағына қарады.
Ауылдасы Мұстафа,
Дереу келе қалады,
Көзіне жас алады.
Абдоллаға сәлем де,
Танырсыз менің баламды.
Басқа сөзге уақыт жоқ,
Мойныма арқан салады... -
Біз де адамнан туып едік,
Адамбыз деп жүріп едік.
Сарала шенді шошқаға
Қандай күнә қылып едік?
Алым бермей қойдық па?
Малын бермей қойдық ба?
Сендердің де біздей болып,
Бала-шағаң шуласын,
Үстіңдегі патшаң
Апиын жеп уласын, -
Сойылы бар батырдың
Талайын атқан оқпенен,
Жапалақтай жығылған,
Сай-салада тығылған.
Қызыл жоса,қырман боп,
Қырылдық жаман шыбыннан.
Албанның қасқа қайсары
Серікбай, Ұзақ, Жәмеңке -
Бәрі он екі кісі еді,
Қарақолға бет алып,
Қара жолмен шұбырған
Ел күңіріне үріккенде
Кеулей қашып жөнелдік.
Атадан қалған қой, жылқы
Тимей қашып жөнелдік.
Тіккен үйді тенкейтіп
Кірмей қашып жөнелдік.
Екі жеңін шапанның
Кимей қашып жөнелдік.
О қашқаннан бардық та
Қытайға барып тығылдық
Аяғын құшып қалмақтың
Жалынып, жарбап жығылдық, -
V. Сабақты қорытындылау
Кестені толтыру
Достарыңызбен бөлісу: