Сабақтың міндеттері: а өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды. ә ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді


кесте Күрделі эфирлердің изомерлері



бет3/5
Дата19.02.2017
өлшемі435,24 Kb.
#10620
түріСабақ
1   2   3   4   5

кесте Күрделі эфирлердің изомерлері

Құрылым изомериясы

Класаралық изомерия

Көміртек тізбегі

Радикалдар изомериясы (метамерия)





сірке кышқылының пропил эфирі немесе пропилэтаноат




пропан кышкылының

этил эфирі немесе

этилпропаноат



пентан кышқылы, күрделі эфирлер карбон кышқыл-

дарына изомерлі болады


сірке кышкылының изопропил эфирі немесе изопропилэтаноат



май кышкылының метил эфирі немесе метилбутаноат





Күрделі эфирлерге тән маңызды химиялық қасиеті — олардың гидролизі. Гидролиз — эфирлендіруге карама-қарсы реакция, яғни гидролиз процесі — сілті қатысында жүретін күрделі эфирдің спирт пен қышқылға айырылуы. Сілті түзілген қышқылды бейтараптайды да, тепе-теңдіктің эфирдің гидролиздену реакциясына қарай ығысуына әсер етеді. Гидролиз реакциясын сабындану деп те атайды және жалпы түрде былайша жазуға болады:

Сөйтіп, гидролиз бен эфирлендіру реакциясы — қарама-қарсы процесс болғандықтан, тепе-теңдікті болдырмау үшін түзілген өнімдердің біреуін реакциядан бөліп отыру қажет.

Маңызды өкілдері.

Күрделі эфирлердің көпшілігінің жемістің, жидектің, гүлдің иісі тәрізді жағымды иісі бар. Құмырсқа қышқылының этил эфирі (этилформиат) —



55°С-та қайнайды, ром иісті зат.

Құмырсқа қышқылының изоамил эфирі (амилформиат)

шиенің иісіндей иісі бар зат.

Сірке қышқылының этил эфирі (этилацетат)



өте жағымды иісті зат. Техникада еріткіш ретінде қолданылады және одан эфирлердің басқа түрлерін, дәрі-дәрмектер алады. Сондықтан көптеп өндіріледі.

Сірке цышцылының изоамил эфирі (амилацетат)



алмүрт иісті, 139°С-та қайнайды.Көп мөлшері еріткіш ретінде қолданылады.

Жоғары карбон қышқылдарының бірнегізді жоғары спирттермен әрекеттесуден түзілген күрделі эфирлері балауыз деп аталады. Мысалы, ара балауызы — пальмитин қышқылы мен миристил спиртінің күрделі эфирі С15Н31СООС31Н63.

Жоғарыда аталған күрделі эфирлердің барлығы дерлік жасанды жеміс эссенцияларын, сусындар, кондитер өнімдерін алуға, сондай-ақ парфюмерияда (иіс сабын, хош иісті сулар, т.б. алу үшін) қолданылады

Майлар — күрделі эфирлер класына жататын органикалыц қосылыстар. Майлардың химиялық құрамын француз ғалымдары М. Шеврель мен М. Бертло анықтаған.

М. Шеврель 1817 жылы май мен судың қоспасын сілті қатысында қыздыра отырып глицерин және стеарин, олеин және пальмитин қышқылдарын бөліп алды. Бұл реакция гидролиз немесе сабындану деп аталатынын білесіңдер. Екінші ғалым М. Бертло 1854 жылы глицеринді стеарин, олеин, пальмитин қышқылдарымен қосып қыздырың, майларды синтездеді. Бұл реакция эфирлендіру деп аталады. Сонымен, майлар дегеніміз — үш атомды спирт глицерин мен жогары карбон кышқылдарының күрделі эфирлері. Майларды триглицеридтер деп те атайды.

Күрделі эфирлер — глицеридтер глицерин қалдығы мен бір қышқылдың қалдықтарынан немесе әр түрлі қышқылдар қалдықтарынан түзілуі мүмкін, мысалы:



R — бір қышқылдың қалдығы, ал R1, R2, R3 — әр түрлі қышқыл қалдықтары.

Глицеридтер құрамындағы қышқылдың түріне қарай майлар: қатты, жұмсақ және сұйық болып бөлінеді. Қатты майлардың құрамында қаныққан қышқылдар көп болады, ал сұйық майлардың құрамында қанықпаған қышқылдар басым болады. Жануарлар майлары, әдетте, қатты май (тоң май), мысалы, қойдың майы, сиыр майы, т.б. ал өсімдіктер майлары — сұйық май болады, мысалы, кұнбағыс, мақта, зығыр майлары, т.б. Бірақ бір ерекшелік — пальма майы кәдімгі жағдайда қатты болады. Сондай-ақ табиғи майларда да қышқыл қалдықтары әр түрлі болады. Мысалы, қойдың тоң майында 75% шамасы пальмитин мен стеарин глицеридтері, 25% шамасыңда олеин глицериді болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет