Физикалық қасиеттері және табиғатта кездесуі.
Майлар судан жеңіл болады және онда ерімейді. Олар органикалық еріткіштерде (бензинде, эфирлерде, т.б.) жақсы ериді.Қағазға, теріге жақсы сіңеді. Майлардың тұрақты балқу температурасы болмайды, әр түрлі глицеридтер қоспасынан тұратындықтан, майлар алшақ температуралар аралығында балқиды.Майлар барлық өсімдіктер мен жануарлар денесінде кездеседі. Адам организмінің 10—20%-ін құрайды. Оның, шамамен, 70%-і олеин, ал 30%-і пальмитин глицеридтері.
Химиялық қасиеттері. Майлар күрделі эфирлер болғаңдықтан, негізгі химиялық қасиеттері — гидролизденуі. Гидролиздену қышқыл, сілті немесе металл оксидтері қатысыңда жүретін қайтымды процесс:
Осы процесті пайдаланып, өнеркәсіпте глицерин және карбон қышқылдарын алады. Сондай-ақ сілті немесе сода ерітіндісімен қоса қыздырып, гидролиздеу арқылы сабын өндіреді:
Майлардың сілті қатысында гидролизденуі сабындану деп аталады.
Майлар тағамдык зат және әр түрлі өнімдер өндіру үшін шикізат ретінде қолданылады. Бұл үшін өндіріске қатты майлар керек, сондықтан өнеркәсіпте сұйық майларды қатты майларға айналдырады. Бұл процесті 160—240°С-та, 3 атм. қысымда және ұсақ никель өршіткісі катысында жүргізеді. Ол гидрлену немесе гидрогендену процесі деп аталады:
Гидрлеу аркылы алынған қатты майлар маргарин өндіруге, сабын жасауға қолданылады. Гидрлеу процесі нәтижесінде алынған маргариннің дәмін, қоректік қасиеттерін жақсарту үшін сүт, жұмыртқа және А витаминін қосады. Қазақстанда Алматы, Қарағанды маргарин зауыттарының өнімдеріне сұраныс көп.
Сабын өндіруге май көп жұмсалады. Сондықтан сабынды майдан басқа заттардан, мысалы, мұнайды пайдаланып өндіру өнеркөсіпте кең жолға қойылып келеді.
Сабын өндіруге кажетті карбон қышқылын мұнайдағы көмірсутектерді тотықтырып алады, мысалы:
Түзілген қышқылдарды бейтараптау аркылы сабын алады. Сабын жоғары С10—С18 май қышқылдарының Nа немесе К тұздары:
Сабындардың жуғыштық қасиеті—жуылатын беткейлердегі жабысқан кір бөлшектерін эмульсия, суспензия түріне ауыстыра алатын мүмкіндігі (суреттер). Ал кермек суда кальций, магний түздарын түзіп, сабын түнбаға түседі:
2С17Н35СООNа + СаСІ2 → (С17Н35СОО)2Са ↓+2NаСІ
Сабынның суда еруі кезінде жоғары қышқылдар мен сілті түзе гидролиздену процесі бірге жүреді. Бұл жағдай көптеген маталарға зиянды әсерін тигізеді, сондай-ак адам терісіне зиянды әсер етеді:
С17Н35СООNа + Н2О → С17Н35СООН↓ + NаОН
Синтетикалык жуғыш заттар (СЖЗ) — детергенттердің мұндай кемшіліктері жоқ, әрі жуғыш қасиеттері де жоғары, оларды алу үшін қолданылатын шикізаттары да тиімді. Олардың негізі — синтетикалық беттік белсенді заттар (ББЗ). Мысалы: алкилсульфонаттар (RSONа) алкилсульфаттар R—О—SO2—Nа, т.б.
СЖЗ — өте баяу айырылады, сондықтан коршаған ортаға, тірі организмдерге зиянын тигізуі әбден мүмкін. Сол себепті төгетін суларды тұндырғыштарда тұндырып, балдырларда болатын биологиялық бактериялар көмегімен тотықтыру арқылы тазалайды. Бұл кезде органикалық заттарды көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдыратады. Ферменттер көмегімен биохимиялық тазарту жүзеге асады. Алкилсульфаттар мен алкилсульфонаттарды ыдырататын бактериялар штаммалары әзірленген, осылар арқылы микробиологиялық тазарту іске асады.
Майлар — қоректік заттар. Майлар — тағамның аса маңызды құрам бөлігі, олардың тотығуынан организмде көп жылу бөлінеді. Тірі организмде 1 г майдың тотығуынан 38,9 кДж энергия бөлінеді.
Табиғи майлардың құрамында коспа түрінде басқа да пайдалы заттар болады, мысалы, А, Д, Е витаминдері. Адамның тәуліктік рационында 60—70 г май болады. Организмдегі майдың энергетикалық тиімділігі жоғары болғандықтан, қордағы қоректік зат кызметін атқарады.
Ас қорыту процесінде ферменттер және өт қышқылдары тұздарының әсерінен (сілекейдегі, бауырдағы, қарын және ішек сөліндегі) майлар бос глицерин мен қышқылдарға дейін гидролизденіп, ішек ұлпаларына сіңеді.
Адам және жануар организмдерінде гидролиз өнімдерінен әр түрлі құрамдағы қажетті майлар түзіледі. Ал қалған бөлігі көмірқышқыл газы мен суға дейін тотығады.
Майлар организмді суықтан қорғайтын және жылу сақтайтын материал кызметін де атқарады.
ІV.Жаңа сабақты пысықтау.
Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мақсатында әр түрлі әдістер қолдануға болады.Оның негізгілері: мысалы, сұрақ –жауаптар, деңгейлік тест сұрақтарын беруге болады.Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болғаң соң жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар беремін.
І-тапсырма. Сұрақ-жауап.
1. Күрделі эфирлер деп кандай заттарды айтамыз? Эфирлендіру реакциясы дегеніміз не?
2. Күрделі эфирлердің физикалык касиеттеріне мысалдар келтіріп, айтып беріңдер.
3. Күрделі эфирлерге кандай реакциялар төн?
4. Майлар кандай процестер нөтижесінде алынады?
5. Майларды не себепті күрделі эфирлерге жаткызады?
6. Қатты жөне сұйык майлардың кұрамындағы айырмашылықтар кандай?
7. Майлардың коректік зат ретіндегі маңызын айтып беріңдер.
8. "Майлар — шикізат" дегенді калай түсінесіңдер?
9. Майлардың балку температурасы не себепті түракты болмайды?
ІІ-тапсырма. Есеп шығару.
1. Құмырсқа қышқылының метил эфирі молекуласының құрамындағы көміртегінің массалық үлесі (%)
Шешуі: Мr(НСООCH3) = 60
2Аr(С) = 24
2. 12 % 150 г сірке қышқылы мен 40 % 110 г этанолды әрекеттестіргенде түзілетін эфирдің массасы
Шешуі: CН3СООH + C2Н5ОH → CН3СООС2H5 + H2O
М(CН3СООH) = 60 г/моль
М(CН3СОО С2H5) = 88 г/моль
М(C2Н5ОH) = 46 г/моль
m (CН3СООH) = 150 г · 0,12 = 18г
m (C2Н5ОH) = 110 г · 0,4 = 44 г
х г CН3СООС2H5 ---- 18 г CН3СООH
88 г CН3СООС2H5 ---- 60 г CН3СООH
Достарыңызбен бөлісу: |