Тұрақты дамудың маңызды аспектілері
Салауатты қоршаған орта
|
Тұрақты биосфера
|
Азық-түлік, су, минералды,энергетикалық және басқа да ресурстарды сақтау
|
Биологиялық әртүрлілікті сақтау
|
«Шектен шығу» адамзат қоғамының жалпы рұқсат етілген шеңберден шығып кеткенін білдіреді.Мәселен,Алматы қаласының ауаға бөлетін ластаушы заттарының көлемі қала экожүйесі өңдей алатын мөлшерден әлдеқайда көп болады.Арал көлінің жағдайын,озон қабатының проблемалары,осының барлығында адамның «экологиялық ізі» көрінеді. «Экологиялық із» концепциясы (ЭІ) тұжырымдамасының негізі 1990 жылы қаланды. Бір адамға тиесілі «экологиялық із» ғаламшарымыздың қай жерде орналасқанына қарамастан,осы ауданның қосындысымен сипатталады. «Экологиялық іздің» құрамбөліктері 17- суретте берілген. «Экологиялық із» мақсаттарының бірі –адам қызметі мен табиғи ырғақтың үздіксіз екенін дәлелдеу. Экологиялық ізді есептеу ресурстар мен қалдықтардың ағынын анықтауға негізделген. Экологиялық ізді тұрақты дамудың индикаторы ретінде қарастыруға болады.Дүниежүзінің жекелеген елдерінің экологиялық ізі 18-суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |