§ 18. Табиғатты пайдаланудағы жергілікті басқару
Мақсаты: Оқушылар табиғатты пайдаланудағы жергілікті басқарудың рөлін біледі, табиғатты қорғау шараларының тиімділігіне баға беруді үйренеді.
Қысқаша конспект
Жетекші ұғымдар: табиғатты пайдаланудағы жергілікті басқару,тұрақты дамудың жергілікті тұжырымдамасы,табиғатты қорғау саласындағы құқықтар мен міндеттер
Сөздердің мағынасын түсіну:экологиялық сыйымдылық
Қазақстанның салыстырмалы түрде экологиялық жағдайы шиеленіскен аудандарында жергілікті ландшафттардың экологиялық сыйымдылығы айтарлықтай дәрежеде төмен.Мұндай аймақтарда экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізуді ескере отырып,табиғатты пайдалану құрылымын ішінара өзгерту,қалдықтарды өңдеу орындарын салу,бұзылған ландшафттарды қалпына келтіру қажет. Қазақстан аумағы негізінен екі санатқа бөлінеді,бұл 20-сызбанұсқада көрсетілген. Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттіктері 21- сызбанұсқада берілген.
Табиғатты қорғау үшін біз не істей аламыз? ҚР экологиялық кодексімен танысамыз. Халықтың экологиялық қауіпсіздігі,табиғатты ұтымды пайдалану және табиғатты қорғау ісінде құқықтармен қатар,өз міндеттерімізді де білу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |