Сабақтың нөмірі: 7 Сабақтың тақырыбы: Жобалық іс-әрекет



Дата14.04.2022
өлшемі20,69 Kb.
#139246
түріСабақ
Байланысты:
32-такырып


Информатика пәні бойынша 11-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: 7
Сабақтың тақырыбы: Жобалық іс-әрекет
Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
11.1.1.1 бұлттық технологияның не екенін түсіндіру;
11.1.1.2 жалпы қолжетімді, қашықтағы файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, таныстырылымдар кестелер) қолдану және оларды бірге түзету
Сабақтың мақсаты Бұлттық технологиялар туралы түсінік қалыптастыру, жалпы қолжетімді файлдарды пайдалану, қолданылу салаларын түсіндіру
Мақсаты (оқушыға бағытталған):
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардан жобалық іс-әрекеттің не екенін еске түсіруді және жобаны орындау кезеңдерін атауды өтініңіз.
• Зерттеу мәселесі (неге бұл мәселені зерттеген маңызды?)
• Зерттеу мақсаты (нәтижесінде не болуы керек?)
• Зерттеу міндеттері (мақсатқа қандай жолмен қол жеткізуге болады?) • Зерттеу барысы (не істеу керек?)
• Нәтижелерді ресімдеу
• Ақпараттық ресурстар (зерттелетін мәселе туралы толығырақ қайдан білуге болады?)
Сабақтың ортасы Жобаны бағалау критерийлерін құру (критерийлерді оқушылар жасайды) Жобалық жұмыстарды бағалау критерийлері (Олар сыныпта талқылау барысында өзгертілуі мүмкін және жобаны қорғау алдында түпкілікті бекітілуі тиіс)
1. Материалдардың тақырыпқа сәйкестігі, құрылымы, тақырыпты толық ашуы
2. Жобаны таныстыру (жұмыс кезеңдерін сипаттау, таңдауды ынталандыру, техникалық құралдарды сипаттау, өз жұмысын талдау)
3. Шешендік шеберлігі, топта сөз сөйлегенде үйлесімділігі, қосымша безендірудің болуы 4. Программалық өнім интерфейсі
5. Жобаны орындаудың дербестік деңгейі
6. Жоба тақырыбының өзектілігі мен құндылығы
7. Тақырыпты толық ашу деңгейі
8. Жоба проблемасын шешу үшін қандай да бір қосымшаларды қолданудың орындылығы
9. Жобаның мазмұнын ашудағы нақтылық пен ықшамдылық деңгейі Жобамен жұмыс Жобалардың ұсынылатын тақырыптары:
• Бұлттық технологиялардың эволюциясы.
• Бұлттық технологиялар саласындағы ең танымал идеялар.
• Қаржы саласындағы бұлттық технологиялар..
• Деректердің бұлттық қоймаларына шолу.
Салыстырмалы сипаттамасы.
• Бұлттық технологиялардың салалары.
Мысалдар. • Қазақстандағы бұлттық технологиялар.
• Google Құжаттар, Office Web Apps және MicrosoftOffice пакеті бұлттық сервистерінің салыстырмалы сипаттамасы.
• Бұлттық технологиялар: проблемалары және келешегі. Жобаны қорғау Қорғауды өткізу үшін оппоненттер сайланады.
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет