Сабақтың нөмірі: 79 Сабақтың тақырыбы: Кездейсоқ шамалар. Мақсаты: Кездейсоқ шаманың не екенін түсіну



Дата16.04.2020
өлшемі14,61 Kb.
#62657
түріСабақ
Байланысты:
Кездейсоқ шамалар.№1

Алгебра пәні бойынша 10 ___ сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі:79

Сабақтың тақырыбы: Кездейсоқ шамалар.

Мақсаты:

1.Кездейсоқ шаманың не екенін түсіну;

2. Кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіріп,еептер шығара білу;

Конспект


Оқулық Алгебра және анализ бастамалары 10 Алматы «Мектеп» 2019ж. 126-127бет.

Ықтималдықтар теориясындағы кездейсоқ шама ұғымын күнделікті тұрмыстағы бізге үйреншікті мағынамен шатастыруға болмайды .Мысалы ,сүйікті вазаңды сындырып алу, не дүйсенбі күні мектепке кешігіп келу ,1988 жылы Шығыс Қазақстанда болған зілзала және т.с.с. кездейсоқ оқиғаларға жатады,өйткені бұл нәрселер жоспарсыз болады.Бірақта ықтималдықтар теориясында мұндай оқиғалар қарастырылмайды.Себебі бұл оқиғалар қайталанбайтын оқиғалар.Ықтималдықтар теориясында тәжірибе,эксперимент,бақылау немесе сынақ арқылы алуға болатын оқиғалар қарастырылады.Мысалы,тиынды сынақ ретінде бірнеше рет лақтыруымызға болады.Оның елтаңба жағымен түсуі де түспеуі де мүмкін,100 рет тасталатын болса ,онда Елтаңба жағымен түсуі шамамен 50 дің маңында болар деп күтеміз.Осы сияқты күнделікті жедел жәрдем бекетіне мысалы ,күндізгі сағат 11 мен12 нің арасында түсетін шақырулар санын да жыл бойы белгілі бір сан мәнінің маңында өзгеріп отыратынын көреміз.

Сонымен кездейсоқ шама деп алдын ала белгісіз ,тек тәжірибе нәтижесінде анықталатын бір мәнді шаманы айтады.

Кездейсоқ шама кездейсоқ оқиғамен тығыз баланысты .Егер кездейсоқ оқиға тәжірибенің сапалық сипаттамасы болса ,кездейсоқ шама оның сандық сипаттамасын береді.



Айталық, сынақты n рет жүргізу нәтижесінде бізге қажет А оқиғасы m рет орындалады делік,онда санын А оқиғасының сынақтың осы n рет өткізілуіндегі орындалуының салыстырмалы жиілігі деп ,ал m- ді абсалюттік жиілігі деп атайды .Х кездейсоқ шамасы ,мәндерін ,...,ықтималдықтармен қабылдйды және

+...=1

Абсалюттік жиілік қосындысы таңдама көлемін береді.

1-мысал.Ағылшын математигі Карл Пирсон (1857-1936) тиынды 24000 рет тастап, оның 12012-сінде тиынның Елтаңба жағымен түскенін тіркеген.Сонда m=12012,n=240000 десек,салыстырмалы жиілік =0,5005 ке тең.

2-мысал.Ойын сүйегін 48 рет лақтырғанда ,5 цифрының түсу ықтималдығын табу керек.

Шешуі:Әр 6 рет лақтырғанда 1,2,3,4,5, 6 түсті десек ,5 цифрының түсу ықтималдығы рет ,48 рет лақтырғанда 8 рет түсу ықтималдығы бар.Сонда = –ге тең .

«Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы орындайды. Мақсаты: оқушылардың жаңа білімді қалай игергендігіне байланысты баспалдақпен әр тапсырмаға өтеді.

Бейне үзінді.

https://youtu.be/g4ed6EkVunc

Тапсырма :

1.Техникалық бақылау бөлімі 1000 бұйымдық партияда 8 жарамсыз бұйым барын анықтады.Жарамсыз бұйым жасалу жиілігі қандай?

2.Нысанаға атылған 20 оқтың 18-і нысанаға тиген.Нысанаға тигізу жиілігі қандай?

3.Қорапта 10 ақ және 15 қара түсті щарлар бар.Қораптан кездейсоқ алынған шардың ақ болу ықтималдығын табыңдар.



4.Кездейсоқ алынған екі таңбалы санды 8-ге бөлгенде 1-ге тең қалдық қалу ықтималдығы қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет