2-уыттану кезеңі (токсикалық). Ол 24-72 сағат арасында пайда болады. (Бұл кезде жайылған перитонит, түгел іш перденің зақымдалуы)
Белгілері:
Жалпы жағдайы өте ауыр болуы
Тамыр соғуы 120-ға дейін жылдамдауы
Дене қызуы 39 С, қарт адамдарда бұл қайшы тәрізді болуы (дене қызуының тамыр соғуы ретінен қалуы)
Объективті тексергенде:
Қан қысымынң төмендеуі
Іштің шамалы кебуі
Щеткин-Блюмберг белгісі оң
Ішектің айқын салдануы
Ішті түртіп көргенде, онда сұйық пайда болғанын анықтауы
Нәжіс пен желдің шықпауы
Қанында- лейкоцитоз
ЭТЖ- ның ұлғаюы
3-соңғы кезеңі (терминальді). Ол 72 сағаттан асқанда пайда болады.
Белгілері:
Жағдайының өте ауыр болуы
Есінен тануы
Масаттануы( эйфория)
Селқостануы
Күшсіздің (адинамия)
Ықылық атуы
Нәжіс иісті құсу
Терісі сұрланған
Дене қызуы жоғарылайды
Объективті тексергенде:
Гиппократ беті
Жабысқақ суық тер басқан
Тамыр соғуы 130/140
ҚҚ төмендеген
Тыныс алуы жиі
Іші біршама кепкен
Щеткин- Блюмберг белгісі оң
Ішті түртіп көргенде- тимпаникалық дыбыс естіледі
Тыңдаған кезде «мәйіт тыныштығы» –дыбыс жоқ
Алғашқы көмек пен емі:
-тыныштық орнату
-мұзды мұйық қою
-тасымалдау
-ауырсынуды басатын дәрілерді беруге болмайды
-хирургиялық ем
-антибактериалды ем
-іш қуысын жабық түрде жуу (лаваж)
-перитониальды диализ
Барлық жағдайда есеңгіреу индексін анықтай білу керек.Қалыпты жағдайда ол 0,5-ке тең. Есеңгіреу индексі = тамыр соғу саны / систоликалық ҚҚ.
Осы индекс 1,5-ке жетсе өмірге қауіп төнгендігін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |