Сабақтың мақсаты: Әңгіменің мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мазмұнын мәтінге сүйене отырып ашу.
Білімділік: Өткен сабақта алған білімдерін тиянақтау, өз ойларын қорытынды жасай білуге дағдыландыру, оқушылардың әңгімені толық оқып меңгергендерін тексере отырып әңгімедегі кейіпкерлер туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру, жазушының жеткен биігін, шеберлігін таныту.
Дамытушылық: Түрлі тәсілдер арқылы оқушылардың байқағыштық, тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да, ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту, әдеби шығарма идеясын тануға үйрету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Әңгіме идеясы негізінде оқушыларды, туған жерді сүюге, достыққа, адалдыққа, адамгершілкке тәрбиелеу.