Сабақтың тақырыбы : 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы



Дата25.08.2017
өлшемі55,23 Kb.
#26024
түріСабақ
Қазақстан тарихы 11 сынып

Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы

Сабақтың мақсаты: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себептерін, санатын, қозғаушы күштері мен тарихи маңызын білдіру.

а) Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығын, тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық бұлқыныс екендігін оқып біледі.

ә) Оқушылар тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыланды. Өзіндік ізденіс арқылы бір-біріне тақырып бойынша қызықты мәліметтер береді.

б) бір-бірінің пікірін силауға, елін, жерін сүюге тәрбиеленеді.



Сабақтың көрнекілігі: Карта, баспасөз материалдары

Сабақ әдісі: ББҰ, пікір алысу, жабық тест, тұлғаны тану

Пән аралық байланыс: әдебиет, КСРО тарихы, ән-әуез

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп, ынтасын сабаққа бұру.

Сабақта негізгі ой толғаушылар:

1 топ тарихшылар

2 топ Зерттеушілер

3 топ Өнерлілер

4 топ Екі сарапшы оқушы

Сабаққа оқушылар алдын ала дайындықпен келеді. Сынып бұрышында қосымша баспасөз беттеріне шыққан материалдар мен желтоқсан оқиғасы туралы шыққан кітаптар қойылған. Оқушы осы дидактикалық материалдардың көбісімен дайындалды.

ІІ жаңа сабақ. Мұғалімнің алғашқы сөзі.


  • Оқушылар 1986 жылы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасы туралы не білдік және не білгіміз келеді, бір-бірімізден үйренеміз осы жөнінде мәліметтерімізді дәптерімізге кесте сызу арқылы жазайық. Иксерт стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім









Тапсырманы орындап болғанша өнершілер тобынан Темірова Гүларша ақын М.Шахановтың «Төрт жыл кешкен шындық» өлеңін оқиды.

Желтоқсан оқиғасы туралы не білетінін және не білгірлері келетіндігін тыңдап, сабағымызды әрі қарай топпен жұмыс жасауға көшеміз.

І топ Өнершілер. Бір топ оқушы «Менің елім-Қазақстаным» әнін айтып, қолдарында «Ленин идеясы жасасын», «Ешбір ұлтқа, ешбір тілге артықшылық берілмесін», «Әр халықтың өз көсемі болсын» деген ұрандар көтеріп шығып – Біз орталықтың шешіміне қарсымыз, - Бізге Қонаевтың өзі шығып сөзі сөйлесін, - Елімізді қазақ басшысы немесе елімізден шыққан орыс басқарсын. т.б. ұрандарды айтады. Осы кезде қолдарына дубинка ұстаған әскери адамдар келіп – Тараңдар, кетіңдер ... – деп ұрып саға бастайды.

Қалған топтағы оқушылар үзінді қойылымға қарай отырып Желтоқсан оқиғасының барысын айта бастайды.

ІІ топ. Тарихшылар. Оқиғаның болу себептері, сылтауы, қозғаушы күші, сипаты тарихи маңыздылығын айтып өтеді. Бұл топтағы Бекжанов А өз әкесінің осы оқиғаға қатысқанын оның жолдастары туралы қызықты әңгімелер айтып береді.

ІІІ топ Зерттеушілер. Бірінші кезекте оқиғаның дұрыс баға алмағанын, оқиға қатысушылар жөніндегі цифрлық көрсеткіштердің дұрыс көрсетілмеуі, жазалау шараларының өте қатаң, заңға қайшы жүргізілуі т.б. шындық тұстары айқын зерттеліп айтылады.

«Тұлғаны таны» ойыны 1. Қайрат Рысқұлбеков, 2. Колбин 3. А.В.Власов. 4. М.Шаханов 5. Кәден ағай 6. Дархан ағай

Сұрақтары: 1. Мен тірімін бе? 2. желтоқсан оқиғасына қатыстым ба? 3. Мен әйел әлде еркекпін бе? 4. Менде қандай ерекше қасиеттер бар? 5. Мамандығым т.б. сұрақтарды қою арқылы тұлғаны таниды.

\/. Кесте толтыру. сабақты кестені толтыру арқылы бекітемін




1. Оқиғаның уақыты болған жері




2. Оқиғаға сылтау




3. Оқиғаның себебтері




4. Сипаты




5. Қозғаушы күші




6. Тарихи маңызы




7. Салдары



2 сарапшы желтоқсан оқиғасының түйінін оқып береді.


І\/ Тест сұрақтары бойынша сабақты қорытындылаймын. Өзін-өзі тексеріп баға қою үшін жабық тест беремін.

Тест сұрақтары (жабық тест)

1. Н.Назарбаев «1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауақа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» қашан жарлық шығарды? 1991 ж 12 желтоқсан

2. 1986 ж 17-18 желтоқсандағы Алматыдағы оқиғаның сипаты қандай болды? Шеру бейбіт және саяси сипаттама болды.

3. Желтоқсан оқиғасы басталуының сылтауы Жауабы: Г.В.Колбиннің республикалық жоғары басшылығына тағайындалуы.

4. Желтоқсан оқиғасының болу себебі: Жауабы: 1. Орталықтың өктемдік әрекеті мен қайта құру жарияланған деморатиялық ұстанымдар арасындағы қарама-қайшылықтар.

5. КСРО-ның 8 қаласынан Алматыға Ішкі істер министірлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдап, заң бұзушылыққа жол берген КОКП ішкі істер министірі кім? Жауабы: А.В.Власоы

6. Қанша адам ұсталып, қала сыртына әкетілді. Жауабы: 8,5 мыңнан астам адам.

7. Қанша адам айыпталды? Жауабы : 99

8. 1996 жылғы 9 желтоқсанда кімге «Халық қаһарманы» атағы берілді. Жауабы: Қайрат Рысқұлбеков

9. 1989 жылғы мамыр – маусым КСРО халық депутаттарының І съезінде кім желтоқсан оқиғасының әділ бағасын беруді талап етті? Жауабы: М.Шаханов

10. Демократиялық жаңару негізгі қорғаушы күші. Жауабы: 17 желтоқсан

11. Желтоқсан оқиғасының негізгі қорғаушы күші. Жауабы: қазақ жастары мен студенттер

12. желтоқсан толқуының тарихи маңызы Жауабы: қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты.

Терминдік сөздер

Пленум – қандай да бір ұйымның сайланып-қойылған басшылық органы мүшелерінің толық құрамында өткізетін жиналыс


Мәңгүрт-өз анасы, өз жері, өз туыстары мен жақындары күшпен жадынан шығарған, яғни өзінің туыстық тамырларын ұмытқан адам. Ұлтшылдық-ұлтты қоғамдық бірліктің жоғарғы формасы ретінде қарастыратын идеология мен саясат.
Ұлт державалар шовинизм-үстамдік етуші ұлт өкілдері ұлтшылдығының асқынған формасы, көп ұлтты мемлекеттерде үстем ұлттың басқа халықтарды езіп, жаныштауынан, кәсіпшілдікпен көрінеді.
\/. Үйге тапсырма: 1) 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. (мәтінді оқып келу) 2. тақырыпты одан әрі зерттеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Алматы 1986 желтоқсан» Алматы 1991 жыл

2. «Желтоқсан құрбандарын жоқтау» Алматы «Жалын» 1992 ж

3. Коммунар Табей «Қайсар рухты қазақ» Алматы 1994 ж

4. М.Садықұлы «Желтоқсан жұмбағы» Егемен Қазақстан» 25 шілде 2001 ж

5. Ө.Жолдасбеков «Егемендік жолындағы арпалыс» Қазақстан тарихы №11 2005

6. Н.Сабильянов «Дәл біздердей ұл қыздары бар елдің». Ешқашанда жығылмайды жалауы! Егемен Қазақстан 4.12.2001 ж

7. А.Әбдіраманұлы «Шеру осылау ұйымдастырылды» Егемен Қазақстан 13.12.2001 ж

8. «Желтоқсан оқиғасы» Жалын 06.1992 ж

9. Б.Аяған – тегі «Азаттық анатомиясы» Егемен Қазақстан 14.12.2001 ж



10. Қайыш – Мұнар Табаев «Бір алаңнан шығатын кез жетті, бұл-бүкіл қазақтың Желтоқсаны» Егемен Қазақстан №221 2006 ж

11. «Желтоқсан тәуелсіздік бастауы» Егемен Қазақстан 15.09.2006 ж т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет