Сабақтың тақырыбы: § 23. Қазақ халқының наным-сенімдері. Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі45,69 Kb.
#28409
түріСабақ
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 23. Қазақ халқының наным-сенімдері.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларды Қазақ халқының бұрынғы кездегі наным-сенімдерімен, дінімен, жалпы рухани мәдениетімен және ерте кездегі наным-сенім түрлерінің пайда болу тарихымен танысу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: баяндау

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: «Қағбаның» суреті, карта, т.б.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын қайталау.

Үй жұмысын «Қазақ халқының музыка өнері» тақырыбын

Араб грамотасы бойынша тексеремін.




Сөздер

1

Мзлр нр- музалар өнері

2

Дмбр- домбыра

3

Кй-күй

4

Қрқт-қорқыт

5

Аснқйғ - асанқайғы

6

Тттмбт Қзнғпл- Тәттімбет Қазанғапұлы

7

Ықлс Дкнл- Ықылас Дүкенұлы

8

Қрмнғз Сғрбйл- Құрманғазы Сағырбайұлы

9

Қбз- қобыз

10

Жрйқ – жерұйық

III. Жаңа сабақ.

Жаңадан өтілетін сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын- ала тақтаға жазылады.

Сабақ жоспары:

1. Қазақ жеріндегі тайпалардың діни наным- сенімдері.

2. Қазақтардың діни наным- сенімдері.

3. Қазақ халықтарының салт- дәстүрлері



Миға шабуыл. Дінге байланысты суреттер іліп қоямын.

1.Алдымен тақтаға «Дін» деп жазып бұл туралы оқушылардың не ойлайтындарын дәптер бетіне бір-екі сөйлеммен түсіруді тапсырамын.Содан оқушыларға жазғандарын оқытып, олардың ішінен кейбіреуін бір сөзбен тақтаға жазып қоямын. Оқушылардың жазғандарына шолу жасай отыра жаңа сабақты түсіндіріп етемін.Сонымен дін адам баласының жаратушыға табынуы, оған деген нанымы болып табылады. Алғашкы діни түсініктер ерте заманда, яғни тас дөуірінде пайда болған.

Ол кездің бір қызығы адамдар жаратушыны ағаштан немесе тастан ойып жасаған. Оны түл деп атайды.

Постер жасау.


  • Сақ тайпалары күнге, соғыс құдайына. отқа табынған. Қаңлы тайпалары табиғат күштеріне, аспан денелеріне, ата- баба рухына сиынды. үйсіндер адамдарды заттарымен қоса көмген. Түркі тайпалары аспан әлеміне, көк тәңірге сенген. Ұмай ана, текті ана, от ана. Ежелгі түркі халқының діни нанымының негізі Тәңірге табыну. Тәңірді түркілер Көк деп білген. Көктен кейінгі сыйынатын күш отбасы мен балалардың қорғаушысы Ұмай құдай-ана, яғни Бай ана болып есептелген.

2.Ерте кезде қазақ халқында да түрлі наным-сенімдер орын алған. Жуан. Жіңішке сұрақтар.

Араб шапқыншылығынан кейін қазақ жеріне ислам, христиан, будда, зороастризм діндері тараған. Қазақстан жеріндегі алғашқы жүйелі діни наным -Заратуштралық. Оның негізін б.з.б. II ғасырда (3500 жылдай бұрын) алғашқы діни-философиялық ағымды таратушы Заратуштра (Зәрдүш) қалаған. Бұл діндегі жоғары құдай - Ахурамазда. Қасиетті кітабы - «Авеста». Бұл дінді алғаш рет сол кездері Қазақстан жерін мекендеген тайпа арийлер қабылдаған.



Ислам – әлемде ең көп тараған дін. Мойынсұну, бағыну деген мағынаны білдіреді.

3.Қазақ халқының салт- дәстүрі.

Салт-дәстүр дегеніміз өте ерте кезден осы күнге дейін халықтың өмірі мен тұрсысында сақталып, ұрпақтан- ұрпаққа ұмытылмай жалғасып келе жатқан үлгілі істер.

  1. Үлкенді сыйлау

  2. Қонақжайлық 3. Асар

Мұнда бағыт бере отырып, көбінесе оқушыларды сөйлетемін.

Қорытынды кезең:

Сабақты бекіту максатында Альтернативті тест пайдаланамын.

  1. Сақтар күнге, отқа соғыс құдайына табынды.

  2. Б.з.б VІІ-V ғасырлардағы Сырдария өңірінде мәйітті өрлеу салты болған.

  3. Қаңлы тайпалары ата- баба рухына табынбады. жоқ

  4. Үйсіндер адамдарды заттарымен қоса жерлемеген. жоқ

  5. Түркілер отты «От Ана» деп қасиет тұтқан.

  6. Ислам әлемде ең аз тараған дін. жоқ




  1. Ислам сөзі бейбітшілік деген ұғымды білдіреді.

  2. Құран Кәрім орыс тілінде жазылған. жоқ

  3. Қонақжайлылық- келген қонақты құрметпен қарсы алып, сыйлап күту.

  4. Асар- казақ арасында ертеден келе жатқан ойын. жоқ

Бағалау:

Үй тапсырмасы:§ 23. Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет