Сабақтың тақырыбы: § 27. Тың игеру Сабақтың мақсаты



Дата04.08.2017
өлшемі51,98 Kb.
#22933
түріСабақ
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 27. Тың игеру

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игеру, оның негізгі ерекшеліктері жайында жалпы мағлұмат беру, тың игерудің тарихи маңызын, нәтижесі мен салдарын түсіну.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: баяндау

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы, тың игеру көрінісінің суреттері.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болғаннан кейін үй тапсырмасын сұрауға кірісемін.

Жуан, жіңішке сұрақтар:


  • Фашистік Германияның КСРО-ға соғыс ашу жоспары (Барбаросса.)

  • Ұлы Отан соғысы басталған уақыт (1945 жылы 22-маусым).

  • Фашистік Германия КСРО-ны неше айдың ішінде басып алуды көздеді? (3-4 айдың ішінде).

  • Қазақстанда құрылған, Мәскеуді қорғауға қатысқан әйгілі дивизия (316-шы дивизия).

  • Ленинградты қорғауда кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен батыр (Сұлтан Баймағамбетов).

  • Невель қаласы үшін болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан батыр қыз (Мәншүк Мәметова).

  • КСРО-ның екі мәрте батыры, ұшқыш (Талғат Бигелдинов).

  • Ұлы Отан соғысында қаза тапкан КСРО азаматтарының саны (27 миллион) т.б.

  • Ұлы Отан соғысының әлем тарихында және Қазақстан тарихында алатын орны.

  • Ұлы жеңістің тарихи маңызы.

  • Соғыс зардабы.

Оқушылардың жауабын тыңдаған соң, өткен тақырыптарға шолу жасап үй тапсырмасын қорытындылап шығамын да жаңа сабаққа кірісемін.

III. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбымен, жоспарымен және мақсатымен оқушыларды таныстырып өтемін.

Тақырыптың негізгі жоспары:

1. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

2. Тың жерлерді игерудің нәтижесі.

Біздің еліміз осындай ірі астықты республика дәрежесіне қалай жетті? Оқушылар бұл сұраққа өз білгендерінше жауап береді.

Соғыстан кейінгі жылдары КСРО-ның ауыл шаруашылығы өте төмен дәрежеде болды. Коммунистік партияның алдында азық-түлік мәселесін тезірек шешу міндеті тұрды. 1954 жылы компартия «Тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы шешім қабылдады. Жаңадан игерілуге тиіс тың жерлердің басым бөлігі Қазақстанда орналасты.

Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстар.



Алғашқы жылы Қазақстанда 6,5 мың га жер жыртылды. Ал тың игеру жылдары Қазақстанда барлығы 25 мың га жер жыртылған екен. Тың игеру үшін одақтас республикалардан көптеген адамдар келді. Олар мемлекет тарапынан көмек алып Қазақстан жерінде қалып қойды.

Мәтінмен жұмыс.

Параграфты оқушылармен бірге оқып шығып, төмендегі кестені толтырамын. Домино




1

1950 жылы республикамызда

3696 колхоз құрылды

2

Тың жер

Өмірі жылтылмай бос жатқан жер

3

Тыңайған жер

Кезінде егін өсірілген, бірақ көптен бері ол да бос жатқан жер

4

1954 жылы

Тың жерлерді игеру басталды

5


Республиканың тың игеретін

аудандары



Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстары

6

Шеттен 600 мыңнан астам

Жұмысшы мен механизаторлар көшіп келді

7

Довжик Михаил Егорович

Запорожьеден Торғай облысының Ярославский совхозына тың игеруге келді

8

Дөненбаева Кәмшат Байғазықызы

1961 жылдан бастап Харьковский совхозында тракторшы болды

9

Тың игерушілерден 272 адам

Социалистік Еңбек Ері атағын алды

10

Тың игерілген жерлерде

15 жаңа қала, 86 кент салынды




Тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесі

Жағымды (пайдасы)

Жағымсыз (зияны)







Тың игерудің пайдасы мен зиянын салыстыра отырып кестені толтырып шығамыз.

Қорытынды кезең

Сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын:

1. Тың және тыңайған жерлерді игерудегі басты мақсат не болды?

2. Неліктен тыңайған жерлерді игеру көбінесе Қазақстанда жүргізілді?

3. Тың жерлерді игерудің пайдасын айт.

4. Тың жерлерді игеру мал шаруашылығының дамуына неліктен кері әсер етті?

5. Тың жерлерді игерудің экологияға тигізт ең зардабы қандай болды?

6. Тың жерлерді игеру қазақ халқының ұлттык ерекшелігіне қандай зиян тигізді?

7. Тың игерудің тарихи маңызы?

8. Тың жерлерді игеру неліктен солтүстік және орталық облыстарда жүргізілді деп ойлайсың?



Оқушылардың берген жауабын басқа оқушыға толықтыртып отырамын. Барлық сұраққа жауап алғаннан кейін басты мәселелерге тоқтала отырып өткен сабақты қорытындылаймын.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: § 27. мазмұндау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет