Сабақтың тақырыбы : Етістік
Сабақтың тақырыбы :
А) Білімділігі : Оқушыларға сөйлем
Ішінен етістікті табу арқылы , сұрақ
Қоюға үйрету.
Ә) Дамытушылығы : Сөз таптарын
Ажырата білуін , сөйлем ішінің
Мәнін терең ұғып , мағынасын аша
Білуге оқушылардың ойлау
Қабілетін, тілін дамыту.
Б) Тәрбиелігі: Оқушылардың
Логикалық ойлау сезімін оятып ,
Еңбексүйгіштікке, кішіпейілдікке,
Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі :
Түсіндіру, ойын ашық айту, жарыс
Сабақтың түрі:
Саяхат сабақ
Пәнаралық байланыс:
әдебиет, дүниетану т.б.
Көрнекі құралдар:
Үлестірмелі қима қағаздар, ереже
Жазылған плакат, саяхатқа шығу
Үшін сызылған суреттер, «Мақта қыз
Бен мысық ертегісі үшін киінген оқушылар , домбыра.
Сабақтың барысы;
1.Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу ( гимн)
2. Оқушылардың сабаққа
Дайындығын тексеру.
Үйге тапсырманы сұрау.
2Жаңа сабақ :
Балалар, бүгінгі сабағымыз саяхат түрінде өтеді . Жеті ата ауылына саяхат жасаймыз. Мұнда әр бір ауылға сабақта берілген тапсырмаларды орындай отырып жетіп барамыз .
Қазақта жеті атасын білмеген жетесіз, я болмаса қазақ емес деп атап кеткен.
Кәне, кім маған жеті атасын айтып береді?
Ал, балалар енді мына менің қолымдағы не?
Зат яғни бұл домбыра.
Бұл заттың атауы домбыра. Не? Деген сұраққа жауап береді.
Менің қолымда қанша домбыра?
Бір домбыра . Заттың қанша екенін білдіріп тұр. Бұл сан есім болады. Қанша? Деген сұраққа жауап береді. Ал, енді мен домбырада не істеп тұрмын? Шертіп, ойнап тұрмын. Яғни, қимыл - әрекет жасап тұрмыз. Қимыл , іс- әрекетті білдіретін қайсы сөз табы еді?
Етістік. Бүгінгі өтетін сабағымыз етістік.
Демек, заттың қимылын , іс-әрекетін білдіретін сөз табын етістік дейміз.Етістік не қылды? Не істеді? Қайтты? Қайтеді? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Кітап оқыды. Кітап оқып отыр.
Етістіктер құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара етістік бір ғана сөзден тұрады, күрделі етістік екі немесе одан артық сөздерден құралады.
2. Оқушылар дәптерлеріне ережені көшіріп жазады. Әр түрлі суреттер таратамын. Осы суреттер бойынша етістікті қатыстырып, сөйлем құрастырғызамын.
Аю қыс бойы ұйықтайды. Айнұр, Гүлнұр аулада доп ойнады. Мен ауылдан тауықтың балапандарын алып келдім.
Қайрат бауда алма жұлып жатыр.
Сергіту сәті.
Кәне қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып- ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Балалар, ендігі кезекті «Кім шапшаң» ойынына берейік.
1 топ дара етістіктерді плакатқа іледі.
2 топ күрделі етістіктерді іледі.
Ендігі кезекті ертегілер әлеміне берсек?
-Балалар, сендер әдебиет пәнінен қандай ертегілер үйрендіңдер?
-Қазір, қайсы ертегіні қойып бере аласыңдар?
-Мақта қыз бен мысық. Отырған оқушылар дәптерлеріне ертегі ішіндегі етістіктерді тауып жазады.
-Өте жақсы . Бұл ертегіні сендер қаншалықты меңгергендерің байқалып тұр.
-Ертегінің негізгі мазмұны не туралы?
- Еңбек . Еңбек туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?
Енді балалар , сөздік жұмыс жүргіземіз.
Отырды, босады, айтты, шақырып отыр, төгілді, көркейді, сәнденді, күтеді, жасайды, күрейді, тұрады, тебеді, үйеді, көркейді.
Міне, балалар туажат ауылына жетіп келдік. Осымен сабағымыз да аяқталды.
Үйге тапсырма;
Етістіктер қатысқан мақалдар жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |