Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбаев



Дата16.12.2016
өлшемі79,25 Kb.
#4017
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық –тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру. 2. Дамытушылық. Поэманы талдай білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, өз ойын тұжырымдауға, топтастарының ой-пікірлерін тыңдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге үйрету.3.Тәрбиелік. Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, танып белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.Білім алушының даралық мүмкіндіктерін шығармашылыққа тапсырмалар арқылы көрсету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шешендікке баулу.



Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Шығармашылық, тест, ізденіс сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, интербелсенді тақта, слайд, үлестірмелі қима қағаздар, бағалау парағы, суреттер топтамасы.

Қолданылатын технология: СТО-технологиясы ақпараттық- коммуникациялық, модульдік оқу технологиясы.



  1. Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.(психологиялық дайындық)

I топ. Еңсе тіктеп, қазағым, елдігім,

Тәуелсізбін деп айтатын келді күн.

Бүкіл қазақ жасай алмай жүр қазір

Бір Абайдың жасап кеткен ерлігін

Ақыл нұры шуақ болып шашырап,

Ой толғапты Қарауылда жатып-ақ .

Бүкіл елдің бақытыны айналды.

Ұлы Абайдың басындағы осы бақ.

II топ.

Қара сөзі, қара өлеңі –қарымды



Толғады Абай мұңым менен зарымды.

Абай сынды дана туған халықтың

Ұл-қызы да болу керек дарынды.

Абай рухы-туған тілдің тірегі,

Абай рухы-қазағымның жүрегі.

Жыр маржаны жүрегімді толқытып,

Намысымды қамшылайды үнемі.

III топ.


Таңдамалы тәтті тіл –Абай тілі,

Ақынға-дос, жаныңа тиер жылы

Шымырлатып денеңді, сүйсіндіріп

Шертіледі жүректің нәзік қылы.

Әсіресе, Абайдың ақындығы-

Таңдамалы сөзінің татымдығы

Ақындарға көп үлгі-шеберлігі,

Міне, бізге Абайдың жақындығы!

IV топ.

Ақынның ата-қоныс жері қандай?



Ата-баба, әулеті, тегі қандай?

Ақынды тебіреткен, күңіреткен

Ұшқан ұя-ортасы, елі қандай?

Рахмет дей отырып:

Абайдың сөзінде,

Ұлылық ұйып тұр.

Ойлы, ақыл, сезімге

Бар қазақ сыйып тұр.

Ал, құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымыздың бет-пердесін ашайық.

Оқушы: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып,ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм, құла қырды,

Өленнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешекке,

Бізбенен осы күнге тілдескен кім?



Мұғалім: Ия, балалар бұл Абай атамызға арналған бұл өлең жолдары. Олай болса Абайдың өмірімен шығармашылығы жайлы оқу, «Ескендір» поэмасынан үзінділер жаттау үйге берілген тапсырма. Біз төрт топпен жұмыс жүргіземіз. Әр топ өздерін таныстырсын

I топ. «Бәйтерек»

Бәйтерек тобы алға,

Биіктерге самға

Достарымыз барда

Жүреміз тек алда.

II топ. «Домбыра»

Майысып қос шегінен күй өткенде

Ой туар жүрек түгіл, сүйектенде

Домбырам-қайран менің, қайран менің,

Ризамын, сені маған, сый еткенге.

III топ «Ақбота» Ақбота.

Жақсылыққа жақ бота.

Білім қуған баламыз

Ұстаздарды мақтатар

Қалмай өте шығамыз.

IV топ «Арғымақ»

Талпынамыз алға деп,

Топтын аты арғымақ.

Желдей жүйрік самғаймыз

Жүзден жүйрік арғымақ.



II «Жүйрік болсаң -шауып көр»

Үй тапсырмасы бойынша сіздер мына Нар түйеден сұрақтары бар конверт аласыздар.(Топ мүшелерін топбасылары бағалап отырады.) (Білімді бағалау парағы әр топта бар.)



III «Шешен болсаң-айтып көр»

1 Жаңа сабақ.

«Ескендір» поэмасы-Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі,ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы.Поэманың басты кейіпкері Ескендір Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса,Еуропаға Александр Мокедонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне,жырларға кейіпкер болған патша.Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ал,Абай «Ескендір»дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып өзінше жырлайды.Абайдың бұл шығармасы романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А.Жуковский түп нұсқасына ұқсас келеді.



2.«Автор орындығы» стратегиясы.

«Ескендір» поэмасын жатқа айту .



3.Өсиет өлең оқылады .

Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,

Мұны бір өзге сөздің бірі деме.

Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін

Тоймас көзің толар деп қайғы жеме

Қу өмір, жолдас болмас, әлі-ақ кетер,

Өз күлкіңе өзің қарқ болма бекер.

Ұятың мен арыңды малға сатып,

Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.

Мақтанасын біреуге мақтанасын деп,

Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,

Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар.

Ант ұрғаннан құдайым сақтасын деп.

Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,

Ойыңа өлшеп сөйлесең нең құрайды?

Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,

Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?

IV «Талдаңыз» «Ескендір» поэмасына талдау жасау.

Авторы:Абай Құнанбаев

Шығарманың аты: «Ескендір» поэмасы

Тақырыбы: Адамгершілік, қанағат тұту.

Идеясы: Қанағат пен жауыздықты әшкерелеу, әділет пен даналықты дәріптеу.

Жанры: Эпикалық (поэма)

Ұйқас: Қара өлең (а а б а)

Шумақ: 42

Тармақ: 4

Буын: 3

Түйінді ой: Абай бұл шығармасында адам бойындағы жаман қасиеттерді әшкерлейді. Ол өз өлеңінде де өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, бес дұшпанын деп атап көрсеткен болатын.

4.«Ескендір» поэмасының негізгі идеясы?

А) Өнер-білімге шақыру Ә) Күреске шақыру

Б) Тойымсыздықты тыю.

5. Абай «Шегіртке мен құмырсқаны» кімнен аударды?

А) Крылов Ә)Пушкин Б)Лермонтов



6. Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударды?

А)23 Ә)28 Б)27



V « Мықты болсаң-ойлап көр» -зерттеңіз.

1.Абай «Ескендір» поэмасын шығыс поэзиясын сүйеніп жазды-деген пікірді қалай түсінесіздер?

2. «Ескендір» дастаны тек шығыс поэзиясына ғана сүйеніп жазылған ба?

VI. «Ойлы болса-озып көр» білімді бекіту.

Тест тапсырмалары.

1 . Ескендір патшаның жасын көрсет.

А)43 Ә)32 Б)21

2. Ескендірдің әкесінің есімін тап

А) Филипп Ә) Македония Б) Аристотель

3. Абайдың аяқталмаған поэмасын көрсет

А) «Ескендір» Ә) «Әзім әңгімесі»

Б) «Масғұт»



VII . «Жүйрік болсаң-шауып көр»

Топ басшыларына тапсырма.

«Екі түрлі түсіндірме күнделігі» стратегиясы.

Мәтіннен үзінді


Ой-тұжырым мазмұнға сәйкес мақал-мәтел .


1 . Долдықпен хан Ескендір ашуланды. Ашуланып қақпаға жетіп барды.





2 . Қанша алтынды күміспен салсадағы, бір кішкентай сүйекті аудармады.






3 . Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді, өз бағанды өзіңнен кім сұрайды?




4 . Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,

Толмас көзің толар деп қайғы жеме.








VIII қорытындылау. Кері байланыс парағын толтыру.

1 . Сабақтан қандай әсер алдыңыз?

2 . Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?

3 . Қай тапсырма орындауда қызықты болды?

4 . Біліміңізді қай тапсырманы орындағанда толық жеткізе алдыңыз?

Абай «Ескендір» поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса, біз оны поэмамен танысып, талдау барысында бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинадық?

1 . Пендешіліктен арылуға

2 . Иманды болуға

3 . Арлы болуға

4 . Қанағат етуге

5 . Ашкөзділіктен сақтануға

6 . Ойланып іс жасауға

7. Күлкіге қалмауға



IX Үй тапсырмасы

Мұғалім: Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кеменгер Мұхтар Әуезов: « Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен.

Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын.Сол себепті оқудан білімге құштарлықтан, ізденуден жалықпайық дей отырып, үй тапсырмасын ұсынамын:



1 . «Тойымсыздық сыры неде?» (ойтолғау жазу)

X. Білімді бағалау парағын жинап аламыз.
Каталог: 1C89D7129334ACF8
1C89D7129334ACF8 -> Сабақ 2А сынып Өткізген: Омарова Н.Қ. 2014-2015 оқу жылы
1C89D7129334ACF8 -> Сыныптар: 7 8 өткізген: шакиров А. б
1C89D7129334ACF8 -> План проведения декады предметов естественно-математического цикла
1C89D7129334ACF8 -> Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша онкүндік іс-шаралар 09. 02-19. 02. 2015ж аралығында
1C89D7129334ACF8 -> План проведения предметной декады мо естественно-математического цикла по Жалгизкудукской сш №24 на 2014-2015уч г
1C89D7129334ACF8 -> Бекітемін: №24 ом директоры А. Сүлейменова
1C89D7129334ACF8 -> Сценарий к празднику Наурыз
1C89D7129334ACF8 -> 1 Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы
1C89D7129334ACF8 -> 1-жүргізуші: Дархан; 2-Жүргізуші: Еркеназ 1-жүргізуші
1C89D7129334ACF8 -> Алаш қОЗҒалысына 100 жыл!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет