Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбаев



бет1/2
Дата15.12.2016
өлшемі0,96 Mb.
#4000
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың жабдығы:  интербелсенді тақта, слайд

Сабақ мақсаты:
Білімділік:
 Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Дамытушылық : Поэманы талдай білуге  төселдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, өз ойын тұжырымдауға, топтастарының ой- пікірлерін тыңдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік:  Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде  оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу. Білім алушының даралық мүмкіндіктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы көрсету, сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру, шешендікке баулу.

САБАҚ БАРЫСЫ: 
І.Ұйымдастыру кезеңі:
 
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып кейінгіге қадырған кім?
Ерте оянып, ойланып ,ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен  кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?
 
ІІ.Білімді бақылау кезеңі: «Кім» сұрағына жауап алу.
Оқытушы: Иә, балалар бұл Абай атамызға арналған өлең жолдары. Олай болса, осы ойларыңызға қандай дәлел айтар едіңіздер?

ІІІ.Жаңа сабақты  меңгеру кезеңі:

 Кіріспе сөз. Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.Ақын шығармалары  осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.

Бүгінгі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында өткізілгелі отырған ашық сабағымыздың тақырыбы –  Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. Мақсаты: шығарманың  идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсіну, ақынның образ жасау шеберлігін ұғыну, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдылану.
Екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз.

Поэма мәтінін үйде оқып келген болатынсыздар.


«Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами –  «Ескедір-нама»  дастанында,  Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында»  жазып,  Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы  неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді.


IV. Бекіту кезеңі:

1. «Ой шақыру» стратегиясы бойынша төмендегі сұрақтарға жауап берейік.

1)Поэма дегеніміз не? Поэма (грек. – «туынды») – орта көлемді эпикалық түрге жататын, өмірде болған не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр.

2)Абайдың қандай поэмалары бар?   (Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі)

«Ескендір» поэмасына талдау жасау.

1. Авторы: А.Құнанбайұлы                                                                                              

2.Тақырыбы:

Идеясы: Қанағат пен жауыздықты әшкерелеу, әділет пен даналықты дәріптеу.


Жанры:  эпикалық (поэма)
Ұйқас:    қара өлең (ааба)
Шумақ:  42
Тармақ:  4
Буын:     11, 12
Бунақ:    3

Түйінді ой: Абай бұл шығармасында адам бойындағы жаман қасиеттерді әшкерелейді.


«Автор орындығы» стратегиясы.

І топ. 1.Өсиет (ақыл сөз) – қандай сөздер еді?



2. Поэмадан өсиет өлеңді тауып, автор орындығына отырып, мәнеріне келтіріп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз.


Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,

Мұны бір өзге сөздің бірі деме.

Қарның тойса,қайғырма мақтан үшін,

Тоймас көзің толар деп қайғы жеме.

Қу өмір, жолдас болмас,әлі-ақ кетер,

Өз күлкіңе өзің қарқ болма бекер.

Ұятың мен арыңды малға сатып,

Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.

Мақтанасың біреуге мақтасын деп,

Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,

Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,

Ант ұрғаннан құдайым сақтасын деп.

Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,

Ойыңа өлшеп сөйлесең нең құрайды?

Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,

Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?

ІІ топ. 4-тапсырма. «Екі түрлі түсіндірме күнделігі» стратегиясы


Мәтіннен үзінді

Ой-тұжырым  мазмұнға сәйкес

мақал- мәтел



Долдықпен  хан  Ескендір ашуланды,

Ашуланып қақпаға жетіп барды.



Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос

 


Қанша алтынды күміспен салсадағы,

Бір кішкентай сүйекті аудармады



Арпа -бидай ас екен,

Алтын –күміс тас екен



Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді ,

Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?



Жақсының жақсылығын айт нұры  тасысын! Жақсы ай мен күндей, Баршаға бірдей.

Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,

Толмас көзің толар деп қайғы жеме



Қанағат – қарын тойғызады,

Қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызады.

Өзі тойғанымен, көзі тоймас.



Каталог: 9068657CBCCF76F2
9068657CBCCF76F2 -> Мақсаты: Білім беретін ортаның тәрбиеге үйретудің және денсаулықты сақтап, дамытуына жағдай жасау. Міндеті
9068657CBCCF76F2 -> Сабақтың тақырыбы : «Тұмаудың алдын алу»
9068657CBCCF76F2 -> Раздольный орта мектебінің І жартыжылдық оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы. 2015-2016 оқу жылы
9068657CBCCF76F2 -> Мектептің мәселесі: «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны оқу тәрбие үрдісінде қаллыпт астыру»
9068657CBCCF76F2 -> Мектеп психолог қызметінің 2015-2016 оқу жылының жарты жылдық есебі Раздольный орта мектебі мектеп психологы Ахметжанова Замзагуль Талгатовна
9068657CBCCF76F2 -> Раздольный орта мектебі Гуманитарлық әдістеме бірлестігінің


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет