Сабақтың тақырыбы : Алкендер



Дата21.04.2017
өлшемі45,76 Kb.
#14325
түріСабақ
Атырау қаласы

32 орта мектебінің



химия пәнінің мұғалімі

Ақпанбетова Зухра Тұяқбайқызы

11-сынып



Сабақтың тақырыбы: Алкендер
Сабақтың мақсаты: Қаныкпаған көмірсутектер – этилен мысалында алкендердің алыну жолдарын, химиялық қасиеттері және қолданылуын үйрену.
Сабақтың міндеттері:

Білімділігі- оқушылардың алкендерді алу жолдары, химиялық реакциялардың механизмдері мен жүру жағдайлары, алкендердің қолданылуы туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылығы- жаңа және өтілген материалдарды байланыстыра алу жолдарын табу, мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысуы, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетін дамыту.



Тәрбиелілігі- өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және баға беруге тәрбиелеу. сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту

Өту әдісі:топқа бөліп оқыту, зертханалық жұмыс, өздік жұмыс

Құралдар мен реактивтер:

оқушы партасында: ТҚ ережесі, оқушылардың өзін бағалау парағы , штатив , пробирка, газ өткізгіштік трубкасы бар тығын, этил спирт-денатурат, концентрлі күкірт қышқылы, сіріңке, спиртовка, йод ерітіндісі бар пробирка (бром суының имитациясы) және калий перманганаты КМnО4 ерітіндісі бар пробирка.

Демонстрация үшін: Әртүрлі полимеризация дәрежесі бар полиэтиленнің полимерлі коллекциясы , тефлоннан жасалған зат, полипропилен, поливинилхлорид; этил спирті, тежегіш сұйықтығы, антифриз, В.В.Марковников портреті.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
III. Жаңа сабақ

FILA кестесін толтыру



Фактілер

Идеялар

Сұрақтар

Іс-әрекет жоспары

Алкендер


Алкендердің гомологтық қатары, изомериясы және номенклатурасы

Маңызы


Қасиеттері

Алынуы


Қолданылуы

Қандай көмірсутектер алкендер деп аталады?

Алкендердің ортақ формуласы қандай?

Алкендердің бірінші гомологтық қатарының структуралық формуласы қандай? Алкандарға қарағанда алкендер табиғатта практика жүзінде неге кездеспейді?

Алкендердің қандай алу жолдары бар? Алкендерді қандай лабораториялық жолмен алуға болады?

Алкендер молекуласының құрамында қанықпаған қос байланыс болуына байланысты қандай химиялық қасиет тән?

Алкендер не үшін қолданылады?





Алкендер туралы оқып-білу.

Гомологтық қатарын құру.

Қасиеттерін сипаттау.

Этиленді алу және оның қасиетімен танысу үшін эксперимент жасау.

Қолданылуын кесте түрінде құру.




Оқушыларды 4-топқа бөліп, ДЖИГСО стратегиясы бойынша әр топқа тапсырма беру.
1-топқа алкендердің гомологтық қатарын бос кестеге толтырып,изомерлену түрлерін жазуды,

.2-топқа алкендердің алынуының реакция теңдеулерін жазып, физикалық қасиеттерін сипаттауды,

3-топқа химиялық қасиеттерінің реакция теңдеулерін жазуды,

4-топқа этиленнен алынатын негізгі өнімдер мен олардың қолданылуы туралы сызбанұсқа құру тапсырылады.



Зертханалық жұмыс

Жаңа сабақты бекіту үшін «Этиленді алу және оның қасиеттері» тақырыбында зертханалық жұмыс жүргізіледі. Ол үшін ең алдымен ҚТ мен концентрлі заттармен, спиртовкамен, шыны ыдыс және ерітінділермен жұмыс жүргізу ережелерін еске түсіру.



З е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Этиленді алу және оның қасиетімен танысу.
Жұмыс мақсаты: этиленді алу және оның қасиеттерін сипаттайтын тәжірибе жасау.
Құралдар мен реактивтер: спиртовка, сіріңке, зертханалық штатив, винт, газөткізгіштік трубкасы бар тығын, пробиркасы бар штатив, фильтр қағазы; этанол, өзен құмы, концентрлі күкірт қышқылы, калий перманганатының ерітіндісі.
Жұмыстың орындалу тәртібі.

1 т а п с ы р м а. Этиленді алу.

Қауіптілік мақсатында алдын ала концентрлі заттармен мұғалім қоспа дайындайды. Ол 2-3 мл этил спирті және 6-9 мл концентрлі күкірт қышқылнан дайындалған. Сұйықтықтың қайнау кезінде атқылауынан құтылу үшін қоспаға өзен құмы қосылады.



Пробирканы газөткізгіштік трубкасы бар тығынмен жауып, штативке бекітеді (сурет 1 қара). Абайлап қыздыр.
2 т а п с ы р м а.Этиленнің химиялық қасиеті.
1. Газөткізгіш трубканың соңын кезекпен калий перманганаты және бром ерітіндісі бар пробиркаға батырады. Калий перманганаты ерітіндісінде қандай өзгеріс болады? Ал бром ерітіндісі бар пробиркада? Этиленнің қанықпаған қасиетіне қорытынды жаса.
2. Газөткізгіштік трубка соңын фильтр қағазымен сүртіңіз, трубканы жоғары қаратып бөлініп жатқан этиленді жақ. Этилен қандай жалынмен жанды? Неге?
Үйге тапсырма: 4.1;4.2 параграфтарды оқу. 6-9-тапсырмаларды орындау.

Бағалау




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет