Сабақтың тақырыбы : Қанжығалы Бөгенбай Сабақтың мақсаты



Дата30.05.2017
өлшемі65,96 Kb.
#17129
түріСабақ
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия

«Ана тілі»

4 «в» сынып

Қалиева Айтолқын Қайсақызы

Сабақтың тақырыбы: Қанжығалы Бөгенбай

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: Оқушыларға елін жаудан қорғағанбатырдың өміріннн сөз ете отырып түсіндіру.

Ә) Дамытушылығы: Сөздік қорларын жаңа сөздермен молайтып дамыту.

Б)Тәрбиелігі: оқушылардың дағдыларын, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: Оқулық парақшамен жұмыс, сауалнамалық тапсырмалар.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Көрнекіліктер:үнтаспа, портреттер, бүктеме, кітаптар.

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі:

II.Өткен сабақты бекіту: Үйге берген тапсырманы тексеру.

1.Мәтінде Абылай хан қай қырынан танылады?

2.Абылай Бекболат бидің ауылына не үшін келіп түсті?

3.Бекболат би Абылай ханға қандай жұмбақ сөздер айтты?

4.Қабанбай батырдың шын аты кім?

5.Қабан аталуы себебі не?



III.Бағалау

IV.Жаңа сабақ

1)Мұғалімнің түсіндірмесі.

Өткен сабақты қорытып жаңа сабаққа түсу.

Оқушылар біз өткен сабақта Абылай хан мен Қаракерей Қабанбай туралы оқыдық.Олардың батыр, елі үшін дұшпандарына қарсы күрескені туралы мағлұмат алдық.Енді бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы-Қанжығалы Бөгенбай.

Қанжығалы Бөгенбай (1690-1775).Қазақ арасында аты әйгілі Бөгенбайлар көп болған.Бұл батырды басқалармен шатастырмас үшін шыққан руының атымен “Қанжығалы” деп қойған. Өз елің шексіз сүйген батыр өмірін халқының азаматтығына, оның келешекте жақсы өмір сүру жолына арнаған.

“Уа, Алатаудай Ақшадан алып тудың Бөгенбай”,-деп Үмбетей жырау айтқан атақты Ақша батырдың баласы. Тәуке ханның тұсында Ақша қазақ халқының 80 мыңдай қолын соңынан ерткен бас батыры, әрі қарулы күшінің қолбасшысы болады.

Бөгенбайдың анасы Сандық баласын көптің көзінен таса ұстаған. Ол өсіп, ойын баласына айналғанда, көйлегі мен шалбарын қоса тігіп кигізеді екен.Бұл баласының алысып-жұлысып ойнап, қызған кезде көйлегін шашып тастамауына жасаған шарасы. Өйткені Бөгенбайдың желкесінен құйымшағына дейін созылған жал сияқты түгі болған. Анасының көзден сақтағысы келгені осы өзгешелігі болса керек.

Ақша батырдың балаларын тәрбиелеуді өзінің көмекшісі Жанайдарға тапсырады. Ол балалардың әкесінің нұсқауымен алдымен оларға ат ойындарын үйретеді.Балалардың тақымдары қатайып, “ат құлағында” ойнайтындай болады. Одан әрі ат үстінде қылыш, найза, қалқан қолдануды, садақ тартуды үйретеді.

Ақша батыр Бөгенбайды Ташкент қаласындағы сарбаздар мектебіне оқуға береді. Ол бірнеше жыл оқып, елге 23 жасында оралады....

Бөгенбай қазақ жерін қорғау үшін 18- ғасырда болған шайқастардың біразына қатысады. Ол 1708 жылы 30 мың жасаққа қолбасшы болып, қазақ елінің берекесін алып, құтын қашырған қазақ-орыстарды талқандап, Еділден әрі асырып тастайды. Ақырында жоңғарларды-Түкістан, Сауран қалаларынан, тіпті Жоңғар Алатауынан да әрі қуады.

Жоңғарларды қазақ жерінен біржола қуу мақсатында Бөгенбай Төле бимен қосылып, “1730 жылдың көктемінде Арғанатыға жинал” деген ұран тастады. Көктемде үш жүзден 40 мың қол жинады. Әскер Қанжығалы Бөгенбай батыр сайланды. Қалың қолды қолдауға келген Төле,Қазыбек,Әйтеке билер жалынды сөздермен жауынгерлерді ерлікке шақырады. 1730 жылы тамыз айының аяғында Іле өзенінің Аңырақай ағысының тұсында қазақ жасағы жауды женіп, үлкен жеңіске жетеді.

Бұл оқиға жонғар басқыншыларының “жеңілмес” даңқының күлін көкке ұшырады.

Бөгенбай батырдың соңғы үлкен жорығының бірі 1750 жылдары Аягөз бойында болған. Жоңғарлар Бөгенбай бастаған қазақ қолына төтеп бере алмай қатты соққыға ұшырап, жеңіледі. Осы арада Бөгенбай батыр жоңғарлардан аманат алып, олардың бастарын қазақ қолбасшыларына тартты.

Жалпы Қанжығалы Бөгенбай 60 жылдан астам жаугершілікте болады. Жоңғарларға қарсы шайқастарға 103 қатысады. Ол ұзақ жасап, 1775 жылы қайтыс болады. Сүйегі Түркістандағы Ахмет Иассауи күмбезіне жерленген.

Міне, бұл жырда батырдың бүкіл қазақ қауымына аса сыйлы қадірлі екенін аңарамыз.

2) Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей, мәнерлеп оқу.

3)Топпен жұмыс.

1.топқа. Өлең шығару.

______________ батырды

______________ тағдырды

______________қалдырған

______________балдырған

2.топқа

Абылай хан мен Қанжығалы Бөгенбайды салыстыра отырып мінездеме жазу.


қайратты

батыл


қолбасшы

ақылды


айлалы

Қолбасшы

Ержүрек


Батыр

Намысшыл





Әділеттілік

Азаттық

теңдік

III- топқа.

Төмендегі мақалдардың жалғасын тауып жазу.

1.Жақсы дос ашып айтар-

2.Досы көпті жау алмайды-

3.Досы жоқ адам-

5.Талабы жоқ жас-

6.Көппен көрген-

7.Ынтымақ болмай-

3)Топпен жұмыс.Сауалнамалық тапсырмалар.

1-топқа.

1.Берілген мәтін шығарманың қай түріне жататынын айт.Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар, ақылдың түбі құт болар.

-мақал.

-шешен сөз.



2.Бұл мәтін кімдікі екенін тап

-Қазыбек би

-Әйтеке би

-Төле би


3. «Ердің ісі-келіс, ездің ісі- керіс» деген жолдар шығарманың қай түріне жататынын айт.

-мақал


-мәтел

2-топқа 1.Сағыныш сазы әңгімесі кім туралы айтылған.

-Сырым батыр

-Әбу Насыр-Әл Фараби

-Төле би

2.Халықтың түрмыс- тіршілігіне әдет-ғұрпына байланысты емес айтысты ата:

-Сүйінбай мен Тәтті қыз айтысы.

-Иесі мен сиырдың айтысы.

3.Досқа байланысты мақалды ата:

-Отан үшін күрес-ерге тиген үлес.

-Көп алғысы көгертер.

-Досы жоқ адам-тұзы жоқ тағам.

3-топқа

1.Көппен көрген ұлы той деген жолдар шығарманың қай түріне жатады.



-мақал

-мәтел


2.Төмендегі ертегілердің қайсысы шыншыл ертегіге жатқызуга болатынын айт.

-Түс көрген патша

-Екі дос

3.Отанға байланысты айтылған мақалды ата.

-Отан үшін күрес-ерге тиген үлес.

-Көп алғысы көгертер.

-Талабы жоқ жас-қанаты жоқ құс.

3. . «Ұйқасын тап» ойыны

1)Өзінше ноян

Қорқақ кім? (қоян)

2) Тұмсығымен шымшып

Құрт тереді (шымшық)

3)Бата алмас түлкі

Үсті тікен (кірпі)

4)Өңеші кең таңдайын

Дәнге тосты (комбайн)

4.Анаграмманы шешу.

1.Батырдың үстіне киетін киім

2.Кеудесін қорғауыш

3.Алыстан түйрейтін қару

4.Өткір үлкен пышақ түрі.

V.Үйге тапсырма.

Осы тақырыпқа жоспар құрып, сол бойынша мазмұнын айту.

1.Бөгенбай қай жылы дүниеге келді?

2.Бөгенбайдың әкесінің ат кім?

3.Бөгенбай қай жылы дүние салды?

4.Оның денесін қай жерге қойды?

VI.Сабақты қорытындылау.

«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» деген Абай атамыздың сөзімен сабағымызды қорытындылаймын.Елімізді, жерімізді көркейтетін, гүлдендіретін сендерсіңдер.Сол үшін біз қандай болуымыз керек?

-Білімді, ақылды, күшті, мықты, батыл,ержүрек,намысшыл,әділ т.б



Оқушыларды бағалау.

Атырау қаласы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет