Сабақтың тақырыбы : Ауыл байлығы



бет2/2
Дата09.06.2018
өлшемі6,08 Mb.
#42166
түріСабақ
1   2

І топ Бақташы

Төрт түлік туралы білетіндерін ортаға салу.




ІІ топ Бағбан

Бау-бақша өнімдерінің адам ағзасына пайдасы.

Сөзжұмбақ

1.Қалың ағаш өсетін нулы жер. 2.Қазақтардың үй иесінің атауы.

3. “Ел” сөзінің баламасы. 4. Мемлекттік рәміздің бірі.

 

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой толғаныс

І топ “Жер де сенің бір анаң”

(шығарма жазу).



ІІ топ

Қазіргі жеке ұжымдардың шаруашылығының тиімділігін дәлелдеу.

ІІІ топ

Ауылым - алтын бесігім”



(өлең оқу, суреттер салу).

Үйге тапсырма : 148-150- беттерді оқу, мазмұны.


Оңтүстік Қазақстан облысы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы



Бастауыш сынып мұғалімі : Хансейтова Айзат Мамыралиевна

Сабақтың тақырыбы: Қамбар батыр. ( жырдан үзінді)

Мақсаты: Халық ауыз әдебиетіндегі Қамбар батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу; берілген тапсырманы тез, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу.

Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.

Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тұжырымдау, тиянақтау сезімін дамыту.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың? Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Осы «Ер Тарғын» жырынан өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Бүгінгі сабақтан қазақтың қас батыры аты аңызға айналған Қамбар батыр туралы білеміз. Кітаптағы суретке қарап не айтар едіңдер?


  1. Оқулықпен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.

  2. Кітаптағы суреттің осы оқыған жырмен байланысы бар ма? Қандай?

  3. Сөздік жұмыс: мына сөздерді қалай түсінесің?

Мазар – зират, мола.

Пешене – бақ, маңдай, тағдыр.

Шері – жолбарыс

Даусы жерді көшірді – даусы айналаны жаңғыртты.

Ү.Жаңа сабақты пысықтау: 1. Сұрақ – жауап:

Қамбар батыр нені айтып уайымдады? Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады? Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?



  1. Үзіндіден жолбарыстың тұлпарға шабуыл жасаған кезіндегі кейпін суреттеген жолдардан теңеулерді тап.

Түгінің бәрін жатқызып, Құлағын жымып жапырды.

Көріктей ашып ауызын, Ырылдап жаман ақырды.

Даусы жерді көшіріп, Нар маядай бақырды.



Бүркіттей жазып тырнағын, Тұлпарға барып асылды.

  1. Қара қасқа аттың сыртқы түр – тұлғасы сипатталатын тұсын жырдан тауып оқы. Бұл жерде қандай көркем сөздер қолданылған?

(Мойның алтын табақтай,

Қамыстай екі құлағың. Төрт аяғың қазықтай,

Төңкерген кесе – тұяғың. Сұлулығың сүмбідей,

Жылқыға бітпес жануар, Сымбатың мен сияғың.)



ҮІ. Қорыту: 1. Жырдағы көркем сөздерді, әсірелеп айтылған сөздерді тауып, сызбаны толтыр.

Қара қасқа ат

әсірелеу

мойны

алтын табақтай

құлағы

қамыстай

Төрт аяғы

қазықтай

тұяғы

төңкерген кеседей

сұлулығы

сүмбідей




2.

ҮІІ.Үйге тапсырма: 6 – 8 бет, оқу, түсінігін айту, суретін салу.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет